495
Іргелі курстың мазмұнын саралау бағыты – мектептегі
(сыныптағы) маманданудың нақты бағыты болып табылатын пəндік
аумаққа байланысты анықталады.
Мектептің негізгі мамандандырылған бағытын мынадай білім
беру (пəндік) аумақтарымен алынса:
– филология;
– қоғамтану;
– математика;
– жаратылыстану;
– технология, онда осылардың əрқайсысына сəйкес информати-
каның кəсіптік курстар жиынтығы болуы шарт.
Осы курстардың əрқайсысында информатиканың осы пəндермен
сəйкес келетін тараулары оқытылады.
Мұндай курстардың негізгі мақсаты – оқушылардың
ғылыми
көзқарасын дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
басқа
іргелі ғылымдарды ғылыми таным əдістерімен байыту (модельдеу,
формальдау жəне т.б.).
Қолданбалы кəсіби курстары пəндік аумақ бойынша сараланбай-
ды, ақпараттық іс-əрекет түрінің критерийі бойынша сараланады.
Мұндай курстардың мақсаты – əртүрлі аумақтарда ғылыми-
ақпараттық технология құралдары мен əдістерін қолдану дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Адамның ақпараттық іс-əрекетінің түрлері (ақпаратты жинау,
өңдеу, сақтау) нақты пəндік аумаққа сəйкес,
сондықтан саралап
оқытудың негізгі критерийі ақпараттық іс-əрекеттің құрылымы мен
компоненті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: