Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет153/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар
Бұл тақырыпты ең төменгі деңгейде оқып-үйренудің басты 
міндеті – электрондық кестелердің көмегімен есептеулерді 
ұйымдастырудың негізгі əдістерін үйрену. Ол үшін оқушылар 
электрондық кесте ортасындағы жұмыстың мынандай тəжірибелік 
тəсілдерін меңгеруі керек:
– кестелік курсорды жылжытуды жүзеге асыру, курсорды қажет 
ұяшыққа орналастыру;


382
– мəліметтерді енгізу: сандар, мəтіндер, формулалар.
– ұяшықтардағы мəліметтерді редакторлау;
– ұяшықтардағы ақпараттарды көшіру;
– жолдар мен бағандарды қою жəне жою.
Бірінші кезеңде неғұрлым қиындықтар тудыратын теориялық 
сұрақтар – формулаларды жазу ережелері жəне салыстырмалы 
адрестеу принципін түсіну. Оларды тапсырмалар мен жаттығулар 
арқылы бекітуге болады.
Салыстырмалы адрестеу принципі – электрондық кестенің 
қызметінің негізгі принциптерінің бірі. Формулаларда қолданы-
латын ұяшықтар адрестері формуланың орналасу орнына қатысты 
анықталады. Бұл принциптің мағынасын мысалдар арқылы 
түсіндіруге болады. 14.1-кестесінде С1 ұяшығындағы формуланы 
кестелік процессор былайша қабылдайды: 2 тор көз солға қарай 
орналасқан ұяшықтың мəніне берілген формуладан 1 тор көз сол 
жақта орналасқан ұяшықтың мəнін қосу.
14.1-кесте
А
В
С
1
5
3
=A1+B1
Кестелерде формулалар MS Excel ережелеріне сəйкес жазылады. 
14.2-кесте
A
B
C
D
E
F
1
5
3
=A1+B1
=B1+C1
=C1+D1
=D1+E1
A
B
C
D
E
F
1
5
3
8
11
19
30
Формуланы басқа ұяшықтарға орналастыру барысында (көшіру, 
үзінділерді қою жəне жою барысында) формуланың алдындағы 
мағынасы сақталып қалады. Мысалы: С1 ұяшығынан формуланы С2 
ұяшығына көшіруде формула А2+В2 түріне ие болады. F6 ұяшығына 
көшірген кезде F4+ F5 түріне ауысады.
Салыстырмалы адрестеу принципін түсінуді бекіту мақсатында 
бірнеше тапсырмаларды орындауға болады. Ұсынылатын тапсыр-
малардың шарттары мынандай болуы мүмкін: электрондық кестенің 
үзіндісі берілген.


383
С2 ұяшығынан формуланы D1:F1 ұяшықтар блогына көшіретін 
болса, онда осы ұяшықтарда қандай формулалар болады? Бұл 
тапсырманың орындалу нəтижесі формулаларды бейнелеу режимі 
жəне мəндердің бейнелену режимі 14.3-кестеде көрсетілген. 
Оқушылардың электрондық кестелерде шешіп үйрену керек 
есептеулердің негізгі типтері:
1) күрделі емес есептеулер тізімдемелерін алу;
2) сандық кестелерді статистикалық өңдеу;
3) кестелік мəліметтер бойынша диаграммаларды тұрғызу;
4) параметр (баған) мəні кестені сұрыптау;
5) функцияны табуляциялау.
14.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет