Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру заман талабы



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі27.7 Kb.
#471863
  1   2   3
СҒЗЖ Ордабек


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру — заман талабы
Білім-бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашанда жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз -білім. Қазіргі жас ұрпақтың білім мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау- бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.


Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны- «ХХІ ғасыда нені оқыту керек және ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал-білім. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дмыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі-Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық -техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс -шаралар кешенін қамтиды.Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылды. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға , кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білм беру саласындағы бес қадам жоспарлан ған.Соның негізгілері
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең -кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде –жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.
89-қадам. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционал дық сауаттылық, кеңінен алғанда , білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы- оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.Соның бірі — функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы -сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты -оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын , пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері.
PISA зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,Финляндия,Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея,т.б) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мынадай фактор әсер етеді:
а)білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар,оқу бағдарламалары);
ә)оқыту нысандары мен әдістері;
б)білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
в)мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
г)мектепті басқару моделі;
ғ )барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
д) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Ұлттық жоспардың мақсаты -Қазақстандағы білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.Осыған орай,Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт механизмін бөліп көрсетеді:
Оның бірінші механизмі—оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту (МЖБС-мемлекеттік стандарт) .Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімде -луіне, алған білімін практикалық жағдайда пайдалана алатындай негізгі құзіреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
— әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
— тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім,білім, білік дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
— азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);
— технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын сауатты пайдалану);
Оқушы осы аталған құзіреттіліктермен қатар пәндік құзіреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып табылады. Іштей бағалау-оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері (ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД) .Сондай-ақ халықаралық ( TIMSS, PISA, PIRLS ) зерттеулерге қатысуы. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілді.
PISA зерттеулері қазіргі уақытта мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыста рына бейімделген тапсырмалар; экономикалық , тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б) болып табылады.
БҒДМБ қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі тип тегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеу леріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тап сырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география);
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсен ділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдам дығы мен мәтінді дәлме- дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға пайдалану бағаланады. Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдана білу қабілеттері.
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, ғылыми- табиғи мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтау және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттеріФункционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Ата-ананың борышы-бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдермен тығыз байланыс жасауы керек. Ата-ананың бойында да функционалдық сауаттылық болуы тиіс. Ата-аналарға арналған әдістемеде семинарлар мен тренингтер өткізу қарастырылған.
Функционалдық сауаттылықтың төртінші механизмі— қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалардың интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б. Бұл шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады.
Ұлттық жоспардың орындалуын іске асыру нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми зерттеу жағын қамтамасыз ету;
2. Білім беру мазмұнын жаңарту;
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету;
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу;
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің ролі зор. Соның ішінде қазақ тілі сабағының орны ерекше.Осыған орай, оқушыға тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын үйрету-қазақ тілінің басты міндеті болып табылады. Қазақ тілі пәні боқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынадай тұжырымдаманы ұсынуға болады: 1. Оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерту;
2.Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3.Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолда- ну және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету. 
5.Оқушыларды өзгермелі өмірге үйрету;
6.Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту;
7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту;
8.Қазақ халқының салт-дәстүрі,мәдениеті, тарихын түсінуге және құрметтеуге баулу;
ХХІ ғасыр –бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры ұстаздар қауымына аманат етіп тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті-өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалім мен оқушының бір-біріне деген сүйіспеншілігі,оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлауға бейім,интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптас тыру мектеп мұғалімдері үшін жауапты іс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет