Оқу ? жұмысын ұйымдастыру формасын сипатта. Сынып-сабақтық жүйеге сипаттама беріңіз, оның нашар және жақсы жақтары неде



бет2/8
Дата26.07.2023
өлшемі81.42 Kb.
#475823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
2 тапсырма

Мұғалімнің жұмыс жоспарлары
Оқу үрдісінің нәтижесі, сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі-бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.
Оқу үрдісін жоспарлаудың негізгі құжаттары мектепке арналған жылдық оқу жоспары-онда жеке сыныптар бойынша пәннің апталық сағат саны және химия пәнінің бағдарламасы көрсетіледі. Мектеп химиясының бағдарламасында әрбір сыныптарда оқылатын білім негіздері тарауларға біріктіріліп, сағаттармен шектелген.
Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша жасалатын күнтізбелік жоспарлы мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық және тоқсандық етіп құруға болады. Бұлай жасаудың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Күнтізбелік жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды. Жоспарда тараулар тақырыптарға бөлінеді, ондағы зертханалық-сарамандық жұмыстарға, тәжірибе есептеріне, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды қайталауға сағаттар бөлінеді.
Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтілетін тараулардың мақсаттары мен міндеттерін, өтілу мерзімдерін жете бақылауүшін, мұғалім күнтізбелік жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай алады. Күнтізбелік жоспар мұғалімнің қолындағы бағыт сілтеуші тұсбағдар іспеттес, мұғалім өзінің ыңғайына қарай осы нұсқалардың бәрін де жасауына болады. Пән бағдарламасына сәйкес, мұғалім әрбір сыныптағы химияға бөлінген тараулардың сағаттарының қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғанын алдын ала біліп отыратын топтамалық, графиктік жоспарлау өте тиімді.
Күнделік сабақ жоспары
Сабақтың күнделікті жоспарын мұғалімнің іс-әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл-ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады. Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселеге назар аударылады:

  • өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары;

  • жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар;

  • Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау; Сыныпқа берілетін тапсырманы мұғалім үйден дайындап келеді де жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар сабақ өту барысында белгілі болады.

  • Күнделік сабақ жоспары әр түрлі үлгіде жазылады, барлық сабаққа ортақ үлгі әзірге жоқ. Өйткені сабақ кезеңдері сабақ типтеріне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, жас педогогтер мен үйренуші студенттерге аралас типті сабақтың үлгісін пайдалну әлдеқайда қолайлы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет