Биолгиялық алуантүрлілікті әсерді экологиялық нормалау
Шаруашылық әрекеттердің биолоиялық алуантүрлілікке әсерін реттеудің нормативтік – құқықтық базасы негізгі 3 факторлар тобын есепке алады:
Биоресурстарды пайдаланумен тікелей байланысты факторлар;
Қоршаған ортаны ластайтын факторлар (атмосфераға шығару, су объектілеріне тастау, шудың, қалдықтардың, жылудың, радиацияның және т.б. ластаушылар түрлерінің таралуы);
Шаруашылық объектілердің аймақтық орналасумен тікелей байланысты факторлар, осының нәтижесінде биоалуантүрлілікке кері әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаның жағдайлары өзгереді.
Қазақстан республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы мен Экологиялық қауіпсіздік концепциясына сәйкес шаруашылық әрекеттердің қоршаған ортаға әсерін реттеудің негізгі әдісі табиғатты пайдалануға шектеу мен квота қолдану болып табылады, табиғи ресурстарды пайдаланудың нақты мерзімі көлеміне арналып бекітіледі, сонымен бірге қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуы, жиналуы мен қалдықтардың тасталуы мен басқада зиянды әсері бар заттардың жинақталуы ескеріледі. Табиғатты пайдаланушыларға шектеулер мен квоталар қолданыстағы экологиялық нормативтер негізінде бекітіледі, ол қоршаған ортаға шаруашылық әрекеттер әсерінің шектік мүмкін болатын деңгейін анықтайды. Экологиялық нормативтердің территориялық және өндірістік аспектілері бар.
Территориялық экологиялық нормалау экожүйенің баланс күйінен шықпай шаруашылық – экономикалық әсерлерді бейтараптандыру қабілетімен анықталады, яғни өзін - өзі қалпына келтіру қабілетін жоғалтпайды.
Өндірістік территориялық нормалау қоршаған ортаға кәсіпорынның нормативтік үлесін және жалпы әсерін бекітуді қарастырады, яғни нақты экожүйенің территориясында объектілер әсерінің белгілі бір деңгейден асып кетпеуін қадағалайды. Нақты экологиялық – географиялық ауданның экожүйесі антропогендік күшке шыдауы қажет, табиғатты пайдалануды шектейтін экологиялық нормативтер 4 бағыт бойынша жасалынады:
Қоршаған табиғи ортаны ластауды шектеу (ластаушы заттардың шығаруы, тасталуы, қалдықтардың орналасуы, басқада зиянды әсерлер);
Табиғи, соның ішінде биологиялық ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкін болатын деңгейін анықтау;
Экологиялық – экономикалық шектеулер - өндіріс саласының нақты экожүйе үшін экономикалық ұтымды және экологиялық қауіпсіз құрылымын бекіту;
Шаруашылық әрекеттердің аймақтық белсенділігін шектеу: толық масштабтықтан (экологиялық талаптар шегінде) және реттелуден оның толық тиым салынуына дейін (қорықтар).
Өндірістік экологиялық нормалау жүйесі қазіргі уақытта шектік мүмкін болатын шығарылу және шектік мүмкін болатын жиналу нормаларынан тұрады. Кәсіпорын тұрақты режимде жұмыс жасаса ол эффективті түрде қызмет атқарады. Табиғатты пайдаланудағы лимиттер табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға бағытталған.
Жыл сайын биоресурстардың жағдайын анықтау мақсатында зерттеулер жүрізіліп, пайдаланылатын ресурстардың көлемі анықталынады, немесе өндірістік нормативтік шектеулер қояды. Сондықтанда нақты ауданда қарастырылған экожүйе үшін нақты бір жылға анықталған биоресрустарды алудың немесе пайдаланудың жылдық көлемінен табиғатты пайдаланушыларға рұқсат берілген биоресурстарды пайдалану көлемі асып кетпеуі тиіс. Ресурстарды пайдалануға рұқсат берген жалпы көлем нақты экожүйеге арналған аймақтық экологиялық нормативтерге сәйкес келуі тиіс, осы пайдаланудың мүмкін болатын көлемі ресурстардың қайта келужылдамдығын ескере отырып бекітіледі. Осы қолданыстағы механимдер нормативтері жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |