Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет92/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205
Акмеология

178
179
Өзіндік өмір сүруінің мəнін іздеуде, аса жалпы формада тұл-
ғалық өзін-өзі анықтаудың құндылықты-мағыналық табиғаты 
байқалады. Өмірдің мəніне деген қажеттілік мінез-құлықтың 
ересек формаларын сипаттайды, сондықтан тұлғаның ересектену 
үдерісінен, оның өзіндік «Менінің» қалыптасуынан тыс қалмайды. 
Ерте жастық шақта жүзеге асатын ішкі əлемнің ашылуы, тұлғаның 
оны құндылық ретінде бастан өткеруімен байланысты. Адамның 
өзін қайталанбайтын бірегей тұлға ретінде ашуы, əлеуметтік əлемді 
ашумен тығыз байланысты. Жастық шақ рефлексиясы бір жағынан, 
адамның өзіндік «Менін» саналы ұғынуы («Мен кіммін?», «Мен 
қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Мен өзімді не үшін 
құрметтеймін»), ал екінші жағынан – өзінің əлемдегі орнын саналы 
ұғынуы («Менің өмірлік идеалым қандай?», «Менің достарым жəне 
жауларым кім», «Мен кім болғым келеді?», «Өзім жəне қоршаған 
əлемнің жақсы болуы үшін не істеуім керек?»). Адам өзіне қаратыл-
ған бірінші сұрақтарды алғаш рет саналы ұғынбай жасөспірімдік 
кезеңде қояды. Ал екінші, аса жалпылаушы, дүниетанымдық 
сұрақтарды жас жігіт қояды, оның өзіндік талдауы əлеуметтік-
адамгершілік өзін-өзі анықтаудың элементі болып саналады. 
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде «Мен-тұжырымдама» 
жəне «тұлғалық өзін-өзі анықтау» ұғымдарының арақатынасын 
анықтауға болады. Себебі, тұлғалық өзін-өзі анықтаудың аса 
ауқымды анықтамасы ретінде, бірыңғай мағыналық жүйені 
қалыптастыру үдерісі алынады, онда адамның өзі туралы жəне əлем 
туралы жалпылаушы ұғымдары біріктіріледі, сонымен бірге «Мен-
тұжырымдамасы» (адамның бағалауымен байланысты өзі туралы 
ұғымдарының динамикалық жүйесі) тұлғалық өзін-өзі анықтау 
үдерісінің факторы болып табылады. 
Əлем туралы білімді жинақтаумен жəне жүйелеумен қатар жү-
ретін интеллектуалды даму, тұлғаға деген қызығушылық, рефлексия 
ерте жастық шақта дүниетанымдық көзқарастар құрылатын негіз 
болады. 
Жастық шақ – дүниетанымның қалыптасуының шешуші кезеңі, 
себебі дəл осы кезеңде оның когнитивті жəне эмоционалды-тұлғалық 
алғышарттары жетіледі. Жастық шақ кезеңі білімнің артуымен ғана 
емес, сонымен бірге олардың ақыл-ойының кеңеюімен, теориялық 
қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің пайда болуымен, көптеген 
деректерді бірқатар принциптермен байланыстыру білігінің пайда 
болуымен сипатталады. 
Өмірдің мəніне деген қажеттілік, өзінің өмірін кездейсоқ
оқшауланған оқиғалар сериясы ретінде емес, белгілі бағыты, 
сабақтастығы жəне мағынасы бар біртұтас үдеріс ретінде саналы 
ұғыну – тұлғаның аса маңызды қажеттіліктерінің бірі. Адам жастық 
шақ кезеңінде өмірлік жəне кəсіби жолды таңдаудың алдында болған 
кезде, бұл қажеттілік ерекше саналы ұғынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет