44
45
өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейлі жəне тиімді «технологиясын»
іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі
ақыл-ойды
саусақтардың өте нəзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мəнерлі
ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға
негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко»
корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің
оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан
бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мəдениеті,
ерікті қозғалыс пəндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пəндер
макеттендіру,
модельдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері
көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тəрбиелеу
деңгейі жеке бағаланады.
С. Ферне (1896-1996) мектебінің əдістемелік тəсілдері
біздің республикамызда, əсіресе бастауыш кластарда көптеген
мектептерде қолданылады. С. Ферненің əдістемесі
баланың өзінің
жеке тəжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тəн
қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл
тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер»
мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Инновациялық мектептер дəстүрлі жəне сонымен қатар жаңа
міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дəлелдейді,
оқушы тұлғасының мəдени, адамгершілік дамуының негізі
болатындығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: