Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


(«Йасауи Қожа Ахмет. Хикметтер /Жалпы ред. басқарған



Pdf көрінісі
бет65/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   195
кітап тарбие туралы

Йасауи Қожа Ахмет. Хикметтер /Жалпы ред. басқарған 
М.Қ. Әбусейтова; Қазақшалаған Ә.М. Ибатов, 
З. Жандарбек, А.Ш. Нұрманова» кітабынан,
125-126 бб.)
Аманат ету, оны орындау туралы хикметі
Хақ тағала рахымымен пәрмен қылды
Хақ тағала рахымымен пәрмен қылды,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Алпыс үште сүннеттерін бекем тұтып,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште сүннет деді, есітіп білдім.
Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жарандардан пайда, көмек ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым.
Хақ тағалаға құлшылық қыла алмадым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Болармын ба Мұхаммедтің шын үмбеті,
Үмбетім десе күнаһардан асып түсер дәулеті.
Балдан тәтті оның бұл мехнаты,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Біздер үшін жаннан кешті ол Мұхаммед,
Үмбет болсаң, қамын жеме жалған үмбет.
Күндіз-түні сайран салып шашқан мүлік,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Елу жаста хабар келді: өлмек адам,


124
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Шарты болар сенде болса нұрлы иман.
Таңда махшар дидарласып қылар мейман,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Ей, мұсылман, бұл дүниенің баяны жоқ,
Шын білерсің әркез мұның жалғаны жоқ.
Кім білмесе бір Алланы, иманы жоқ,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Асылым топырақ, нәсілім топырақ баршадан хар,
Басқа салса өр кеудең топырақ болар.
Өлген жанға шайтанның әуесі бар,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Шын тақуаға құдай өзі қылар рахмет,
Қиямет күні жарылқаумен тонын беред.
Махшар күні дидар көріп сүргей дәулет,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Пенде болсаң мехнат тарт, қараңғы адам,
Ақылға ерсең ғанибет дүр саған одан.
Аманат қой ғазіз жаның, жүрме бейғам,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Алпыс үште сүннет болды жерге кірмек,
Расул үшін екі ғалам жарық бермек.
Ғашық жанның сүннеті-дүр тірі өлмек,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Үмбет болсаң есітіп жаның бермес пе едің,
Мұстафаға жаның құрбан қылмас па едің?
Жан не болар, иманыңды бермес пе едің,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Құл Қожа Ахмет алпыс үште ғайып болды,
Әдеп сақтап Мұстафаға серік болды.
Сұлтан болды, мехнат тартып күйікті болды,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет