81
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
Заң – өрмекші торы: кіші жән-
діктер онда бірден өледі, ал ірілері
қалыпты да жақсы өмір сүреді.
Ең жақсы басқару дегеніміз: бар-
лығы тең деген ортада алғашқы
орындар жақсылық жасаушыларға,
ал кейінгілері кінәлілерге.
Сонымен
қатар әскери өнерді
жақсы меңгерген, әскери қолбасшы
болған. Әйгілі философтар мен та-
рихшылардың еңбектерін оқып, бі-
лімін кеңейтеді. Тарихшылардың
айтуынша,
көшпелілердің ер жігіті
әскери соғысқа қатыспай, алыс са-
парға шықпайтын болған. Анахар-
систің өз Отанын, халқын шексіз
сүйгенін,
туған халқының салт-
дәстүрін қатты құрметтегенін мұнда
«Анноға» арналған сөздерінен біле-
міз: «Менің бар жамылғым – скифтің
шапаны, етігім – аяғымның терісі,
төсегім – кең дала, таңғы асым мен
түстігім – сүт, ірімшік және қуырдақ,
сусыным – су» деген екен. Сонымен
қатар, «Патшаның ұлына»
айтылған
тағылымдық сөзінде: «Сенің сенге-
нің – сыбызғы-сырнай мен әмияның,
менің сенгенім – садақ пен жебе.
Сондықтан сен – сауықшыл дүниенің
құлысың, ал мен – еркін адаммын.
Сенде жау көп, менің дұшпандарым
жоқ. Егер сен де асыл тастарыңды
лақтырып тастап, садақ пен қорам-
сақты асынып, скифтердің ішінде
өмір сүрсең, онда сен де мен сияқты
еркіндікте жүрер едің», – деп,
еркін
жүретін көшпенділік өмірдің мәнін
түсіндіреді. Ал «Медокқа» арналған
трактатында адамның бойындағы
жағымсыз қасиеттерді сынап, ондай
қасиеттерден
скифтер өз бойларын
аулақ ұстайтынын, бауырмал, таза,
батыр және әділ халық екенін айта
келіп: «Қызғаныш пен қорқақтық –
адамның бойындағы қасиетсіз сезім,
оның соңы досың мен еліңнің та-
бысын табалайтын қайғыға ұласады,
ал қорқыныштың түбі үмітсіз дүниеге
үміттенумен өмір сүруге әкеп тірей-
ді. Мұндай адамдарды скифтер ұнат-
пайды. Жек көру, қызғаныш,
көре-
алмаушылық сезімдері бар адамдар
жауымен қалай күрессе, олармен де
солай күреседі» деп келтіреді. Біздің
пікірімізше, Анахарсистің отансүй-
гіштік рух туралы өсиеттері негізі-
нен өз туған жеріне, халқына деген
сүйіспеншілігімен сипатталады. Бо-
лашақта жастарды отансүйгіштікке
тәрбиелеуде
негізгі құрал ретінде
пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: