199
Бағыттағы КБ ОЖА функциясы одометр мен жақын жерді
ұстайтын радиоканал құралының көмегімен жүзеге асады, оған
борт
қабылдағышынан
басқа
бағыттарда
қондырылатын
радиомаяк кіреді. КБ радиомаяк әрекеті аймағынан өткен кезде,
жол координатасы радиоканал арқылы КБ
аппаратурасына енеді
және маяктан өткен ара қашықтық деректерінің бәрін жинап,
бағыттағы КБ ағымдық координатасын анықтайды. Жақын жерді
ұстайтын радиоканал 820 МГц жиілікте жұмыс жасайды. КБ
басқару орталығымен байланысы үшін 300 МГц жиілік
диапазонымен екі радиоканал бөлінеді: біреуі сөйлесу үшін,
екіншісі сандық ақпарат беруге арналған.
ЖК-АДБЖ
жетілдірудегі
жаңа
мүмкіндіктер
ақпараттандыру,
телекоммуникация,
радионавигация
және
байланыстың заманауи құралдары негізінде жүзеге асырылуда.
2000 жылдан бастап Ресейдің көптеген қалаларында қала
көліктерін автоматтандырылған радионавигациялық жүйелерді
басқару (АРНЖБ) құрылды. Бұл жүйелердің сынамалы үлгілері
Ресей Көлік Министрлігінің
басқаруымен Брянск, Краснодар,
Сои, Майкоп, Череповец, Владимир, Сургут,
Волгоград, Волжск,
Кострома қалаларында «Транснавигация» ҒӨМ ендірілді. А-
АДБЖ біріктірілген шешімдеріне қала көліктерінің коммуналдық,
кезекші-техникалық және авариялық-құтқару сияқты басқа да
түрлерін бірге басқару үрдісі байқалды.
АРНЖБ негізгі шағын жүйелері:
ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету – бағыттар,
жүргізушілер және аялдамалар кестесін, сондай-ақ ЖҚ
жұмысының графигін жасау және ДБ кіргізу;
жолаушылар
көлігін
диспетчерлік
басқару
–
бағдарланған
қозғалыстарды бақылау, ЖҚ бағытта
және саябақта толық басқару, жұмыс анализі және
есептілік;
диспетчердің КБ жүргізушісімен
сөйлесу байланысын
қамтамасыз ету үшін радиоканалды басқару (жеке
режім, топтық режім, циркулярлық режім), диспетчер
мен жүргізушінің сөйлесуін ДБ архивіне жазу;