13
ІХ ғасырда араб ғалымы
Якуби жазған «
Елдер кітабы» сол кезең
үшін географиялық анықтамалық қызметін атқарды. Ол ұзақ жыл-
дар Египетте тұрған, Үндістан жеріне саяхат жасаған. Өз заманында
«араб географиясының атасы» деген құрметті атаққа ие болған.
Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіруде
Отырар қаласынан шыққан атақты ғұлама ғалым
Əбу Насыр əл-
Фараби (870-950 ж.) еңбектерінің мəні зор. Ол күн сағатын жасап,
уақыт өлшемін
анықтауға, математика көмегімен қалалардың дəл
орнын анықтауға, географиялық бағытты дəл ажыратуға қажетті
ғылыми мағлұматтар берді.
Араб саяхатшысы
Ибн Фадлан 921-922
жылдары Орта Азия,
Үстірт, Каспий маңы ойпаты Волга (Еділ) бойымен Қазан қаласы
маңына дейін жүріп өтіп, жолсапарында кездескен нысандар мен
көпшенді халықтардың тұрмыс-тіршілігін түгелдей сипаттап жазған.
ХІ
ғасырда əл-Бируни Орта Азия, Үндістан, Непал жерлерін
аралап, көптеген географиялық еңбектер қалдырған. Оның
картографиялық мұраларының да маңызы зор.
Араб саяхатшысы
Əбу Абдалла Мұхаммед ибн Баттута (1304-
1377 ж.) өмірінің 24 жылын үздіксіз саяхаттар жасауға арнаған, Тан-
жер қаласынан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін,
Қырым, Ресей, Орта Азия, Иран,
Ауғанстан, Үндістан, Қытай,
Индонезияда болған. Сахараны кесіп өтіп, Тумбукту қаласына
дейін барған. 1350 жылы Пиреней түбегіне саяхат жасаған. Сая-
хат барысындағы ой-түйіндерін кітапқа түсіріп, ол
туындысы сол
замандағы ең таңдаулы географиялық еңбек деп бағаланған.
ХІ ғасырда өмір сүрген тегі түркілік, бірақ араб ғалымы деп са-
налатын
Махмуд Қашғаридің географиялық жəне картографиялық
еңбектерінің теориялық та, қолданбалы да мəні өте жоғары.
Араб ғалымдары ішінен
əл-Идриси (ХІІ ғасыр) жасаған
карталардың маңызы зор. Ол
картада Скандинавия жері, Балтық,
Қара жəне Каспий теңіздері, Байкал, Ладога, Онега көлдері, Алтай
Тибет сияқты таулар берілген.
ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығының күшеюі Батыс Еуропа
елдерінің моңғол хандықтарымен байланысты жақсартуға мəжбүр
болуына əкелді. Бұл мақсаттағы алғашқы сапарға француз монахы
Достарыңызбен бөлісу: