Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет160/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Климатограммаға сипаттама беру:
1. 118-суреттегі климатограммалар бойынша температураның 
жыл ішіндегі өзгерісін талдау.
2. Ең ыстық жəне ең суық айдың орташа температурасын 
анықтау.
3. Жылдық температураның айырмашылығын анықтау.
4. Жылдық жауын-шашын мөлшерін жəне түсу мерзімін анықтау.
5. Температура мен жауын-шашынның жыл ішіндегі өзгерісіне 
əсер ететін жағдайларды анықтау.
6. Берілген климатограммалардың қандай климаттық белдеу мен 
климат типіне сəйкес келетінін түсіндіру.
118-сурет. Климатограмма 
Тарау бойынша қайталау сұрақтары:
1. Атмосфераның 
құрамы 
мен 
құрылысының 
қандай 
ерекшеліктері бар?
2. Жер ғаламшары үшін атмосфераның қандай маңызы бар?
3. Атмосфера құрамы қандай газдардан тұрады, оның құрамы 
қандай өзгерістерге ұшырады?


225
4. Атмосфера үшін оның қандай қабатының мəні зор, не себепті?
5. Тропосфера қабатының қалыңдығы ендіктер бойынша қалай 
өзгереді?
6. «Жылыжай эффекті» дегеніміз не, оның қалыптасуына қандай 
газдар ықпал жасайды?
7. Күн сəулесі не себепті Жер бетіне біркелкі түспейді?
8. Күн радиациясының қандай түрлері бар?
9. Альбедо дегеніміз не?
10. Тропосферадағы ауа қалай жылынады?
11. Орташа тəуліктік, орташа жылдық температураларды қалай 
анықтауға болады?
12. Тəуліктік, жылдық амплитуда дегеніміз не?
13. Бірдей температураларды қосатын сызық қалай аталады?
14. Жылу белдеулері дегеніміз не, неше жылу белдеуі бар?
15. Атмосфералық циркуляция дегеніміз не, оған не жатады?
16. Əрбір жарты шарға тəн ауа массаларының типтері қандай?
17. Атмосфералық фронт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
18. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
19. Не себепті адамдар ауаның қысым түсіретін сезінбейді? 
20. Жер шарында неше атмосфералық қысым белдеуі бар?
21. Жоғары қысым белдеулері қайда орналасқан?
22. Төменгі қысым белдеулері қайда орналасқан?
23. Пассат дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
24. Муссондық циркуляция дегеніміз не, муссонның түрлерін 
атаңдар.
25. Антициклон дегеніміз не, оның басты қасиеттері қандай? 
26. Солтүстік жарты шардағы антициклондық орталықтарды 
атаңдар.
27. Циклон дегеніміз не, оның басты қасиеттері қандай? Ол 
қалай қалыптасады.
28. Солтүстік жарты шардағы циклондық орталықтарды атаңдар.
29. Тропиктік циклондар дегеніміз не, олардың басты қалыптасу 
аудандары қайда орналасқан, қандай түрлері бар?
30. Атмосфералық қысым, қысым белдеулері мен басты желдер 
арасындағы қандай байланыс бар?
31. Жергілікті желдер дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
32. Атмосфера құрамындағы ылғал қалай пайда болады?
33. Қандай ауа ылғалға қаныққан деп аталады?
34. Конденцация шегі дегеніміз не?


226
35. Қандай ауа ылғалға қанықпаған деп аталады?
36. Шық нүктесі дегеніміз не?
37. Атмосфералық 
құбылыстар 
дегеніміз 
не, 
ерекше 
құбылыстарды атаңдар?
38. Атмосфералық жауын-шашын түрлерін атаңдар?
39. Жер шары бойынша жауын-шашынның таралуына қандай 
жағдайлар əсер етеді?
40. Ауа райы дегеніміз не, ауа райының қандай түрлері болуы 
мүмкін?
41. Климат дегеніміз не, оның қандай типтері бар?
42. Климатты аудандастырумен айналысқан қандай ғалымдарды 
білесіңдер?
43. Б. П. Алисов бойынша неше климаттық белдеу ажыратыла-
ды?
44. Өтпелі климат дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
45. Негізгі климаттық белдеуге тəн басты белгі қандай, түрлерін 
атаңдар?
46. Қоңыржай белдеу бойынша қандай климат типтері ажыра-
тылады?
47. Жерортатеңіздік климат типі қандай белдеуге тəн, оның 
қандай басты белгілері бар?
48. Климаттың ғаламдық өзгерістері дегеніміз не, оған қандай 
жағдайлар əсер етуі мүмкін?
49. Климат өзгерістерін зерттеумен қандай ғылым айналысады?
50. Климаттық жағдай адамның шаруашылық əрекетіне қандай 
əсерін тигізеді?


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет