Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі Музыка мен әдебиеттің байланысы 2 Тәжірибелік жұмыстағы әдістер 2



Дата01.10.2022
өлшемі16.23 Kb.
#461753
1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру 1


.1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру 1.2 Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі 1.3 Музыка мен әдебиеттің байланысы 2 Тәжірибелік жұмыстағы әдістер 2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті дамытуда тәжірибелік жұмыстар 2.2 Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері 2.2.1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері 2.2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары 2.3 Шығармашылық тапсырмалар 3 Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу 3.1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы кәсіптік шеберлігі 3.1.1 Жас ұрпақты тәрбиедеудегі ұстаздың жеке тұлғасы. 3.1.2 Тәрбиедегі қоғамдық ортаның орны 3.2 Тәрбие негізі-өнеге 3.2.1 Музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы 3.2.2 Музыка мектебінде білім мен тәрбие беру 3.2.3 Музыка пәндеріне арналған жалпы бастауыш мектеп бағдарламасының мәні Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996): "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. «Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар». Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады. Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр. Дипломдық жұмыста - халықтық дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады. Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады. а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта); ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру; б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау; в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет; г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді. «Әлемнің басты өлшеушісі – ол Адам». XXI ғасыр табалдырығын аттау сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді. Көпқырлы қоғам бағытын жетілдіру процесінде, ой-өрісі жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы, өмірдің бағасын сезіне, болжай білуіне үйретеді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, маңызы, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, жұмыстың тәжірибелік мәні жарықтандырылады. Бірінші тарау оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылады. Екінші тарауында теория мен тәжрибе ұштастырылып халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу жолдары қарастырылады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет