Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани  игіліктерді жасау үдерісі. 2) бөлу



Pdf көрінісі
бет25/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   295
Экономикалык теория

1) өндірупайдалы өнімдерді, материалдық және рухани 
игіліктерді жасау үдерісі.
2) бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
3) айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
4) тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру 
үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, 
материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру
құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, 
көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, 
басқару органдары және басқалары жатады.
Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат 
баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық 
емес игіліктерді өндіру үдерісі.
Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті 
ұдайы өндіріс деп атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін экономикалық 
ғылымда алғаш рет физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» 
(1758 ж.) еңбегінде қолданған болатын. Ол жасалатын өнімнің 
қозғалысы меншіктенушілер, өндіруші-шаруалар және барлық 
қалған топтар сияқты қоғамның үш табы арасында орын алады деп 
қарастырады.
Ұдайы өндірістің тұрпаттарын келесідей негізгі өлшемдері 
бойынша бөліп көрсетуге болады:
1) алынған табысты қолданудың сипатына байланысты;
2) өндіріс факторларын қолданудың саны мен сапасына бай-
ланысты.
Бірінші өлшемі бойынша қоғамдық ұдайы өндірістің жай, тарылған 
және ұлғаймалы деген тұрпаттарын көрсетуге болады.
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндірістің жыл сайын бұрынғы, 
өзгеріссіз ауқымын қайталап отыру. Бұл қоғамның барлық өндірілген 
өнімді тұтынуға жұмсайды, ал өндірістің өзі бұрынғы көлеммен 


34
және шамамен жаңартылып отырады дегенді білдіреді. Жай ұдайы 
өндіріс қоғам дамуының артта қалуымен, жабық жүйе бойынша 
ғылыми-техникалық ілгерілеудің төмен қарқынымен және техника-
ның дамуының төменгі деңгейімен түсіндіріледі. Ұдайы өндірістің 
осындай типі Азияның, Латын Америкасының бірқатар елдерінде 
және көптеген африкандық елдерде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет