Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы гигиена»



бет3/11
Дата06.09.2023
өлшемі50.87 Kb.
#476680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
оқу жумыс багдарлама222

ІІІ Бөлім.Қоректену
Оқу ақпараты:
Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар. Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Rf мәні. Фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңі. Фотофосфорлану. Кальвин циклі. Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының анатомиясы . Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
Оқушылар білуі тиіс:
-Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура; субстрат концентрациясы, фермент ингибитор және активатор.
-Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері.
-Rf мәні.
-Фотосинтездің жарық кезеңі.
-Фотофосфорлану Фотосинтездің қараңғы кезеңі.
-Кальвин циклі С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының анатомиясы.
-Мезофилл жасушаларында көмірқышқыл газын фиксациялаудың ерекшеліктері.
-Көмірқышқыл газының акцепторлары.
-Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар.
-Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.
-Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру


ІV Бөлім.Заттардың тасымалдануы
Оқу ақпараты:
Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі.Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.Пассивті тасымалдау механизмі. Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері.Натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалдың механизмінің мысалы ретінде.Су потенциалы. Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі.


Оқушылар білуі тиіс:
-Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі.
-Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы.
-Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.
-Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.
-Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.
-Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі.
-Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.
-Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануыныңтиптері.
-Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалыретінде.
-Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі
-Су потенциалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет