ОҚУ Әдістемелік материалы семей


-тапсырма . Батыр Шақшақұлы Жәнібек туралы берілген қысқаша мәтінмен танысып, сөйлемдердегі тиісті сөздерден



бет6/27
Дата15.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#137047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

86-тапсырма . Батыр Шақшақұлы Жәнібек туралы берілген қысқаша мәтінмен танысып, сөйлемдердегі тиісті сөздерден тәуелдік жалғаулы сөздер жасаңыздар.


Шақшақұлы Жәнібек (?-1751)жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқын елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Одан басқа ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молла кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан.

Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.



3-апта. 7-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістіктің рай (ашық, шартты райлар) категориясы.

87-тапсырма. Төле би туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, оның тапқырлығы мен шешендігін меңгеріп, мазмұндап тәлім-тәрбиелік мәні жоғары нақыл сөздерін өз өмірлеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.
Қазақ халқының көсемдері

* * * * *

Төле би (1663-1756)

Шешен кісі – сөз бастар,

Адал кісі – ел бастар.

(Ж. Жабаев)

Қазақта Қабанбайдан асқан батыр, Төле биден асқан би жоқ.

Үш жүзге үлгі айтқан Төле би қандай да болса даулы мәселені

қорытындылаған соң, одан кейін ешкім сөз өрбітпеген.

(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

«Едіге би» дастанынан)

Төле би Әлібекұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастайынан араб, парсы тілдерін жақсы білген. Тарихи кітаптарды, аңыз қисса, дастандарды көп оқиды. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр, тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, шешім айтып отырған.

Қазақ хандығын бір орталыққа біріктіруде Тәуке ханды қолдаған. Тәуке ханның басшылығымен Қазыбек, Әйтеке және басқа да белгілі билермен бірге қазақ хандығын құруға қатысқан. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі. Ол қазақтың белгілі хандарымен, билерімен, батырларымен бірге жоңғар, қалмақ басқыншыларына қарсы халық-азаттық майданын ұйымдастырып, басшылық етті.

Әлібекұлы Төле би қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан.

Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетін бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі.

Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, сөйтіп бір Қазақ хандығын құру мақсатының орындалуына атсалысады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.

1723 жылы қазақ еліне қалмақтар басып кіре бастады, қазақ тарихындағы қасіретті «Ақтабан шұбырынды» атанған тарихи кезең басталды. Бұл барлық қазақтың басына түскен ауыртпалық еді. Ақтабан болды, яғни табандары көлдіреп, іріңдеді, шұбырынды болды, жылады, көз жастары көл болды, халық босып кетті.

ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

Тап осы кезде Төле би ауып кеткен елді қайтаруға Өтеген батырды жіберді, байдың малын ортаға салып, қалған бала-шағаларды асырайды. Туыс халықтарды бейбіт қатынасқа, келісімсіз жайларға жол бермеуге, кешірімділікке шақырады. Бұл секілді елім, жерім деп еңіреген Төленің қамқорлығын ел мәңгі есінде сақтап, таусылмайтын жыр етіп жырлайды:


Елің кетті шұбырып, Бұл сапардан сескенем,

Ақ қар, көк мұз суықта Аш-арыққа қараған,

Ақтабан болған асыл жол, Бізге пайда өзгеден,-

- деп Төлеге халық айтса:



деп, Төле есі ауған елдің еңсесін көтеріп, «Бас-аяғымызды құрайық, ел есін жисын. Қазіргі ауыр жағдайда арықтаған, ашыққан, тарыққан елді аман сақтап қалу бізге көп пайда береді. Малдың бәрін ортаға салып, жан сақтаудың қамын істеңдер», - деп елді қоғамдастырып, күш-қуат, рух беріп, көңілдерін көтерді, қайта ел қылды.

Төленің осындай ерлігін, ел үшін істеген және қоғамшыл болғанын халық жыр етіп ақтарды:

Кейін қалған Үйсінді, Қара тау мен Ұлы тау,

Төле би құрып жинапты, Саласына орнапты.

Білуші еді сабазың, Қазақтың қолы күшейіп,

Өзіне келер ұятты, Қалмақты қайта айдапты.

Қазыбек, Әйтекемен бірігіп, Жауды қуып қаладан,

Үш жүздің басын құрыпты. Ташкентті қазақ қайта апты, -

дейді.

Төле би «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін жоңғар феодалдарының езгісінен азат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға күш салады. Жоңғар билеушілерінің іштей әлсіреуіне ықпал



жасайды. Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сыртқы саясатының ірі нәтижесі еді.

Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасында кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле би өлді дегенше, дүниеден әділдік өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да дәлел болады. Бұл үш арыс, үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында жүріп, бір-бірінің қадір-қасиетін жете таныған алыптар.

Төле бидің денесі Ташкент қаласындағы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда оған үлкен ескерткіш орнатылған.
Сөздік:

қисса – поэма; поэтическое сказание

дастан – поэма; эпос

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый: способный; хваткий

тапқыр – предприимчивый; догадливый

ұлыс – племя; народность; день великого праздника; этнос

кесім – приговор; сделка
88-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Төле би қай ғасырда өмір сүрген?

– Төле би Әлібекұлы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген, 1663 жылы дүниеге

келген.
89-тапсырма. Мәтіннен ашық рай формасында тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.



Ү л г і:

Төле жастайынан-ақ халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, туған жерінің, елінің бірлігі мен ынтымағын көксеп, сол үшін өле-өлгенше қызмет ет + ті (жедел өткен шақ, ашық рай).

Төленің Отанға, туған жерге, халқына деген қалтқысыз сүйіспеншілігі талай ұрпаққа патриоттық рух беріп, ізгі жолға баулып кел + е + ді (ауыспалы осы шақ, ашық рай).

Әрқайсысының басында өз күйі мен тағының (тақ) қамын ойлаған хандар тұр (нақ осы шақ, жай түрі, ашық рай).

1680 жылдан бастап Тәуке қазаққа хан бол + мақ (мақсатты келер шақ, ашық рай).

90-тапсырма. Мәтіннен он шақты етістікті теріп жазып, олардан шартты рай жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Күшейту; күшейт + се. Шығыстан жоңғарлықтар шабуылды күшейт + се, онда қазақ халқының сыртқы жағдайы шиеленісе түседі.

Етістіктің рай категориясы

(Категория наклонения глагола)
Наклонение – это грамматическая категория в системе глагола, обозначающая отношение действия к реальности, представление о возможности, желательности, истинности. Глагол казахского языка имеет 4 наклонения. Это:

1. ашық рай (изъявительное наклонение);

2. бұйрық рай (повелительное наклонение);

3. шартты рай (условное наклонение);

4. қалау рай (желательное наклонение).

Ашық рай обозначает действие в настоящем, прошедшем и будущем времени. Нап.: Айдын кітап оқып отыр (осы шақ). Жансая үй жинады (өткен шақ). Мен ертең киноға барамын (келер шақ).

Шартты рай выражает возможность и желательность действия при тех или иных условиях. Условное наклонение образуется прибавлением суффиксов -са, -се к основе глагола. М.: Сіз шақыр-са-ңыз біз барамыз. Мен хат жаз-са-м, ол келеді. Ол кел-се, мен барамын.
91-тапсырма. Көп нүктенің орнына рай категориясының тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Егер қалмақтарға ірі-ірі соққылар бер... , онда оларды кейін қайтарар еді. Осы шайқасты қазақ халқы жең..., онда Тәуке хан Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайламақшы еді. Тәуке өзінің «Жеті жарлығын» (заңдарын) жаса... , онда оны жүзеге асыру үшін, көрші елдермен достық қарым-қатынас жасауға кірісер еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы болма... , әр жүздің ханы өз бетімен, өз билігімен басқарды. Байтақ Отанды алып жатқан қазақ бір жерде ғана қырылған бол... , ол арнайы сөз болмас еді (шындыққа жанаспайды).


92-тапсырма. Тәуке хан мен Төле бидің жеңістері туралы жазылған өлең жолдарының мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Тәуке мен Төле бірігіп, Қолын бастап қазақтың,

Қылышын өткір қайраған. Қалмақты кейін айдаған.

Осы жеңістен кейін қазақ халқы Төлені қатты бағалады, Тәуке хан Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайлады.

Туған жер, туған ел азаттығы үшін өткен арпалыстан мынадай жыр жолдары ел арасына кең тарап, бүгінгі ұрпаққа мұра болып кеткен:

Төле би жайшылықта билік еткен, Жорықта қол басқарып, іс атқарып,

Соғыста найза ұстап ерлік еткен. Үйретіп жас ерлерге тәрбие еткен.
93-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді тиісті формаға қойып жазыңыздар. Мәтінді мазмұндаңыздар.

Қаралы 1723 жылға дейін қазақ хандығы Ұлы жүз жерінде орналасып (келу). 1722 жылы жоңғарлықтар жоралғы топ құрып үлкен шабуылға дайындала (бастау). 1727 жылы жоңғарлықтар қазақпен қайта (соғысу). Бұл соғыстың салдарынан наймандар батысқа (көшу). Найманның Садыр деген руы қатты қырғынға (ұшырау). Төле жаудың алдын бөгеп, шегіне (соғысу). Бұл соғысқа басқа батырлармен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар (қатысу), олар жауға қатты соққы (беру). «Қаруға өзгеріс енгізу керек, жаудың жақсы қаруын да пайдалануымыз қажет, - деп Төле әскерді шынықтыру, жаудың әдіс-айласын білу жөнінде бірқатар шаралар белгіледі.


94-тапсырма. Сөйлемдерден рай категориясында тұрған сөздерді тауып, астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Отбасының берекесі, ердің ырысы жақсы болса, ол әйелге байланысты деп, Төле би олардың бақытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындықты танытып, әділдікке қол жеткізсе, ол Төле бидің әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана білгені. Төле би шабындыққа таласқан екі жігітті ертіп сыртқа шықса, бидің сөзін жерге тастамай, екеуі қол алысып, татуласып кетіпті. Халқының ынтымақ-бірлігін ойласа, қолынан келгеннің бәрін жасар еді.


95-тапсырма. Төле би атынан айтылған толғаудағы шартты райда тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырып, өлеңді мазмұндаңыздар.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Балаң жақсы болса,

Басшысы болмаса, ел жетім. Жан мен тәннің шырағы.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім ... Әйелің жақсы болса,

Атың жақсы болса, Бірінші – иманың,

Ер жігіттің пырағы. Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы ...
96-тапсырма. Төле бидің тәрбиелік мәні жоғары шешендік сөздерінен түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер. Шартты райда тұрған сөздерді табыңыздар.

Уа, көсіле шабар жерің бар, Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Ту көтерген ерің бар, Арылмайтын сорың бар...

Қол боларлық елің бар, Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Атадан қалған сара жолың бар, Еркек болып туды деп,

Мына сені кім айтар?


97-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен шартты рай формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тыңдау, сауатын ашу, шешен болу, көзге түсу, шақыру, кеңесші болу, көріну, тығыз байланысу, сақталу, суреттеу, білімді болу.


3-апта. 8-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістіктің бұйрық, қалау райлары.

98-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, Қазыбек бидің ақылдылық, тапқырлық, шешендік ерекшеліктерімен танысып, оның өсиет сөздерінің мән-мағынасын ашып, мазмұндаңыздар.
Қазақ халқының атақты шешені – Қаз дауысты

Қазыбек би (1667 – 1764)
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оның оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен биден жеткен шешендік сөздер өз заманында білімді, халықтың ауыз әдебиеті мен сат-дәстүрін, рәсімдерін , ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды. Кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына ықпал жасап отырады. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатып алуға атсалысады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге араласып, бейбітшілік деп достықты дәріптеп, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған би.

Қазыбек би елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұнғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке барып, басшы болып қайтқаны әлі күнге дейін ел аузында. Өткір тілділігі мен шешендігі үшін және өнерінің арқасында ол бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атқа ие болады.

Қаз дауысты Қазыбек – қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, өле-өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биі. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның Орта жүзінің тізгінін берік ұстаған беделді биі, асқан талант иесі. Қаптаған қалың жоңғарға қарсы ерлікпен күрес ашып, ержүрек қазақ ұлдарының, елінің мүддесін, ұлтының ар-намысын қорғап өткен басшы, ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер.

Қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі. Шындықты, әділдікті жақтаған абзал азамат. Халықтың басына қайғылы күн туып, берекесі кеткен ауыр заманда ел-жұртын сақтап қалу үшін, өмірін сарып еткен ардагер, асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін шашқан жарық жұлдызы.



Қазыбектің:

Алтын ұяң – отаның қымбат, Туып өскен елің қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат,

Мейірімді анаң қымбат, Ұят пен ар қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат, Өзің сүйген жар қымбат,-

деген сөздері қазақ жастарының есінде ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде сақталып келеді, сақтала бермек. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.


Сөздік:

би – властный; пляска; судья, танец

шешендік сөз – ораторское слово

шешендік – красноречие; ораторство

рәсім – церемония; обычай; обряд

ойлы – вдумчивый; рассудительный

көреген –зоркий; прозорливый; знахарь

батыл – бесстрашный; решительный; смелый

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

күрес – борьба

азаттық – независимость; освобождение; свобода

дәріптеу – возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить;

восхвалять

дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр

мүдде – желание; цель; интерес; запрос; намерение

99-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар. Сөздікті жаттаңыздар.

Ү л г і :

– Қазыбекті кім би етіп тағайындады?

– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп

тағайындады.


100-тапсырма. Мәтіннен он етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасына қойып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

Ү л г і : Меңгеру (тұйық етістік). Меңгер+гі+м келіп тұр (осы шақ); меңгер+гі+м келді (жедел өткен шақ); меңгер+гі+м келеді (келер шақ).
101-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райға айналдырыңыздар.

Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан (орында+ғы+сы келді). Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты (жаса+ғы+сы келді).

Әз Тәукенің бір орталықтан жүргізіп отырған басшылығына іріткі түсірді. Қазыбек –мемлекет істерімен қатар ру аралық сұлтандар арасындағы тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. 1743 жылы Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Қазыбек өз елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.


Қалау рай (Желательное наклонение)
Қалау рай выражает желание, намерение говорящего. Желательное наклонение образуется путем прибавления к корню или к основе глагола суффиксов -ғы, -гі, -қы, -кі, затем следует притяжательное окончание и вспомогательный глагол кел в ІІІ лице для трех времен (настоящего, прошедшего, будущего).

Мысалы:


Етістік

Қалау рай жасайтын жұрнақтар

Тәуелдік жалғауы

Көмекші етістік

Осы, өткен, келер шақта

жаз

-ғы, -гі, -қы, -кі



кел

-іп тұр (осы шақ)

-ді (өткен шақ)

-еді (келер шақ)

Менің жаз-ғы-м кел-іп тұр (осы шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-ді (өткен шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-еді (келер шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-іп тұр. Мне хочется пойти в кино (осы шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-ді. Мне хотелось пойти в кино (өткен шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-еді. Мне захочется пойти в кино (келер шақ).
102-тапсырма. Қалау райда тұрған етістіктердің шақ категориясын ажыратыңыздар.

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтергісі келді. Анасы айтқан тәрбиелік мәні жоғары сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол – ер жете келе өзі де солай сөйлегісі келеді. Мұқанның ауыл сыртына шығып, серуендегісі келіп тұр. Ахметтің сыбызғыда ойнағысы келеді. Жастардың бүгінгі кеште ән айтып, домбыра тартқысы келді. Ауыл жастарының тойдан кейін алтыбақан тепкілері келеді.


103-тапсырма. Қазыбек бидің қазақ халқы туралы қалмақ ханына айтқан шешендік сөздерінің мән-мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер. Сөйлемдерден бес етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасында өткен, осы, келер шақтарда жіктеңіздер.

1. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 2. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанды басындырмаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. 3. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 4. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. 5. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 6. Сен қалмақ болсаң, біз қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. 7. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. 8. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. 9. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұратын жеріңді айт!-депті.


104-тапсырма. Сөйлемдерден қалау райда тұрған етістіктерді тауып, астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Төле би кезінде оқыған, сауатты, халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім- тәрбие алғысы келеді. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілерді жіберіп, Ресейге қосылу ниетін білдіргісі келді. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасағысы келеді. 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын, Қазыбек биге келіп паналағысы келді.



105-тапсырма. Көп нүктенің орнына қалау райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Сол қиын күндерде Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билермен бірге отырып, елді, жерді қорғауға белсене аралас...сы келеді. Барлық шығыс халықтары наурыз мейрамын жақсы көңіл-күймен қарсы ал...лары келеді. Халықты бірлікте ұстау үшін, үш жүздің өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқар...сы келді. Ол елшілік қызметті мінсіз атқар...сы келген тұңғыш дипломат. Қазыбек оқ атпай-ақ ақылмен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бол...сы келді.


106-тапсырма. Төмендегі етістіктерге бұйрық райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар
Ү л г і : Сөйлеу – сөйле+йін; сөйле; сөйле+ңіз; сөйле+сін; сөйле+йік; сөйле+ңдер; сөйле+ңіздер; сөйле+сін.
Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру, пайдалану, барлау, күресу, бақылау, қорыту, бағалау.
Бұйрық рай (Повелительное наклонение)

Бұйрық рай выражает побуждение к действию – просьбу, приказ. Повелительное наклонение образуется путем прибавления к основе окончаний, І л., ед. число: -айын, -ейін, -йын, -йін; І л., мн. число: -айық, -ейік, -йық, -йік; во ІІ лице окончания не имеются; в ІІІ лице -сын, -сін.


107-тапсырма. Мәтіннен бес етістікті алып, бұйрық райдың формасында жекеше және көпше жүкте жіктеңіздер.

Ү л г і :

I Мен көмектес+ейін, арала+йын Біз көмектес+ейік, арала+йық

II Сен көмектес, арала Сендер көмектес+іңдер, арала+ңдар

Сіз көмектес+іңіз, арала+ңыз Сіздер көмектес+іңіздер, арала+ңыздар

III Ол көмектес+сін, арала+сын Олар көмектес+сін, арала+сын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет