Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Əдеби танымның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет14/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

2.6 Əдеби танымның қалыптасуы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба əдебиетіміз күрт алға дамып
жанр лық жағынан да, көркемдік тұрғыдан да жетіле түскен тұста 
əде биетке деген талғам мен танымның жаңа бір белеске көтерілгені 
талассыз шындық. Өскелең елдердің өркениетті əдебиетінің өк ше-
сін басып, өзіндік бетін айқындай бастаған əдебиетіміздегі жетіс-
тіктерді бағалап, кемшін тұстарын көрсету мерзімі өзінен-өзі келіп 
туындаған-ды. Сөйтіп талғамнан танымға қарай зор қадам жасалды. 
Мұнда қазақ баспасөзінің орны ерекше болғанын ешкім жоққа шы-
ғара алмаса керек. Оларда жарияланған əдебиетіміздің дүниелері на-
сихаттық қалыпта қалып қоймай, əдебиетімізге қатысты күрделі мəсе-
лелерін көтерген көлемді мақалалар түрінде де көрініс тауып, əдеби 
танымның маңызын арттырып, жанрлық жақтан салалана түсті. 
Қазақ баспасөзі жоғарыда аталған əдебиеттің көптеген келелі 


61 
мəселелерін сөз ете отырып, жаңа жанрдағы ізденістерді зерделе-
ген жас жазба əдебиетіміздің қабырғасын қатайтып, бұғанасын 
бекітті. Алғашқы кездегі жарнама сын, аннотациялар ауыз толты-
рып айтатын рецензияларға, ғұмырнамаларға, күрделі əдеби сын 
мақалаларға айналды.
Жазба əдеби сынымыздың қалыптасып, дамуы “Айқап” жур-
налы мен “Қазақ” газетіне тығыз байланысты. Сын тарихын жете 
зерттеп, өзіндік мектеп қалыптастырған ғалым Т. Кəкішев “Айқап” 
пен “Қазақтың” əдеби сынымыздың дамуындағы үлкен орны ту-
ралы: “Қазақ əдебиетінің сол дəуірдегі творчестволық проблема-
ларын мүмкін қадірінше сарапқа салып, жұрттың эстетикалық 
талап-талғамын қалыптастыруға алғаш қадам жасаған “Айқап” 
журналы мен “Қазақ” газеті. Сондықтан бұлардың қазақ əдебиет 
сынын тудырудағы орны ерекше”, – деп жазды. Бұған дəлел ретінде 
“Айқап” бетінде 1912-1914 жылдардың аралығында отызға тар-
та өлең жинақтары мен оқу құралдарына шағын рецензиялар, 
əдебиеттің түрлі мəселелерін арқау еткен мақалалар, “Қазақтың” 
бетінде көрнекті сыни мақалалар көптеп жарияланғанын атап айтсақ 
та жеткілікті. “Айқап” мен “Қазақ” бетінде жарық көрген əдеби 
мақалалардың ішіндегі ең көлемді де көрнектілеріне тоқтала оты-
рып, сол тұстағы əдеби сын мен əдеби танымның орнын бағалауға 
болады. 
“Айқаптағы” қазақ əдебиетінің хал-жағдайын, дəстүрлі əде-
биетіміз бен жазба əдебиетіміздегі дəстүр мен жаңашылдық ту-
ралы ой қозғап, ақындарымызға өткір талап қоя білген көрнекті 
əдеби мақала Сұлтанмахмұттың қаламына тиесілі. Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың аса бағалы мақаласы – 1913 жылғы “Айқаптың” 19, 
20, 22, 23 санында жарияланған “Қазақ тіліндегі өлең кітаптарының 
жайынан”. Мұнда ол əуелі “Белгілі мұнан бес, он жыл бұрын хат 
біледі-мыс деген қазақтардың қолдан-қолға түсірмей, құлқынын 
құртып, құмартып оқитындары: “Зарқұм”, “Салсал”, “Алпамыс” 
сияқты “қырды-жойды, қиратты… жеті бас айдаһар, пері қыз, жал-
мауыз кемпір, дəу… ұшы-қиыры жоқ, түпсіз өтірік, қисынсыз хика-
яттар еді. Міне, бұған қазақ отағасылары көздерін жұмып, нанып, 
мейірлері қанып, кеңкілдей түсіп, шұлғысып, мүлгісіп отырғаны еді. 
Сондай шөп саламмен қандары ұйып, жандары ұйықтап… отырған 
бір заманда бірді-екілі жаңа бағыттағы жинақтар шығып, тұр-
тұрдан хабар келіп, ұйқыдан маза кете бастады. Бырқырап ұйықтай 
беруден жиренбеген, бұрын мұндайға құлақтары үйренбеген 


62
халық: “Аллаңнан ойбайым жақсы” дегендей қылып, əуелгі кезде 
ордаңқыраса да, кейін көздері шалған соң, көкіректері сезініп құ-
шағын жайысып, жабырласа түсті. Бұрынғы “Зарқұмдарын” құмға 
көміп, “Салсалдарын” суға лақтырып, пері қыздарын аспанға 
ұшырып, ақырындап ескі достарына қош айтыса бастады. Содан 
бері қарай беттері бермен етбеттеуде…” – деп, əдебиет пен оқырман 
арақатынасындағы серпілісті аңғартады. Жəне осында жаңа сипатты 
əдебиеттің оқырман ойына ой салып, көкірек көзін аша бастағанына 
нақты дəлел табамыз. Жаңа жинақтардың оқырманды жаңа ойға 
бастаған міндетін əдебиетші-ақын тап басып таниды. Қазақ 
ұлтының “оянып”, алға қарай ұмтылып келе жатқаны, жаңалық исін 
сезіне бастағаны ақын-сыншыны қуаныш сезіміне бөлейтіндігін 
байқау қиын емес. Мақала ə деп басталғаннан-ақ, осындай бірнеше 
ой сілемдерін алға тартады.
Сұлтанмахмұт бұдан əрі осы “жаңа талаптардың” жағдайы 
қандай, бұл кітап-жинақтардың жетістігі неде, кемшілігі қайда де-
ген ділгір сұрақтар төңірегінде ой қозғайды. Ол кейбір жинақтардың 
көркемдік қуатын құрғақ ойбай басып кеткендігін ашық айтып, за-
мана өзгерісін ақындық жүрекпен сезініп, жан тербейтін өрелі ой-
лармен өрілген өлең тудыру керектігін түйіндейді. Өлеңнің басты 
шарты көркемдік, сондықтан да сыртқы түр мен ішкі мазмұнының 
құйылып түсуі қажет екендігін Сұлтанмахмұт басты талап ретінде 
қояды. Яғни “…аты жоғалмайтын өлең деп, өнер деп соны айтамын: 
сырт көрінісі “қатын ойбай” тұрсын “шайтан ойбай” болып көрінсе 
де дəмі бар, маңызы бар “ойбай” сол, қайнаған қанның, қиналған 
жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы сол. 
Соның үшін ондай “ойбай”, ондай “бебеу” табыла қалса, салған жер-
ден өзі де дертке шипа боп кетеді” – деп қорытады. Оның пікірінше 
шығарманың көркемділігіне орай айтар ойы, көтерер мəселесі терең 
де нақты болуы керек. Сонда ғана ақын өлеңі діттеген жеріне жет-
пек. Мақаладағы өлеңге қойылар талаптар поэзия тілімен мөлдірете 
жеткізген Абайдың өлең туралы толғамымен ұштасып жатқанын 
аңғару қиын емес.
Осы мақаласында Сұлтанмахмұт пікірдің айқындылығына қоса 
тіл тазалығы үшін де күреседі. “Мен тілімізге шата тілдердің шал-
масуынан бегірек тілдің ағыны теріс бейімделіп, өріс алып бара 
жатуынан қорқамын”, – деп қазақ тілі үшін дəл бүгін де өзекті бо-
лып отырған мəселенің ұшығын шығарады. Қазақ поэзиясының сол 
кездегі дамуы жайында сөз қозғай отырып, əрбір туындының соны 


63 
əуен, тың идеямен көрінуі шарт екенін айтады. Өз заманындағы 
поэзияның бойынан идеялық та, көркемдік те ерекшеліктер табады.
Қазақ қаламгерлеріне Абай поэзиясын үлгі етіп ұсынады. 
“Пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай соқыр кісі сыбды-
рынан танырлық, аққұба ашық тұрады марқұм Абай өлеңдері” деп, 
Абай поэзиясын жоғары бағалайды. Өнер өнегесін кімнен үйрену 
керектігіне нақты бағдар береді.
Сұлтанмахмұт екінші мақаласы “Өлең мен айтушыларда”
алғашқы мақаласын толықтыра, əдебиет пен өнер жайлы пікірлерін 
бекіте түседі. Ол көркемөнердің мəдениетке, үлгі-өнегеге баулудың 
ғылым-білім сияқты маңызды құралы екенін айтады. Өнер мен 
өнерпаздың қоғам өмірінде алар орнын белгілеп береді.
Сұлтанмахмұттың “Жаңа кітап” атты үшінші бір мақаласы 
1913 “Айқаптың” 17 санында жарияланады. Онда ақын-сыншы 
М. Дулатовтың “Азамат” жинағына сын айтады. “Кейбір өлеңдері 
бірінен бірі қысқа, ойнақы емес, оқушының арбасы сазда жүргендей 
ауырланып шығарлық. Алдыңғы туғандарды “Көш жүре түзелер”, 
жоқтан да бар жақсы, біздің неміз жетісіп тұр деген деп, жүген-
құрық тигізбедік. Мұнан былайғылардың мінін қолға алып, үлгіні 
осы бастан түзете беру керек. Қанша дегенмен “Жаманның ба-
рынан да жоғы жақсы” дейтін мезгіл болыңқырады ғой”, – деп, 
ендігі əдебиетті сын тезіне сап түзетудің, талғап-талдаудың 
бағыт-бағдарын ұсынады. Сұлтанмахмұт мақалалары – сол кездің 
өзінде бүгінгі күнге дейін өзекті болып отырған мəселелерді өткір 
қоюымен, насихаттаған идеясын дəлелдеуімен бағалы да құнды. 
“Айқап” журналында қарақыпшақ Қобыланды жырына рецен-
зия, М. Ғ. деген автордың “Тіл əдебиет”, Ғ. Мəмековтің “Өлең жыр-
ларымыз”, Ж. Əубəкірдің “Тіл уə əдебиетімізді сақтарға керек”, 
Ж. Тілеулиннің “Баспасөз”, Е. Қасболатовтың “Баспасөзге қарсы”, 
М. Тұяқовтың “Кітаптар жайынан”, “Роман жарысы туралы” тағы 
басқа мақалалар жарық көрді. Бұлар жаңа да өскелең əдебиетімізге 
қатысты көп мəселелерді əр қырынан қарастырып, кейбірі өрелі ой-
ларымен, салиқалы пікірлерімен өзекті мəселелерді көтерсе, кейбірі 
биік межеден көріне алмады. 
“Айқап” журналымен қатар ”Қазақ” газеті де əдеби танымның 
қалыптасуына зор үлес қосты. “Қазақ” газеті – шыққан күнінен 
бастап қазақ əдебиеті мен мəдениетінің жанашыры ретінде үлкен 
эстетикалық өреге көтеріле білген бірден бір басылым. Ондағы қазақ 
əдебиеті жайында жарияланған мақалалардың авторлары – Ахмет 


64
Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов жəне т.б. ірі 
тұлғалар. “Қазақтағы” əдебиет жайлы мақалалардың басты жетістігі 
– əдебиеттің күрделі мəселелерін көтерумен бірге сол əдебиетті 
қалыптастырған басты тарихи тұлғалар жөнінде де кейінгі ұрпаққа 
құнды мəліметтер қалдыруы. Туған халқымыздың өткеніне көз 
жіберіп, көркемсөз шеберлерінің мұралары мен өмірін оқырманға 
танытуда ілкі қадам жасауы. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың 
ұлы Абай жайлы жазған “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы 
(“Қазақ”, 1913, N39, 40, 43) əдеби ой-пікірдің ең озығы ретінде көзге 
түсетіндігін атап өткен жөн. 
Бұл – қазақ сөз өнерінің ұлы тұлғасы Абай арқылы қазақ 
əдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-
қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала. Онда Абай 
шығармашылығына көркемдік-эстетикалық баға беріліп, қазақ 
əдебиетіндегі болашақ абайтанушыларға бағыт-бағдар, жөн-жосық 
көрсетіледі. “Қазақтың бас ақыны” деп аталатын мақала “Абай-
дан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын 
болған жоқ”, – деп басталады. Ахметтің алғашқы сөйлемінде Абай-
ды асқақтатумен қатар, аһ ұрған өкініш те бар. Байқап қарасақ, 
“Қазақтың бас ақыны” Абайдың даңқы қазақ даласына онша жайыла 
қоймапты. Кітабы 1909 жылғы дейін шықпаған. Оны терең ұғынған 
Ахмет “Қазақ” арқылы ұлы ақынды туған халқына танытпақ ниетке 
бекіген. 
Əрине, Ахметке дейін де баспасөз бетінде, кейбір жинақтарда 
Абай туралы пікірлер жарияланып тұрды. 1909 жылы Абайдың 
Петербургте шыққан өлеңдер жинағына Кəкітай Ысқақов “Абай 
(Ибраһим) Құнанбай ұлының өмірі” атты алғысөз жазды. Бұл Абай-
ды қазақ оқырманына алғаш кеңінен таныстырған сөз еді. Ал ұлы 
ақын орыс зиялыларына бұдан сəл ертерек танылды. Абай өмірі мен 
шығармашылығының білгірі Қайым Мұхамедханов “Абайдың көзі 
тірісінде оны орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған 
адам – Əлихан Бөкейханов” екенін ерекше атап өтеді. Себебі “Рос-
сия. Полное географическое описание нашего отчество” атты көп 
томдық кітаптың 1903 жылы “Киргизский край” деген 18-томы 
жарық көреді. Оның авторларының бірі – Əлихан Бөкейханов қазақ 
əдебиеті мен өнері жайлы жазғанда “Абайға ерекше тоқтап, қазақ 
жазба əдебиетінің көшбасшысы” атаған. 1905 жылы “Семипала-
тинский листок” газетінде, 1907 жылы басылып шыққан “Записи 
Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела Импера-


65 
торского русского географического общества” деп аталатын кітапта 
Абай өмірбаяны басылып шыққан, авторы – Бөкейханов. Абай ту-
ралы жəне бір мақала 1908 жылы татар тіліндегі “Уақыт” газетінің 
393 санында жарияланған-ды. Мақала авторы Міржақып Дулатов 
болатын.
Жоғарыдағы мақалалардың қай-қайсы да өз кезеңінде Абайдың 
ақындық жасампаздығын тануда біршама қызмет атқарғаны талас-
сыз. Солай дей тұрғанмен де, бұл мақалаларда Абай ақындығының 
ерекшелігі, оның қазақ поэзиясын дамытудағы атқарар қызметі там-
тұмдап сөз болғанымен де, терең зерттеліп, кеңінен толғап пікір 
айтылған жоқ. Ендеше, шынайы əдеби талдаудан өтіп, зерделі ой, 
зейінді талғаммен Абай ақындығына көркемдік тұрғыдағы алғашқы 
əділ баға А. Байтұрсынов мақаласында берілді. Ахаң өз мақаласында 
Абайдың əрқайсысы дəуір жүгін арқалаған сөз сырының құпиясына 
үңіліп, Абай əлемінің əсемдік сырын ашуға ұмтылады.
Зерттеуші “…Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені 
рас, бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік 
емес, оқушылардың түсінерлік дəрежеге жете алмағандығынан бо-
латын кемшілік”, – деп, əуелі бір түйіп алады. Сөйтіп Абай сөзін 
ұғынудың қиындығы Абай поэзиясының жадағай жылтыр сөзден 
құралмай, ойлы, мағынасы тереңде жатқандығынан деп біледі. 
“Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, үздік, артық. 
Ол оқшаулық, артықтық, басқа ақындардан Абайдың сөзінде ғана 
емес, өзінде де болған”, – дейді Ахмет. Бұдан əрі автор Абайдың 
өскен ортасына, тəлім-тəрбиесіне, өмір жолына көз жіберіп, осы-
лардан қалыптасар адамдық болмысына ой тастап, одан туындаған 
пікірлерін ортаға салады. 
“Əрбір сөзі оқырманға сын” Абай ақындығының өзгелерден 
оқ бойы озықтығын оның өмірден түйгенімен қатар, терең 
білімпаздығынан деп таныған Ахмет кемеңгер Абай білімінің 
құнары европалық ғылым-білімде деп есептейді. Абай білімінің 
негізі жайлы жаза келе : “Михайэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол 
күйімен бəлки кетер еді, қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай 
асыл, қандай терең сөздер жерге көмілер еді. Абай сөздері дүниеде 
қалғаны қазаққа зор бақ”, – деген түйінді ой айтады. 
Абай туралы мақаласында Ахмет ақын шеберлігінің сыры неде 
деген сұраққа жауап іздестіреді. “Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі 
сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың 
шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дəмді болуына сыншылық ке-
5–853


66
рек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі 
де болған”. Міне, Ахмет тапқан Абай шеберлігінің сыры осылар-
да жатыр. Жалпы ақынға, өнерпазға тəн қасиеттің бəрі бір бойына 
жинақталған Абай ақындығының табысы да, табиғи ерекшелігі де 
əлгі Ахаң атаған үш нəрседен күш алады, “сондықтан да өлеңі қай 
тарапынан болса да толық”.
Ахмет мақаласында Абай шығармашылық тұлға ретінде толық 
болмысымен көрінді. Ол Абай шығармаларының төл ерекшеліктерін 
нақты мысалдар, өлеңдерінде өрілген көркемдік белгілер арқылы 
жан-жақты ашып көрсете алды. Сондықтан да бұл мақала қазақ 
көркемсөз танымының алғашқы ірі қадамы боп саналады. Өйткені 
қазақ сөз өнерінде жеке ақын өнерпаздығына эстетикалық тал-
дау жасап, биік көркемдік талғамнан өткізу – онша жиі кездесе 
бермеген құбылыс. Қазақ əдебиетіндегі осынау соны сүрлеуді А. 
Байтұрсынов салып, əдеби шығармашылық үдерісті көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан талдауды қалыптастыруға талпынғаны өскен 
мəдениет белгісі еді. 
Абай болмысын тану мен танытуда өзіндік орны бар мақаланың 
бірі – Міржақыптың “Абай” атты мақаласы (“Қазақ”, 1914, N67). 
Ұлы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толғанына орай жазылған 
бұл мақаланың мынадай басты құндылықтары бар. Біріншіден, Абай 
ақындығын, Абай мұрасын, Абайдың ұлылығын ұғынудың алғашқы 
соқпағын салушылардың еңбегін көрсетіп, зерттеушілер есімін 
нақты атауымен бағалы. Екіншіден, Абайдың қазақ əдебиетіндегі 
төрден алар орнын көрсетудегі өзіндік пайымдауларымен құнды.
Қашанда əділдік жақтаушысы, өзгенің еңбегін бағалауда тура 
жолдан таймайтын Міржақып, осы мақаласында Абайды алғаш 
елге танытушы Əлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов екенін 
баса айтып, олардың абайтанудағы тұңғыштық орнын нақтылай 
кетеді. Абай шығармашылығы туралы түйіндеулерінде əдебиеттің 
халық өміріндегі алар орны жайында айтқан Ахметтің қадау-
қадау пікірлерін дамыта отырып, “Тарихы, əдебиеті жоқ халықтың 
дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. Əдебиеті, 
тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып, жоқ болады. Қай 
жұрттың болса да жаны əдебиет. Жансыз тəн жасамақ емес”, – деп 
түйеді. Сондықтан да ол Абайды қазақ əдебиетінің көркемдік биікке 
жету жолындағы адастырмас “Темірқазығына” балап, Абайдың 
ұмытылуы – қазақ əдебиетінің жойылуы, жоғалуы деп санайды. 
Қазақ əдебиетінің алтын діңгегі Абайдан көз жазып қалу болашақ 


67 
ұрпақ алдында кешірілмес күнə екендігін ескертеді. Ақын Міржақып 
Абай ақындығын терең түсініп, “əдебиетіміздің негізіне қаланған 
бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай ойы боларға керек. Абайға дейін 
қазақ қолға алып оқырлық шын мəніндегі қазақ əдебиеті дерлік бір 
нəрсе болған жоқ еді. …Бəлки мұнан кейін, Абайдан үздік ақындар, 
жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ 
халқына сəуле беріп, алғашқы атқан жұлдыз – Абай”, – деп, Абай 
ақындығының əділ бағасын береді.
Қазақ жазба əдебиетіндегі көркем шығарманы бағалауға 
ұмтылып, творчество адамының жетістігін танып, кемшін тұсын 
байқап, оқушыға жөн-жоба сілтеуді мақсат тұтқан мақаланың 
бірі – “Сын” (“Қазақ”, 1915, N121). Шəкəрім Құдайбердиевтің 
“Қалқаман-Мамыр” поэмасын жан-жақты талдауға бағытталған 
Əлихан мақаласы – Шəкəрім творчествосын танудағы бір белес. 
Бұл – сын жанрының тууы көбінесе құнды көркем шығармалардың 
дүниеге келуімен сабақтас болатындығының бір көрінісі. Мақалада 
“Қалқаман-Мамырды” негізге ала отырып, ақындық өнер туралы, 
Абайдың ақындық ерекшелігі жайлы орайлас ой да қозғалады. 
Автор Шəкəрімнің ірі ақын, Абайдың орнын басар үмітті шəкірті 
екенін сөз арасында білдіре кетеді. “Абай барда таласып ақындық 
қылып, жарыққа шықпай көлеңкеде жүре берген” дей келе, ойын 
“жұрттың бəрінің аузына алғаны Абай. Шəкəрімнің білімі де қазақта 
жоқ екен” деген, “Шəкəрім тамырын тауып ұстаған” Иван Филипо-
вич Гусев пікірмен бекіте түседі. 
Əлихан Бөкейханов, ең алдымен, Шəкəрім шығармасының 
тақырыбын анықтап алып, өз ойын осы тұстан өрбітеді. “Қалқаман-
Мамыр” өлеңі орыс тілінде “Историческая хроника” аталады. Бұл 
сияқты тарихта болғанды өлең қылған мысал: Пушкинде “Царь Бо-
рис Годунов”, Лермонтовта “Песня о купце Калашникове”. Бұларда 
орыстардың мінезі, тұрмысы, салты айнадағыдай көрінеді”. Яғни 
Əлихан пайымы бойынша “Қалқаман-Мамыр” – тарихи жыр. Ен-
деше оған қойылар талап ақындықпен қатар, тарихи шындықтың 
қаншалықты көрініс табуында жатса керек. Сондықтан да “Қыр бала-
сы” Шəкəрім ақындығына жоғары баға бере отырып, шығармадағы 
тарихи шындық пен көркемдік шындықтың жанасымдылығына 
біраз сын айтады.
“Қалқаман-Мамырда” бұрынғы қазақ жұртының салты, қазақ 
мінезі, қазақтың іс-қылығы əлгі орыс елдеріне қарағанда тіпті аз”. 
Сыншы пікірінше Шəкəрімдей ақынға қойылар талап та зор болуы 


68
керек. Ол Абайдан кейінгі өзгелерге үлгі шашар дарынның кем-
кетігі неғұрлым аз болуын қалайды. Сондықтан да “Қазаққа осы 
бойымен де “Қалқаман-Мамыр” айтулы жақсы өлеңнің бірі болар. 
Бірақ “Көп білгеннен көп сұралады” деген. Мұны Шəкəрімнен көп 
сұрап жаздым” деуі-ақ жүректен шыққан шындық.
Поэмадағы кейбір тарихи шындықтан бұра тартқан тұстарды 
сыншы тап басып, мысал келтіре отырып дəлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет