Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет137/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   205
Акмеология

268
269
Тұлғаның инновациялық əлеуеті кəсіби жоғары оқу орнының 
ғылыми-білім беру ортасында, психологиялық-педагогикалық іс-
əрекеттің субъектісі жəне қатысушысы ретінде, инновациялық білім 
беру өнімдерін құру, меңгеру жəне тарату бойынша іс-əрекеттің 
жаңа формаларын басшылыққа алуға психологиялық дайындықты, 
сонымен бірге өнімді педагогикалық іс-əрекеттің стратегиялық 
факторы ретінде өзіндік дамыту мен тұлғалық өсуді қамтамасыз 
ететін, тұлғалық қасиеттер, сапалар мен қабілеттердің жиынтығында 
тұлғаның интегративті сипаттамасын білдіреді. 
Кəсіби жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру ортасында, 
тұлғаның инновациялық əлеуетінің құрылымын төмендегі компо-
ненттер арқылы анықтауға болады: 
инновациялық бағыттылық, ол педагогикалық жəне ғылыми-
педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық акмеологиялық сипатын 
анықтайтын, кəсіби шеберліктің шыңдарына жетуге ұмтылысты, 
инновациялық тəжірибені байытуды, педагогтің өзіндік дамуын 
тұлғалық қажеттілік ретінде, білімгерлердің тұлғасын дамытуға 
психологиялық бағдарлануды көрсететін, білім беру тəжірибесіндегі 
инновациялық үдерістердің мəнін ұғынуды анықтайтын мотивтер 
мен құндылықтардың жиынтығын интеграциялайды; ол жетістік 
мотивациясы, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі, өмірлік əлемді 
құндылықты-мағыналық ұйымдастырудың ерекшеліктері, өмірге 
тұрақтылық, сенімділік, еңбекқорлық, жұмылдырушы əлеует, өзін-
өзі реттеу деңгейі арқылы көрінеді;
– инновациялық құзыреттілік, ол инновациялық іс-əрекет 
тəжірибесін, инновациялық білім, біліктер жəне құзырлылықтардың 
қалыптасудың жүйелі деңгейін, құрастырылған инновациялық 
өнімдерді тəжірибеде құру, жасау жəне пайдалану қабілетін, білім 
беру үдерісіне жаңа технологиялар мен əдістері енгізуді білдіреді; 
ол кəсіби іс-əрекеттің мақсаттарына тиімді жету үшін өзінің 
инновациялық əлеуетін қолдануға дайындық шамасы ретінде, со-
нымен бірге кəсіби, коммуникативті, ақпараттық жəне жобалаушы 
құзыреттілік түрінде болады; 
– инновациялық креативтілік, ол білім беру тəжірибесінде 
қолдануға дайын, белгілі нəтижені, жаңа идеяларды алуға, 
оларды басшылыққа алуды қамтитын, нақты практикалық іс-
əрекетті орындауға бағытталған педагогикалық шығармашылық 
инновациялар, болжау қабілеті ретінде болады; ұсынылатын 
тұлғалық сапалардың жиынтығы ретінде көрініс табады (белгісіз-
дікке толеранттылық, белгілі тəуекел ету қабілеті, жауапкершілік, 
рефлексивтілік жəне т.б.). 
Педагог тұлғасының инновациялық типі бірегей жəне күрделі 
бола тұрып, қоршаған ортамен динамикалық өзара əрекетте, үздіксіз 
өзіндік дамытуда болып, оның инновациялық өзгешелігін анық-
тайды, ол креативті, танымдық, шығармашылық бағыттылықпен; 
құзыреттілікпен; дара-психологиялық қасиеттермен; қабілеттермен; 
ойлау ерекшеліктерімен (икемділік, ұтқырлық, сыни, жалпылама-
лық, жүйелілік, дамыған интуиция, бай қиял, ассоциациялар 
еркіндігі, прогностикалық); мінез белгісі ретінде инновациялықпен 
– өзгерістерге қажеттілікпен, жаңаны іздеу қажеттілігімен, 
дəстүрлер билігінен кетуге ұмтылыспен, өзгерістерге жедел жауап 
қайтарумен; кедергілерді жеңуге даярлықпен; ізденістік іс-əрекеттің 
эмоционалды толыққандылығымен; шығармашылық қабілеттермен 
(идеяларды генерациялау, стандартты элементтерден стандартты 
емес шешімдерді құру, дəстүрлі жəне инновациялықты біріктіру, 
таныс нəрседе таныс еместі көру, жасырын түпкі ойды анықтау; 
белгісіздік жағдайында бағдарлану қабілеті; ұзақ уақыт бойында 
шығармашылық қысымды ұстау қабілеті) анықталады. 
Инновациялық əлеуеттің функцияларының арасында моти-
вациялық, мақсатты функцияны, инновациялық тəжірибені 
қалыптастыру функциясын, прогностикалық, алмастырушы, креа-
тивті, сонымен бірге дамыту функциясын жəне практикалық-
бағдарланған функцияны айқындау қажет. 
Инновациялық əлеуеттің компоненттерінің жəне функ-
цияларының аталған жиынтығы, тұлғалық сапаларды, қабілеттерді, 
психологиялық күйлерді, инновациялық педагогикалық іс-əрекет 
үдерісінде дамудың жоғары деңгейлеріне қажет білімді, біліктер мен 
дағдыларды көрсетеді. 
Инновациялық əлеует білім беру субъектілерінің инновациялық 
іс-əрекетке дайындығын, мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды, 
сондықтан бұл тұлғаның əлеуетін инновациялық белсенділікті, 
танымдық 
дербестікті, 
кəсіби 
креативтілікті 
дамытудың 
мүмкіндіктерін көрсететін интегративті сапа ретінде қарастыруға 
болады. Педагогтің инновациялық əлеуетінің акмеологиялық 
сипаты оның өзгеше ерекшелігін білдіреді, ол тұлғалық жəне орта 
инновациялық əлеуеттерінің тиімді өзара əрекетіне негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет