ОқУ-Әдістемелік қҰрал


Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде  саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-



Pdf көрінісі
бет90/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде 
саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-


179 
жартылай индустрияланған, тоталитарлықдеп жіктейді. Саяси жүйенің 
ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен
біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси 
мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай 
индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси 
жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. 
Қоғамның саяси жүйесі - елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті 
жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген 
адамдардың жиынтығы. 
Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси 
бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, 
мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, 
діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ ӛскелен ұрпакты тәрбиелеу мен 
білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер. 
Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген 
идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты 
кӛздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады. 
Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) 
мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару 
органдарының мерзімді сайлануы және кӛпшілік дауыспен шешімдер 
қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 
3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес кӛзқарастар. 
Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау 
алады. Бірақ ӛзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси 
шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны 
«Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. 
Оның ойынша, саяси процеске тартылған ӛз бетінше саналы іс-әрекет 
жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар 
жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы 
принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. 
Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа 
жету жолдары іздестіріледі. Сӛйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, кӛзқарастарын 
жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл 
тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет