Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Джозеф М. Джуранның сапаны көтеру бойынша 10 сатысы



бет95/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Джозеф М. Джуранның сапаны көтеру бойынша 10 сатысы
1. Сапалы жұмыстағы сұраныс түсінігін құрыңыз және сапаны жақсарту үшін мүмкіндік жасаңыз.
2. Іс-әрекетті тұрақты жетілдіру үшін мақсаттар қойыңыз.
3. Мәселелерді анықтау үшін, жобаларды таңдау үшін жағдай жасап, командалар құрып және координаталарды таңдап, мақсаттарға қол жеткізуге жұмыс істейтін ұйымдар құрыңыз.
4. Мекеменің барлық қызметкерлерін оқытыңыз.
5. Мәселелерді шешу үшін жобаларды орындаңыз.
6. Қол жеткізген жақсартулар туралы қызметкерлерге хабарлаңыз.
7. Сапаны жақсартуға үлкен үлес қосқан қызметкерлерге өз алғысыңызды білдіріңіз.
8. Нәтижелер туралы хабарлаңыз.
9. Жетістіктерді тіркеңіз.
10. Жыл бойы қол жеткізген жетістіктертерді мекемеде үнемі қызмет атқаратын жүйелер мен процестерге бекітіп, енгізіңіз.
Филипп Б. Кросбидің сапаны көтеру бойынша 14 сатылы жоспары
1. Сапа идеясына басшылықтың ұстамдылығын нақты анықтаңыз.
2. Ұйымның барлық мүшелеріне сапа туралы ақпарат беру үшін сапаны жақсарту жұмыстары бойынша командаларды пайдалану.
3. Сапаны өлшеңіз және сапа жөніндегі ағымдық және потенциалды мәселелерді ашыңыз.
4. Сапа құнын есептеңіз.
5. Жұмыскерлерге сапасыз жұмыс қанша тұратындығын айтыңыз.
6. Түзетуші әрекеттерді орындаңыз.
7. Нөлдік ақау бағдарламасымен жұмыс істейтін арнайы комитет құрыңыз.
8. Нөлдік ақау бағдарламасын енгізетін персоналдарды оқытыңыз.
9. Мекемеде бұл бағдарламаға жаңаша қарайтын фактіні көрсететін және бағдарламаны түсіндіретін «нөлдік ақау күнін» өткізіңіз.
10. Жақсартылған сапаға бағытталған мақсаттарды орнататын персоналды бекітіңіз және қолдаңыз.
11. Ақаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін мәселелер туралы жұмыскерлерге түсіндіріңіз.
12. Қойылған мақсаттарға жетіп, жұмысын өте жақсы орындаған қызметкерлерге алғыс білдіріңіз.
13. Бір-бірімен тұрақты хабарласып тұратын командалар басшылары мен профессионалдардан тұратын сапа кеңестерін ұйымдастырыңыз.
14. Бұл әрекеттерді берілген бағдарлама аяқталғанға дейін қайталаңыз.
Осы принциптерді бірлестіре отырып, американдық ғалымдар Джон Рэббит пен Питер Бергх оларды жеті сапа факторларына біріктірді:
1. Тұтынушыға назар аудару;
2. Процеске және оның нәтижелеріне назар аудару;
3. Жұмысқа қатысу мен нәтижеге жауапкершілікті басқару;
4. Барлық процестердің үздіксіз жақсаруы;
5. Жұмыскерлерге байланысты туындайтын проблемалар кәсіпорынның барлық проблемаларының 20%-нан аспауы тиіс;
6. Барлық сатыдағы сапалы метрологиялық бақылау;
7. Сапаны жақсарту бойынша тұрақты әрекет ететін өтпелі функционалдық кеңестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет