199
2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%.
ЖІӨ-нің бағалар индексі. ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ
дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің
бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемлекеттің
сатып алатын тауарларының бағаларынан
және әлемдік нарықта
сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан
құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨ-
ді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші
көрсеткіш болып
табылады.
ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі
жылдар арасындағы өндіріс
көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін
алынатын
бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе
төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің
ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз.
Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі
де әсер етеді.
Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:
Достарыңызбен бөлісу: