ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет66/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Шығармашылық тапсырма 
1. 
Қазақ мәдениетің асқақтатуға үлес қосқан кӛрнекті тұлғаларды
негізге алып, ашық сабақ ұйымдастырыңыздар. 
2. 
«Қазақтың 
ұлттық 
киімі 
және 
қазіргі 
сәндегі 
киім 
үлгілері».Салыстырмалы талдау. Презентация жасаңыздар 
2.9 Жастар және білім әлеуметтануы 
 
 
Сабақтың мақсаты: жастар және білім әлеуметтануының зерттеу пәнің 
анықтау,жастардың әлеуметтік топ ретіндегі қоғамдық рӛлі және 
мүдделерімен танысу,білім саласының ӛзекті мәселелерің қарастыру. 
 
Негізгі түсініктер: жастар, білім, ювентизация, әлеуметтендіру, 
бейімделу. 
Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік 
сана-сезімі мен мінез-құлқын, жастар әлеуметтенуі үрдісін, аға ұрпақпен 
қарым-қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешудегі ролі мен орнын 
зерттейтін ғылыми сала. Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 
тұнғыш рет 1970 ж. Варна қаласында ӛткен Халықаралық әлеуметтанушылық 
конгресте мойындалды. Бұл осы салада теориялық та, қолданбалы-
тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар кӛп жиналғанын кӛрсетті. Жастар 
әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп 
жатқан бағыты болып табылады. Бұған 1960 ж. кейін бірқатар елдерде орын 
алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер етті. Социологиялық ғылыми 
зерттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың 
еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, 
құндылықтық танымдарындағы ӛзгерістер, жастардың бейрәсми бірлестіктері, 
жастар әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері және т.б. кӛптеген 
мәселелерді қамтиды. 
Жастар ӛзекті мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке
Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты. 


146 
Жастар социологиясы кӛптеген арнайы социологиялық теориялармен 
тығыз қарым-қатынаста дамиды. Әскери социология, қала социологиясы
ӛнер, ұжымдық топталу, мәдениет, жеке адамды зерттеу, бұқаралық 
коммуникация, денсаулық сақтау, мораль, білім, қоғамдық ұйымдар, дін, 
саясат, еңбек, басқару және т.б. кӛптеген әлеуметтік мәселелер жастар 
социологиясының дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтану ғылымында жастар 
ӛзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық ӛзгерістерімен 
байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі. Қазақстандық 
жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатқан ғаламдастыру, урбанизация, 
ұлттардың қартаюы, дүниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет