- оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі меңгереді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады
- білімнің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.
- Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «жинақтайды».
Жоба орындау тәсілі - оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеу, шығармашылық немесе тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдық әрекеті
- Оқу жобасының мақсаты, белгіленген әдіс-тәсілдері мен орындалатын жұмыстардың реті, қорытынды тұжырымы және белгіленген тәртіпке сай рәсімделген нәтижелері болады.
Зерттеу тәсілі - оқушылардың зерттеу элементтері бар жұмыстарды өз бетінше орындау біліктерін қалыптастыруды, ізденіс түрінде эксперимент жүргізуді, ғылыми болжамдар ұсынып, олардың дұрыстығын тексеру әдістерін негіздеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді
Ақпараттарды жинайтын, талдайтын және жинақтайтын, белсенді түрде бақылайтын оқушылар бір қорытындыға келеді, проблемаларды шешу және ойлаудың маңызды дағдыларын дамытады.
Ғылыми тұрғыдан ойлаудың сипаттары: - Ғылыми болжамдар жасау; - Зерттеу әдістемесін белгілеу;
- Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Алынған нәтижелерді талдау; - Қорытындыларды тұжырымдау. Оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудың жолдары: - Ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; - Оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру; - Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, биологиялық құбылыстарды түсіндіру
сияқты оқушылардың жалпы логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |