Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет44/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   195
кітап тарбие туралы

(Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр- 
аңыздар» кітабынан, 67-б.)
Ерлік-отансүйгіштік тәрбие
 туралы айтқаны
Минш жазығындағы соғыста Күл-
тегін баһадүр қалың жауға қарсы 
шабады. Сонда: «Шаша Сүңгімен 
соғыстық. Қаруына, сауытына жүз-
ден артық оқ тиді. Баһадүрдің басы-
на бірде-бір оқ дарыған жоқ. Оның 
шабуылын, түркі бектері, жақсы біле-
сіңдер! Жау әскерін сол жерде талқан-
дадық» делінген Күлтегіннің үлкен 
жазуында (Жұртбаев Т. «Дулыға» 
атты кітабынан, Т.2., 128-б.)
Әдебиеттер
1. Мыңжанұлы А. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жазушы, 1992. – 400 б.
2. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1986. – 
181 б.
2.3. Қорқыттың тәрбиелік 
мұралары
Қорқыт (VIII-IХ ғғ.) – оғыз-қып-
шақ 
тайпаларынан 
шыққан 
ойшыл, батагөй абызы, дәулескер 
күйшісі, келер күнді болжайтын 
көріпкел данасы. Тарихи дерек-
терде Сыр бойы мен Сарыарқа 
алабында ғұмыр кешкен. Қорқыт 
қазақ үшін ең алдымен күй атасы. 
Ол туралы аңыз-әңгімелерде ел 
бірлігі мен түркі халықтарының 
тұтастығы туралы күймен жеткіз-
ген. Түркі халықтарының арсында 
«Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», 
«Қорқыттың елмен қоштасуы», 
«Тәңір күйі» деп келетін күйлері, 
байырғы сарындар күні бүгінге 
дейін қолданыста бар.
Түркі халықтарына ортақ тұлға, 
ғұлама Қорқыт (VIII ғ. Қызылор-
да облысында өмір сүрген) – түр-
кі халықтарына ортақ данышпан
ойшыл, қобызшы. Қорқыттың өмір 
сүрген ортасы туралы ғылымда 
әр түрлі болжамдар қалыптасқан. 
Шығыс ғұламасы Рашид әд-Дин «Жа-
миғ ат-тауарих» атты тарихи шежіре-
сінде Қорқыттың оғыз-қыпшақтың 
қият тайпасынан шыққанын және 
95 жасында қайтыс болғанын дәлел-
дейді. Ал академик Ә. Марғұланның 


88
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
еңбектерінде VІІ-ҮІІІ ғасырларда 
өмір сүрді деген пікір айтылады. 
Қорқыт жайлы аңыздардан оның 
бойындағы үш түрлі өнер ерекше 
айқындалады. Біріншіден, оғыз-қып-
шақ ұлысының белгілі абызы. Екінші-
ден, күйші, қобыз өнерінің негізін са-
лушы. Үшіншіден, әйгілі жырау, оның 
жырларында оғыз-қыпшақтарының 
тарихы, өмір салты баян далған. Түр-
кі халықтарының фольклорындағы 
Қорқыттың дүниеге келуі туралы 
аңыздарда әлемді үш күн, үш түн қа-
раңғылық басқанын айтады. Сұрапыл 
дауыл тұрып, ел-жұртты қорқыныш 
сезімі билеген. Осыған байланысты 
баланың атын «Қорқыт» деп қойған 
дейді. Зерттеуші Е. Тұрсынов түркі 
халықтарының фольклорына сүйене 
отырып, «дада, деде» деген сөздерді 
«насихат айтушы жырау» деп кел-
тіреді. Белгілі түркітанушы В. Жир-
мунский: «Қорқыт магиялық аспап –
қобыздың иесі, көріпкел, ғұлама, 
абыз» деп сипаттайды. Деректерге 
сүйенетін болсақ: «Қорқыттың та-
рихи тұлға екенін растайтын жазба 
ескерткіш «Қорқыт Aта кітабы» не-
месе («Китәби дәдәм Коркуд») болып 
табылады. Онда Қорқытты жырау, 
ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, 
күйші ретінде бейнелейді. Аңыздар-
да Қорқыт өзінің жүйрік желмаясы-
на мініп, халқы бақытты өмір сүре-
тін Жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы 
өлімге қарсы күресуші жан ретінде 
суреттеледі. Қорқыт өмірінің соңын-
да мәңгілік өмір сырын іздеп, дүние-
нің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ 
қайда барса да, алдынан көр қазып 
жатқан адамдарды жолықтырады. 
«Кімнің көрі?» деген сауалына 
«Қорқыттың көрі» деген жауап ес-
тиді. «Қайда барсаң да Қорқыттың 
көрі» деген сөз осыдан қалған. Ақыр 
аяғында «жер кіндігін тапсаң, тірі 
қаласың» деген аян естіп, туған жері 
Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі 
өмір тек өнерде деген ой келіп, қобыз 
аспабын ойлап шығарады. Өзен ор-
тасына кілем жайып, үстінде отырып, 
қобыз тартқанда күй күшімен суға 
батпайды екен. Қорқыт Aта қобыз 
тартқан жылдары өлім болмаған, 
тек бақытты өмір болған дейді. Бі-
рақ Қорқыт шаршап, ұйықтап кеткен 
сәтінде судан қарақұрт шығып, оны 
шағып өлтірген. Аңызда ажал ашық 
келмей қарақұрт кейпінде келеді» 
дейді.
Белгілі тарихшы Л. Гумилев оның 
«қайтыс болған жерін Қызылор-
да облысы Қармақшы ауданындағы 
Сырдың бойында 1952 жылға дейін 
сақталған «Қорқыт мазары» дәлел-
дейді. Қорқыт көне түркі қоғамының 
ыдырау кезінде өмір сүрген. Ал бұл
қоғамның біржола күйреуі VІІІ ға-
сырдың аяқ шеніне келеді (745 жыл)» 
деп келтіреді. Қорқыт бабамыздың 
«Елім-ай, халқым-ай» күйінің шығу 
тарихы көрсеткендей, елінің ыдыра-
уына өкініш сезімдері бар. Демек, 
Қор қыт Aта өмір сүрген дәуірді 


89
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
VІІІ ға сырдың аяғы ІХ ғасырдың 
басы деп топшылауымызға болады.
Қорқыт мұраларын этнопедаго-
гикалық тұрғыдан зерделеу тарихи, 
әдеби, этнографиялық мәліметтерді 
қажет етеді. Сондықтан ол жөніндегі 
кейбір мәліметтерге жүгінсек, оның 
туған жері белгісіз, ата жағынан – 
оғыз тайпасының қият руынан, ана 
жағынан – қыпшақ, әкесінің есімі – 
Қарақожа деп келтіреді [4, 22-б.]. 
Қазақ өркениеті үшін оғыз-қып-
шақ тайпаларының этногенезі ай-
рықша мәнді, өйткені қазақ, өзбек, 
түркімен тайпалары ІX-X ғасырлар-
да сол оғыздардан тараған еді. Ал 
оғыздардың өзі ертедегі сақ-массагет, 
одан соңғы ғұн, үйсін тайпаларынан 
құралған болатын. Оғыз-қыпшақ 
дәуірі түркілік тағылымның жетістігі 
мол кезең болды. Солардың қатарын-
да «Қорқыт Ата» кітабын айтуға бо-
лады. Зерттеуші-ғалым Ә. Қоңырат-
баев: «Бұл тарихи-тағылымдық мұра 
Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуі-
рінде жырланып, ХV ғасырда кавказ 
жерінде хатқа түскен», – деп келтіре-
ді [5, 51-б.].
Яғни, Қорқыт мұраларын тә-
лім-тәрбиелік тұрғыдан зерттеу ба-
бамыздың түркі дүниесіндегі орнын 
ашады. Қорқыт дала данышпаны ре-
тінде оғыз-қыпшақ ұлысының әйгілі 
ойшылы, қарт данагөйі, белгілі саз-
гер қобызшысы, шамандық сенімнің 
пірі, дала жыршысы, кейде парасатты 
хан кеңесшісі ретінде белгілі болған. 
Философ зерттеуші Ж. Алтайдың: 
«Қорқыт жайындағы аңыздарды жи-
нақтай келгенде, оның бойындағы үш 
түрлі өнері айқындала түседі. Бірін-
шіден, ол – оғыз-қыпшақ ұлысынан 
шыққан айтулы бақсы, шаман. Екін-
шіден, Қорқыт – күйші, музыкант, 
ең тұңғыш қобыз сарынын тудырған 
Адам. Үшіншіден, Қорқыт – эпос ай-
тушы, әйгілі жырау», – деген ой-пікі-
рі де осыны айғақтайды [6, 80-б.].
Яғни, Қорқыт мұраларында түр-
кілік тәрбиеге тән халықтың мәң-
гі өмір сүруі үшін аңызға айналған 
«өлімен қашып, өмір сүруді» арман-
даған утопиялық идеяларынан біз 
халқымыздың ғұмыр кешу қағида-
ларын, өмір сүру дағдыларын, сол 
арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан 
мұрагерлік тәрбиені, ата мен бала, 
ана мен ұл-қыз, т.б. өткен мен бүгінді 
байланыстыратын мол мұрағаттарды 
танимыз. Оның көп қызметті шығар-
машылық өмір жолы сол дәуірдегі 
халқымыздың өмір сүруіндегі ере-
желерді ескертуімен, тіршіліктің 
мән-мағынасын байыптауымен, әлем 
мен адам арақатынасының үйлесім-
ділігін ұғындыруымен ерекшелене-
ді. Оның түйіндеген өмір заңдылығы 
мен тіршілік бомысы, ғұмыр кешудің 
тиімді озық үлгілері жөніндегі ой-
тол ғамдары сол дәуірдің ұрпақтары 
үшін канондық ережелерге айналған. 
Кей деректерде ол әдет-ғұрып пен 
салт-дәстүрді жүйелеуші, жинақтау-
шы және оны ұрпақтарға өмір үлгі-


90
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
лері, ұлттық болмысты сақтайтын 
қағидалар ретінде ұсынушы болған. 
Бәлкім осы заманғы халықтық дәстүр 
мен көшпелілер өркениетінің өмір-
шеңдігі мен ұстамды сабақтастығы, 
ұрпақтан-ұрпаққа берілген тұрақты 
жалғастығы Қорқыт кезеңінен оның 
айрықша тұлғалық орнынан бастау 
алып жатқан шығар немесе символ-
дық түрде солай. Атап айтқанда, ба-
бамыз өз заманының данышпаны 
ретінде тууына, өмір сүруіне, үлгі 
боларлықтай мол мұра қалдыруы-
на объективті себептер қажет болуы 
мүмкін. Біздің пікірімізше, Қорқыт 
мұрасы халықтық дүниетаным, 
ортақ рухани мұра, ортақ ұлттың 
тыныс-тіршілігі болып есептеле-
ді, ал оның тарихи әпсаналары мен 
мәтіндік туындылары және қобыз 
күйлерінің сарындары объективті 
деректер, яғни шынайылық болып 
табылады. Қашанда тағылымдық 
мұралар тек ауызша жырлар мен 
аңыздар ел өмірінде рухани сусын, 
өмірлік тәжірибе үлгісі, отансүй-
гіштікті қалыптастырудың ашық 
көзі ретінде қастерленген. Біздің 
пікірімізше, келтірілген тарихи де-
ректерден Қорқыттың этнопедагоги-
калық мұраларындағы аңыздар мен 
күйлер, жазба әңгімелер жиынтығы, 
даналық тұжырымдамалары, т.б. аса 
бір ұмытылмастай жинақталған көне 
дәуірдің тағылымдық мұралары бо-
лып табылады. Ол бүгінгі таңда кеңі-
нен насихатталуы қажет деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет