264
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Ақжүніс: Бұлай етпеңіз, беліңіздің
жазылғандығын білдіріп,
сол тастап
кеткен елге бір көрініңіз. Жақсыларға
ой салып, жамандарды қорқытып
қайтыңыз. Егер бармасаңыз, Қырым
халқынан Ақшаханның қол астынан
Тарғын деген батыр келіп, омыртқасы
мертігіп, іске аспай,
қарға-құзғынға
жем болды дер.
(Екеуі қайтадан кетеді. Сәлден
соң қайта кіреді. Қолында құрығы
бар малшы өтіп кетеді. Хан, мырза,
би – түгел осы жерге келіп, Тарғынға
көріседі. Бәрі отырады.)
Хан: Айыпқа бұйырмаңыз. Сіз-
ге бара алмадық. Бұл уақытта
жұртымызға жау келіп, өзіміз бек
қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен
жазылып келдіңіз бе?
Тарғын: Аллаға шүкір, келдім.
Хан: Бұл қалмақты әуелгідей
қуып, бізді бұл жаудан босатсаңшы.
Тарғын: Қатып қалған көнім, қатты
қалған көңілім бар. Қырымға барып,
қырық құрдасымды алып, Алла жол
берсе, еліңді шауып, басыңды алар-
мын. Көзіме көрінбей кет!
Хан: Олай болса райыңнан қайт.
Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз та-
стап кеткенімнің ұятынан Ақжүніс
сұлудың үстіне
жалғыз қызымды
берейін. Жаңағы жұртымның саған
бармағаны үшін айыбыңды бер (қол
алысады).
(
Бәрі шығып кетеді. Сол жерге
қаптаған жау кіріп келеді. Тарғын
қылышымен келіп, жауды келген
жағына қарай ығыстырып шығып
кетеді де, шымылдық жабылады).
Достарыңызбен бөлісу: