Оқу жылының ІІ тоқсанында жүргізілген жұмыстарының есебі Жыл басында бекітілді. 1 қыркүйек күні Әнх бойынша міндеттелінген «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»



Дата31.08.2023
өлшемі0.84 Mb.
#476316
7 Д сыныбы 1 жж есеп


Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушыларының
2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсанында жүргізілген жұмыстарының
есебі
Жыл басында бекітілді. 1 қыркүйек күні ӘНХ бойынша міндеттелінген «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбынды ашық тәрбие сағаты жүргізілді. Жоспарға сәйкес 1-тоқсан бойынша 8 тәрбие сағаты жүргізілді. Олар «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!», «Қарттар – тарих қазына, ел қазығы», «Ақша және ата-ана еңбегі», «Дені сау ұлт – дені сау мемлекет», «Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны», «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар». Жаңа оқу жылы басында сынып сағаты өтіліп, сынып белсенділері сайланды. Сыныптың топ басшысы- Олжабаев Б , көмекшісі – Бижанов Диас, тазалық секторы- Байжанова Жібек, Шегебай Ардақ, және Сәмет Әмина , спорт секторы- Скандар Ерзат, еңбек шаруашылығына жауапты-Жаңабаев Нұрасыл, кітапханашы- Мұхамбетқали Еркеназ болып сайланды.
Қазан айында Олжабаев Б мен Мұхамбетқали Е Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында 20 күн оқып келді.Олжабаев Батыржан Кіші «Олимпия» спорттық ойындарына қатысып, І орынмен Грамотамен марапатталды. Осы оқу –сауықтыру кешенінде Мұхамбетқали Еркеназ 2022ж 12 ауысымы Жас ғалымдардың «Қазақстанның болашағына көзқарас» форсайт-сессиясы барысында өткізілген «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» атты ғылым- танымдық кешіне белсене араласқаны үшін Грамотамен марпатталды. Жас ғалымдардың « Математикалық сауаттылық» үйірмесінде белсене қатысқаны үшін арнайы сертификаты иеленді.
Оқу жылының ІІ тоқсанын -23 оқушы аяқтады. 13 ер бала, 10 қыз бала. Сыныптың жылдық тәрбие жоспарына сәйкес қараша , желтоқсан айларында жоспарлы түрде тәрбие сағаттары өтті.
«Сыйластығымыз жарасқан» ,«Жолда жүрудің жеті ережесі», «Қайсар рухты қазақ», «Мектеп өмірінің бір күні» жобасы, «Алдымен сүй, ардақта, ата-анаңды!», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» , «Кибер қауіпсіздік тұжырымдамасымен таныстыру» тақырыптарындағы тәрбие сағаттары мен «Қош келдің Жаңа жыл!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Қазан айында республикалық «Кенгуру- математика барлығы үшін» атты интеллектуалдық конкурсына 5 оқушы қатысып, нәтижесінде Қыдырбек Ж, Бекберген Н, Шегебай А, Шегебай А, Сәмет А 2 орын алды. Сынып оқушылары Нұрабай А әуез мектебінде домбыра класында оқиды. Маратқызы А жыраулар үйіндегі жыр- терме үйірмесіне қатысады. 8 оқушы мектеп жанынан ашылған футбол үйірмесінің мүшелері..
1-тоқсанның үлгерім көрсеткіші бойынша 24 оқушының 7-і «үздікке», қалған 11 оқушы «жақсыға», 6-ы «орташа» біліммен аяқтаса , 2- тоқсанды 23 оқушының 5/3 –і «үздікке», 12/6 –сі «жақсыға» 6/1-ы үлгерімі орташа көрсеткішпен аяқтады
25 қазан Республика күні мерекесіне орай сыныпта әнұран шырқалып, ашық тәрбие сағаты жүргізілді .
Сыныпта Маратқызы Аяулым аудандық, облыстық өнер байқауларына үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтар болсақ, Т.Ізтілеуұлының 140 жылдық мерейтойы аясында « Ширатқан шым жібектен көгені едім» атты аудандық жыраулар байқауында ІІІ орынды иеленсе, аудандық «Майданнан хат» атты жыр фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін «Мақтау» қағазымен, «2022- Балалар жылы» аясында дәстүрлі жыраулық асыл мұрамызды жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған «Өнер- ұрпаққа үлгі, елге мұра «атты мәдени іс- шарада белсенділік танытқаны үшін Қармақшы аудындық мәдениет және тілдерд
дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
17 қараша күні «Оқуға құштар» мектеп жобасын дамыту мақсатында өткен « Үздік оқырман отбасы» байқпуына сыныптың оқушысы Маратқызы Аяулымның отбасы мүшелері Хорамбаевтар жанұясы аталмыш байқауға қатысып,»Үздік таныстырылым» номинациясын иеленді.













Сынып жетекшісі : Қ.Жұмағалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет