Дүйсембин К.Д, Алиакбарова З.М Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003.
Обреймова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиена детей и подростков. Москва: «Академия» 2000.
Жоғары жүйке әрекеті туралы түсінік
Жоғары жүйке әрекетіне (ЖЖӘ)- ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі. ЖЖӘ адам ағзасының сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді.
ЖЖӘ: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, көңіл-күй. Педагогтар ЖЖӘ түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, жан-жақты білімді, ойлау қабілеті дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш медицина ғылымының негізін салушы ғалымдар Платон, Гиппократ болжап айтқан болатын. Орыс ғалымы И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлді.