Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Мидың дамуының графологиялық сызбасы



Pdf көрінісі
бет139/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
Мидың дамуының графологиялық сызбасы 
І ІІ ІІІ 
Prosencephalon 
Mesencephalon Rhombencephalon 
Telencephalon Diencephalon 
Mesencephalon Metencephalon Муelencephalon 
1.үлкен ми 1.таламус 
1.ми аяқшалары 1.көпір 1.IV-қарынша
сыңарлары 2.эпиталамус 2.төрт тө
б
ешік 2.мишық
2.ромбтәрізді
2.базальды 3.метаталамус 
3.ортаңғы ми 3.IV-қарынша шұңқыр 
ядролар
су
құбыры
3. 
Бассүйек 
3.бүйір 4.гипоталамус 4.
ромбтәрізді
нервтерінің
қарыншалар
шұңқыр
ядролары
5.
бассүйек 
нервтерінің 
ядролары 
Жұлын 
Жұлын, medulla spinalis, омыртқа бағанасы өзегінде орналасқан. Пішіні алдынан 
артына қарай аздап қысыңқы, цилиндртәрізді болып келеді. Оның мойындық, кеуделік 
жәнет белдік бөліктерін ажыратады. Ұзындығы еркектерде орта есеппен 45 см,әйелдерде 
42 см шамасында,жуандығы 8 мм-ден( кеуделік бөлігінде) 14 мм- ге (мойындық және 
белдік бөліктерінде) дейін болады . Жоғарғы жағында, шүйде сүйектің үлкен тесігінің 
деңгейінде жұлын сопақша миға жалғасады. Бұл жерде жұлыннан бірінші жұп жұлын 
нервтері шығады. Жұлынның төменгі шеті сүйірлене милық конус, conus medullaris


257 
түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке соңғы жіпке,
filum terminale, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның 
жуандаған мойындық буылтығы, intumescentia cervicalis және бел – сегізкөздік 
буылтығыintumescentia lumbosacralis, бар, олардан қол және аяқ нервтеледі, сондықтан 
аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның алдыңғы бетінде алдыңғы 
орталық саңылау, fissura mediana anterior, артқы бетінде артқы орталық жүлгеsulcus 
medianus posterior,орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі. 
Жұлынның әрбір жартысында алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis және 
артқы латералды жүлгеsulcus posterolateralis, өтеді. Артқы латералды жүлгеге артқы 
түбіршік, radix posterior (сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен 
қосылатын жерінде жұлын түйініganglion spinale, орналасқан, ол жалған бір өсінділі 
(жалған униполярлы) сезімтал нейрондардан түзілген. Осы нейрондардың орталық 
өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден алдыңғы 
түбіршік, radix anterior (қозғалтқыш), шығады. Бұл тү
б
іршік жұлынның алдыңғы 
мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және 
артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды 
жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін, nervus spinalis,түзеді. Жұлыннан 31 жұп 
жұлын нервтері шығады. 
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі ) жұлынның 
сегменті, деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 
белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақты
қ
(Co1), барлығы 31сегмент 
бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді. 
Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа 
бұлшықеттері енеді. 
Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттанsubstantia gris , және сыртқы жағында 
орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың 
денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген. 
Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен 
аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et 
columna posterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік 
сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. 
Жұлынның ортасында орталық өзек , canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті 
IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы 


258 
қарыншаныventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, 
оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр 
заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы 
мүйізін, cornu anterius , және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың 
арасында орталық аралық және бүйір аралық заттар орналасқан. Орталық аралық зат , 
substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Латералды аралық зат
substantia intermedia lateralis , орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, 
жұлынның С
VIII 
-L
II-III
сегменттерінде бүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale,
құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).Substantia intermedia lateralis – 
вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады. 
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың 
әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік 
ядроны, nucleus thoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпе тәрізді затты,substantia 
gelatinosa және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан 
сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық 
өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді. 
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: 
латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық 
ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің 
құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады. 
Жұлынның ақ заты,substantia alba, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол 
жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық 
саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы
және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқы жіпше, funiculus posterior, артқы 
орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв 
талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады: 
1. Ассоциативтік будалар, артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз 
сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің 
алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр 
затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын- меншікті будалардыfasiculi 
proprii,түзеді. 
2. Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар, нервтік импульсты миға жеткізеді. 


259 
3. Төмендеген ( қозғалтқышөткізгіш жолдар, нервтік импульсты мидан жұлынның 
алдыңғы мүйізіне өткізеді. 
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш 
пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар 
сегментүстілік өткізгіш аппарат деп аталады. 
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты филогенездік даму барысында ерте 
пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына 
жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары 
енеді. 
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және 
төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар 
орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет