Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Маслоу, Мак Клелланд, Герцберг теорияларын



Pdf көрінісі
бет119/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144
Маслоу, Мак Клелланд, Герцберг теорияларын 
салыстыру Маслоу теориясы
1. Қажеттіліктер бірінші, екінші ретті болып бөлінеді және 
басымдылықтарына сәйкес орналастырылатын бес деңгейлі сатылы 
(иерархиялық) құрылым болып табылады.
2. Адамның 
мінез-құлқына 
сатылы 
(иерархиялық) 


251
құрылымның ең төмен қанағаттанбаған қажеттілігі себепші болады.
3. Тілек қанағаттандырылғаннан кейін, оның ықпал етуі 
тоқтатылады.
Мак Клелланд теориясы
Адамды ынталандыруға себепкер үш қажеттілік бар, ол – 
билікке, табысқа жету тілегі мен тиістілік (әлеуметтік қажеттілік).
2. Бүгінде жоғары реттегі тілектер ерекше маңызды, өйткені 
төменгі деңгейдегі қажеттіліктер, әдетте, қанағаттандырылған. 
Герцберг теориясы
Қажеттіліктер гигиеналық факторлар мен мотивацияға бөлінеді. 
2. Гигиеналық факторлардың бар болуы, жұмысқа деген 
қанағаттанбау сезімінің дамуына жол бермейді.
3. Маслоу мен Мак Клелландтың жоғары деңгейдегі 
қажеттіліктерге жуық сай келетін мотивациялары адамның мінез-
құлқына белсенді ықпал жасайды.
4. Бағыныштыларының тиімді ұмтылысына себепкер болу 
үшін басшының өзі жұмыс мәнін ұғынуы керек.
34. Басқарудың ақпараттық негіздемесі
Басқаруды ұйымдастыруға жүйелі түрде қарау оның ақпараттық 
жағын бөліп алып, оны дұрыс бағалауды талап етеді. 
Басқарудың барлық үрдісі ақпаратты қабылдау, өзгерту және 
жеткізу үрдісі ретінде қаралына алады. Бұл үрдістің орталық сәті 
шешім қабылдау актісі болып табылады. Шешім қабылдау басқарушы 
ақпаратты тудырады, ал мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, 
нормативтер, бұйрықтар беру түрінде орындаушыларға жеткізіледі 
де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға бағытталған әрі үйлестірілген 
әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге 
шешімдер қабылдау үрдісі де ақпаратқа сүйенеді, ал олардың 
негізделу дәрежесі, сайып келгенде сол ақпараттың толық, анық 
болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады. 
Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас 
байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат тасқындары арқылы 
байланысты. Бұл тармақта бір органдағы ақпараттық шығу 
басқалары үшін ақпараттық кіруге айналады. 


252
Әрбір басқару органы байланыстық тармақтардың өз алдына 
дербес торабы болып есептелінеді, онда әр алуан саладан түсетін 
және әр түрлі бағыттарға жіберілетін көптеген ақпарат тасқындары 
тоғысып жатады. Ақпарат тасқындары мазмұны, уақыт тәртібі 
бойынша сипатталады. Сондықтан да, басқаруды ұйымдастыру осы 
сипаттамалармен тығыз байланысты. Осы тәуелділіктерді анықтау 
оларды есепке ала отырып, басқару құрылымын жасау және оның 
қызметтерін бөлу, ақпарат тасқындарын ұйымдастыру – ақпараттық 
тұрғыдан басқару жүйесін зерттеудің мақсаты болып табылады. 
Енді ақпарат дегеніміз не екенін анықтап алғанымыз жөн. 
Әдетте, ақпаратты хабарлама, мәліметтер, деректер ретінде 
сипаттайды. 
Алайда басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер 
маңызды емес. Әрбір басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері 
сандық жағынан бірдей болғанымен, тең дәрежеде бағалы болып 
шықпайтындығын біледі. 
Басқару аппаратының қызметкері деректерді ала отырып, оларды 
жай ғана қабылдай салуға тиісті емес. Ол деректердің мазмұнын 
анықтауға, шешілетін міндеттер үшін олардың маңыздылығын 
бағалауға тиісті. Мазмұнды анықтау ісі бұл қызметкерден оның 
кәсіби дәрежесіне, мамандығына, жұмыс тәжірибесіне байланысты 
білімдер қорын жұмылдыруды талап етеді. Білімдер қоры оны 
қабылдаушы субъектінің (адамның) есінде қалған ұғымдар, 
пікірлер және олардың арасындағы байланыстар ретінде көрінеді. 
Мамандар оны тезаурус (латынша – қазына деген сөз) деп атайды. 
Хабарламаның мазмұны түсінікті болуы үшін, ол жұрттың айтып 
жүргеніндей қабылдаушының қазынасымен (тезаурусымен) ортақ 
нүктелерге ие болуы керек. Дәлірек айтқанда, егер хабарламада 
қандай да бір термин болса, онда қабылдаушының есінде ол 
терминнің мағыналық мәнін құрайтын ұғым болуға тиісті. Егер 
мұндай терминдер көп болса, онда хабар бұл қабылдаушыға таныс 
емес тілде айтылған кез келген мәлімет сияқты ақпараттың бір 
бөлігі есебінде қабылданады. Бұл жерде ақпараттың жоғалу себебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет