ОқУ-Әдістемелік кешен


Қосымша әдебиеттер: 4,5,6



бет7/18
Дата19.05.2022
өлшемі102.14 Kb.
#457496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Жазуға-үйрету-технологиясы

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6


5 дәрістің тақырыбы: Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі технологиясы


Жоспар


  1. Жазу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері

  2. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі технологиясының мазмұны




    1. Жазу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері: әріп элементтерін үйрену кезеңі; әріптік кезең; жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және
«Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.
Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен,тақтаға дөңгелекшемен,сызықшамен т.б.с. с). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі. Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін;

  1. балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда керсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.

Баланың алғашқы жазуы- пиктографиялық жазудан (заттың суретін салу арқылы жазу) одан кейінгі екінші символикалық жазуы
– идеограммалық жазуға (сөздің ,ойдың суретін салу арқылы жазу)көшіру прцесі жазу механизіне үйретеді. Баланы нағыз жазуға үйрету жазу дағдысын қалыптастырумен келмейді,заттардың суретін салудан сөз суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді.
Жазба тіл дағдысына үйретудің жолын жоғарыда атап өтілгендей, тіл сабағын (Әліппе) бейнелеу өнері сабағымен интеграциялау деп таптық..
Мұндай интеграция тек тілді дамытып қана қоймайды. Табиғи тілдің басқа өнер тілімен ортақтығын ашып, тіл бейнелілігін арттырады. Мысалы, Әліппе сабағында Ы.Алтынсаринның әңгімелері талданған соң жазу сабағында әңгіменің негізгі идеясын білдіретін үзіндісі жазылып,одан кейінгі бейнелеу сабағында оқушылар өздері әңгіме мазмұнына сурет салады. Соңында осы әңгімеге бөлінген екі- үш сабақтарда әңгіме сахналанады да,соңғы жұмыс мазмұндама аяқталады. Барлық жұмыс бір мәтінді баланың саналы меңгеруіне бағытталады.
Жаңа әріпті және сол әріпті қатыстырып сөз, сөйлем жазуға үйренеді. Барлық әріп таңбасын дұрыс әрі көркем жазудың үлгісі көрсетіледі.
Әріппен жазуды үйрету мынадай тәртіппен орындалады:

    1. Дыбыстың баспа және жазба әріптері көрсетіледі ,ол әріптер салыстырылады.

    2. Әріптің жазылу үлгісімен таныстырылады.

    3. Әріп тақтаға жазылып көрсетіледі және оны әріп элементтері арқылы қалай жазу керектігі түсіндіріледі.

    4. Әріпті сөз ішінде басқа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.

    5. Көркем және таза жазу талабы қойылады.

    6. Әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап,кемістігін түзетуге көмектесіп отырады.

Бірінші әріпті жазғаннан бастап жазу көркем болуға тиіс. Жазудың көркемдігі,эстетикалық әсері,ұқыптылығы мен тазалығы – жазу мәдениетінің өзекті бөлігі.
Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес, көркем жазу талабы ғана койылады. Сондықтан қатесіз жазу қандай керек болса, көркем жазу да сондай қажет.
1-сыныпта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталады да, оқу жылына дейін үзбей жүргізіледі. Әдетте мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды бастаудан бұрын сныппен біршеме даярлық жұмысын жүргізу керек. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.
Ережелерді меңгергннен кейін, оқушылар кіші әріптер мен үлкен әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде бір- бірімен дұрыс байланыстырып қоса білуді үйретеді. Сауат ашу кезеңі біткен біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыу мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуге тиіс. Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді біртіндеп көшкен дұрыс. Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқыны біртіндеп жылдамдатуға көңіл бөлінеді. Кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.
2- сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіре түседі. Оқушының 1- сыныпта үйренген икемділі 2- сыныпта дамытылады.
2- сыныпта жүргізілген көркем жазудың негізгі мақсатқа жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ритмикалық жазуға көшу.
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерге жазылады. 1- сыныпқа әріптердің жазылу үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді.
Көркем жазу жұмысының көлемі: 1-сыныпта - 2 жол, 2- сыныпта

  • 3 жол, 3-4 - сыныпта - 4 жол болады. Көркем жазуға оқушыларға жеке баға қойылмайды. Бұл жеке оқушының жазуын елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда, оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын баға ішіне көрек жазу бағасы да есептеледі.

Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойлатын біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады.
Оқу жылының екінші жартысынан бастап1- сыныпқа көркем жазудан арнайы сабақтар жүргізу керек. Мақсат- әріптерді, сөздерді дұрыс, таза, түсінікті, жылдам, біркелкі жазуға үйрету. Мысалы: Мен өзім «Бас әріппен жазылатын сөздер» атты мақсатты сабақ өтіп, оқушыларға бас әріппен жазылатын сөздер туралы ұғым беріп және кісі аттарының бас әріппен жазылатыны туралы түсінік беремін. Оқушыларға таза, сауатты жазуға және каллиграфиялық дұрыс жазуға үйретемін.
Сондай-ақ, мұғалім әрітердің белгілі биіктік пен ендікке біркелкі көлбеу жазылуын бақылай алады. Әріптерді жазу алдыңғы жазу қарқынын жылдамдатуға, сөздегі әріптерді бөлмей жазуға арналған жаттығулар біртіндеп күрделенеді.
Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп, ондағы сұрақ- тапсырмаларды еркін оқып түсіну қандай қажет
болса,оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындауға соншалықты қажет екенін естен шығармау керек.
Сондай-ақ, жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу, әрбір оқушының жазуындағы кемшіліктерді түзеуге көңіл бөлінеді.Соған байланысты графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі. 1- сыныптағыларға әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі.
1-4-сыныпта оқушылардың жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі. Әріптерді кішілеп етп, тез жазуға арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі. Көркем жазу үлгісі қазақ тілі сабақтарының материалдарына тікелей байланысты болуы керек.
Әр сыныпта қазақ тілі сабағының 6-8 минуты көркем жазуға беріледі. Қажетті жағдайда жеке сабақ ретінде де өткізуге болады.
«Атамұра» баспасы шығарған әліппеге сәйкес жазу үлгілері шықты. «Жазу дәптері» үщ бөліктен тұрады. Жазу жұмыстары бір сабақтың ішінде оқу материалдарымен үйлестіріле жүргізіледі. Дәптерге берілген үлгілер мен тапсырмалар оқулық мазмұнымен сәйкес, жазу дағдысын қалыптастыратындай, оқушының жас және психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып жасалады.
Көркем жазуға үйрету жүйесі оқушылардың жас ерекшелігіне, даярлығына сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай әр түрлі әдісті қамтиды. Қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті- оқушыны әдемі жазуға баулу,сауатты жазуға үйрету
2. Жазуға үйретудің міндеттері: оқушылардың қолының икемділігімен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіріп, оларды жазуға даярлау, графикалық дағдыларды қалыптастыру /әріптерді дұрыс жазу; сөзді, сөйлемді, тексті біркелкі анық жазу/. Жазуға үйрену нәтижесінде оқушылар дыбысы әріппен таңбалай білуге (фонетикалық-графикалық жазуға/, әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс, анық, таза жазуға , оларды кітаптан, тақтадан дұрыс көшіріп не есту бойынша жазуға , жазғанын тексеріп, қатесін түзете алатын болуға тиіс.
Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 1-ші сыныптың соңында барлық әріптерді өтіп болғаннан кейін және 2-ші сыныпта аптпсына 1 сағ, 3-4-ші сыныптарда әрбір грамматикалық сабақтарында 8-10 мин шамасында уақыт бөлінеді.
1-2-ші сыныптарда мынадай графикалық жаттығулар жүргізіледі: оқушылардың қол мен көз мөлшерінің өлшемін
жетілдіріп, жазуға даярлау, әріптерді графикалық ауыр-жеңілдігіне қарай белгілі ретпен бөлінген топтар бойынша жазуға үйрету: сызулы қиын жеке әріптерді жазу.
Бұл сыныптарда оқушылар тек әріптерді ғана жазып қоймайды, сонымен қатар сөздерді, сөйлемдерді, текстерді жазады, оларды көшіріп жазуға, есту бойынша жазуға төселеді.
3-4-ші сыныптар үшін жазылуы қиын әріптерді және әріптердің сөз ішінде өзара қосылу тәсілдерін үйретуге арналған графикалық жаттығулар орындалады. Сондай-ақ бұл сыныптарда баспа әріптерімен жазылған текстерді көшіріп жазуға, есту бойынша жазуға төселдіріледі. Мұндай графикалық жаттығуларды жүргізу барысында көлбеу жазу, сызықтарды параллель жүргізу, әріптердің көлемін, биіктігі мен енін біркелкі жазу, әріптерді жолдан шығармай жазу, әріпті бұзбай жазу, жазу тазалығы сияқты дағдыларды қалыптастыруға жете көңіл бөлінеді.
Әрбір оқушының жазу ерекшелігі есепке алынады. Осыған орай, мұғалім, 1-2-ші сыныптарда барлық оқушының дәпиеріне, 3-4-ші сыныптарда 2-3 рет қате жіберетін оқушылардың дәптеріне әріптердің үлгісін жазып көрсетеді.
Көркем жазуға арналған графикалық жаттығулардың жазуы әрі таза, әрі көркем, оқуға көңіл, анық болу керек, мұның өзі оқушыларды эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге көмектеседі.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, бақылау диктанты, сөздік диктант, көру диктанты, ескерту диктанты, түсіндірмелі диктант, шығармашылық диктант, т.б. мазмұндама және шығарма.
Көшіріп жазу жұмыстарын тексергенде де диктанттағыдай оқушылардың жазуына каллиграфиялық талап және бір қате болып диктантты бағалағандағы талаптар қалады да, жіберілген әрбір емлелік, тыныс белгілік қателер көшіріп жазу жұмысын бағалағанда қатеге есептеледі.
Көшіріп жазу үшін ұсынылған тексте шамамен үш тапсырма берілуі мүмкін. Мұндағы талдау грамматикалық ережелерге сәйкес болады.
«5» деген баға мынадай жағдайда қойылады:
- Егер оқушы , тапсырамның барлығын дұрыс орындап, грамматикалық ережелерді меңгеріп, іске, асыра алса.
«4» деген баға мынадай жағдайда қойылады:

    • Егер оқушы ережелерді саналы меңгеріп, оны практикалық жұмыста дұрыс қолданып, берілген тапсырманың 3\4 -ін орындаса:

«3» деген баға мынадай жағдайда қойылады:

    • Егер өтілген материалдық кейбір бөлімдерін меңгеріп, тапсырманың жартысынан кемін орындаса:

«2» деген баға мынадай жағдайда қойылады:

    • Егер оқушы материалын жаман білетіндігін байқатса, грамматикалық тапсырмаларды орындамаса:

«1» деген баға мынадай жағдайда қойылады:

    • Егер оқушы ешбір тапсырманы орындай алмаса.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты-балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу-аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймады, сонымен бірге каллигрофиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауати ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анйқ жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Әдемі жазу- өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезімбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі- әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екіншісі- әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқиат болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс- тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген
жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемдігі мен көз мөлщшерлеу қабілетін жетілдіру графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды оның сөйлеуі мен ойлауын жетілдіреді. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әртүрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім альбомға салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді.
Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап,



«оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», «дөңгелек» т.б ұғымдарды меңгереді.
Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз-көп қырлы талдау процессін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымен оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнініен бастап балаларды үзбей дағдыландыруға қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементке жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс» деп бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын
түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданылып жүрген әртүрлі жаттығулар, айталық, әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу т.б тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады. Айталық, Нижне – Новгород қаласының мұғалім - әдіскері В.Ф.Одегова әрбір сабақ алдында саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады.
«Несімен ажыратылады?» жаттығуы


Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал, келесі жаттығу көз бен қолдың бір координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады: көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз жоғарыда, яғни екінші нүтеде, қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде, қол да төменде.




2 2

1
Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.



Щербинка қаласының мұғалім - әдіскер В.А. Илюхина төмендегідегідей жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады деп ұсынады:


«Орнын белгіле» жаттығу.Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді.
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.
«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жазылады. Мұғалім жасырылған сөздердің әрбір әрпін элеметтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы : бүтін
құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әріпі екенін табады.
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жақсы мен психофизиялогиялық ерекшелінін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу-мұғалімнің төл ісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет