Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба


Персоналды дамыту жоспары дегеніміз



бет17/75
Дата21.06.2023
өлшемі318.94 Kb.
#475276
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75
Кадрлық менеджмент пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

Персоналды дамыту жоспары дегеніміз – белгілі кезеңдегі мақсаттарға қол жеткізу мен жоспарларды іске асырудағы ұйымның сандық және сапалық жағынан негізін сипаттайтын адам ресурстарымен қамтамасыз етуші құжат. Көбіне жоспар бір жылға, кей жағдайда жақын уақыттағы 3–5 жылға жасалады.
Персоналды дамыту жоспары не үшін қажет

  1. Ұйымның бір және одан да ұзақ мерзімге жоспарлаған мақсаттарын қолжеткізуін қамтамсыз етуге қажетті персоналмен жұмыс жөніндегі барлық іс-әрекетті жоспарлау үшін. Егер мұндай жоспар нақтылып, қағазға түспесе, онда кейбір қажетті іс-әрекеттердің орындалмай қалуы, соның салдарынан алға қойылған мақсаттың жүзеге аспауы мүмкін.

  2. Сізге өз уақытыңызды жоспарлау үшін. «Бәрі – өз уақытында» деген сөзді жадыңыздан шығарыңыз және оның орнын «бәрі – менің уақытымда» деп ауыстырыңыз. Қандай да бір іс жүзеге асуы үшін сіздің және сіздің қарамағыңыздағылардың уақыттары үшін шығын шығуы тиіс. Егер ол шығындар сіздің жұмыс кестеңіз басталмастан бұрын дайын болмаса жоспарлап қойған ісіңізге қосымша бір ісі істеуге ешқандай мүмкіндігіңіз болмайды. Сондықтан ол жұмысты басқаға кедергі келтіру нәтижесінде ғана жұмыс атқаруға тура келеді.

  3. Барлық шығындарды жоспарлау және оларды қаржыландыруға қажетті ресурстардың бар екендігіне сенімді болу үшін.

  4. Ол сізге басшылармен және әріптестермен келіссөздер жүргізуде шешім қабылдауда құрал ретінде керек. Сондай-ақ проблемалар мен басымдықтарды бірегей түсінікке көз жеткізуге және іс-әрекеттің келісіп жасалуына уағдаласуға мүмкіндік береді.

  5. Ол сіздің басшыңызға алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған ресурстардың өз қажетіне және ұтымды жұмсалып жатқанына көз жеткізуге.

  6. Ол қаржы бөліміне ақша ағындарын, шығындарды жоспарлауға және компанияны қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге.

Жоспарды кім жасайды
Персоналды дамыту жоспары оның тікелей орындаушысының келісімінсіз шынайы болуы мүмкін емес. Соған орай, жоспарды жасауға қатысу міндетті. Бір жағынан персоналды басқару бөлімінің алдына қандай да бір міндет қойылатын болса, оны іске асыруға жұмсалатын шамамен есептелген қаржы экономикалық мақсаттылыққа байланысты белгіленеді. Менің көзқарасымда (мұны да тәжірибе делелдегендей) екі нұсқамен – «жоспар мен бюджет жоғарыдан» және «жоспар мен бюджет төменнен» қатар жұмыс жүргізілгенде, ал жоспар осы тараптар арасындағы белгіленген кездесулер процесінде бекітілсе, ол өте қолайлы. Оның үстіне «Персоналды дамыту жоспары» атты құжат тек қана нәтиже емес, оны жасау мен келісу процесі болып та есептеледі. Персоналды дамыту жоспарын жасау барысында бизнеске маңызды талдау жасалады, проблемалар мен мүмкіндіктер зерттеледі, сол себепті персоналды жоспарлау бизнесті дамытудың өзгеше құралына айналады. Оны келісу мен бекіту кезінде түрлі тіл табысулар, пікірлер, көзқарастар, ұстанымдар, мүдделер талқыланады, сондықтан да жоспар тиімді коммуникацияның және команда құрудың ең жақсы құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет