Оқу-әдістемелік кеңес туралы ереже І. Жалпы ережелер


Облыстық оқу-әдістемелік кеңеске әдістемелік материалдарды



бет7/15
Дата14.05.2024
өлшемі70.56 Kb.
#501023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
ПОЛОЖЕНИЕ-УМС

Облыстық оқу-әдістемелік кеңеске әдістемелік материалдарды
ұсыну жадынамасы

Оқу-әдістемелік кеңеске (бұдан әрі-Кеңес) әдістемелік материалдар баспа түрінде және электронды нұсқаларда қабылданады.


Ұсынылған материалдардың мазмұны "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес болуы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесуі тиіс.
Ұсынылатын әдістемелік материалдар:
1. білім бөлімдерінен инновациялық материалдарға сараптама жүргізу туралы өтініммен:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- мәліметтер: білімі, педагогикалық өтілі, біліктілік санаты, жұмыс орны, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы
- әдістемелік материалдың атауы;
- тіл;
- қысқаша сипаттама (бұл жоба немесе қолданыстағы үлгі, ішкі және сыртқы аудит жүзеге асырылуы, апробация мерзімі, нәтижелер, енгізуге қатысушылар).
2.аудандық (қалалық )оқу-әдістемелік кеңестің қорытындысымен (қорытындыда хаттаманың № және отырыстың өтетін күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс);
3.білім беру ұйымы директоры орынбасарының немесе әдіскердің пікірі:
Материалдар оқу-әдістемелік кеңестің отырысына дейін 10 күннен кешіктірмей білім бөлімдерінен өтінім бойынша қағаз және электрондық нұсқада (бір данадан) қабылданады. Барлық парақтар нөмірленуі тиіс.
Ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдар тіркелмейді және қайтарылуы тиіс.
Кеңесте мақұлдау алған ілеспе құжаттар мен материалдардың электрондық нұсқасы авторға қайтарылмайды.
Кеңесте әдістемелік материалдарды ұсыну көрсеткіштері
1. Тақырыптың өзектілігі.
2. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі. Білім беру жүйесінде аналогтардың болуы немесе болмауы
3. Жұмыстың ғылымилығы-оның жаңа білім беру парадигмасының философиясына, әдіснамасына, психологиясына және педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сәйкестігі.
4. Жұмыстың практикалық маңыздылығы.
5. Апробация нәтижелерінің негізділік және нақтылық дәрежесі.
Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін (мақалалар, баяндамалар, шығармашылық есептер, оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен ашық сабақтар, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, диаграммалар, кестелер, талдау және т. б.) ұсыну формалары мен тәсілдері.
6. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі.
Әдістемелік материалдарды кеңесте қарау қорытындысы бойынша авторға / құрастырушыға облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.

Қосымша 7




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет