61
батыр жайы көбiрек хикаяланады»[1,66].
Вакхилидтiң маңызды қызметi –
оның грек драматургиясына,
әсiресе трагедиясына негiз салғандығы. Вакхилид шығармалары
көбiне диалог формасында болып келедi, оларды «дифирамб» деп
атаған едi. Осыдан трагедия формасы туды дегенге саяды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грек лирикасының негізгі түрлері қандай?
2. Элегия мен ямб өлеңдерінің мәні?
3. Каллин мен Тиртей шығармашылықтарындағы
көркемдік
ерекшеліктерді салыстырыңыз.
4. Солон шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік
(образдылық) пен поэтикалық тіл мәселелері қалай шешілген ?
5. Сапфо өлеңдерінің
халықтық мерекелермен, үйлену, салт-
жоралғылармен байланыстарын анықтаңыз.
6. Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық
стильдің шарықтау шегі туралы не айта аласыңыз ?
7. Симонид және ежелгі эпиграмма дәстүрлерінің жаңғыруы.