«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Лекциялар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Өзін-өзі тану» пәнінен 
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тараз 2021ж. 


№1 Дәріс 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары: 
1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік 
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.
3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.
1.Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилонмен 
Фалесаузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде 
Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде 
адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылыт үсінуге болатындығына көз 
жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін-өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не 
істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін 
қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бойалдырмай 
бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын 
көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”–деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын 
тапты. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау , оның шығу тегін білуге 
ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу , адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен 
қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде 
қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі 
Көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның 
ішкі дүниесімен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына 
сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның 
Өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету ,өзара адамгершілік 
құндылықтарымен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі 
болды. Аристотель:“Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда 
ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай 
білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын 
сипаттайды. Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы 
егжей-тегжейлі түсінік бере келіп:“Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі 
билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”,-дей келе 
өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму 
ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық 
пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, …“бір халық екінші халықтан табиғи үш 
қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және 
тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін,әдетін, болмысын, мінезін 
зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің 
дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, 
мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам 
мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму 
сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді. Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу 
мәселесінде адамның ішкі жандүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында 
көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т.Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко,
п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессорБ.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова,
п.ғ.к. Л.К.Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл
тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізінқалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г.
Соловьева өз еңбектеріндеұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген
атқалайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлемменүйлесуі, халықтық
дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа
сатыға көтеруміндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева
атап өткендей«үлкенөзгерістер» басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың
біліктілігінкөтеру семинарында сөйлеген сөзінде…Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі
тануына«Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек?
Маған қалай өмір сүру керек? Кез-келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу


керек?» дегенсұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімніңмазмұнын, оның 
құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін 
сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралапөтті. Адам өзін-өзі тануға 
талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдардытанып түсіну және оларға нақты көмектесе алу
келмейді. Қоғамдықдамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі
тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұғанжеткілікті мөлшердегі
жүректілік қажет, өз рефлексиясыныңнәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде
қабылдауға мүмкіндікберерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет. Студент тұлғасының 
өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекшімақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет.
Студенттің“Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға
дегенгуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту ментәрбиелеу ісіне қатысы 
бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыдадамытуын қамтамасыз ететін басты құралы.
Болашақ маманның өзін-өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл 
процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің
жалпыүйлесімділігіне, әсіресе оның“Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді.
Сондықтан студенттің тұлғалық дамуыныңсипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік
құндылықбағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерініңмаңызынан кем емес.
Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттікжүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі
әдістерімен 
қатар 
жаңатехнологияларын 
ендіру 
негізінде 
білімді
шығармашылықпенмеңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзіжетілдіруге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғыорынға шығарылып отыр.
2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. Адамның қарым-қатынасының
үйлесімділігін қамтамасыз етудеадамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы«Адам-
Қоғам», «Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасықандай ұстанымдарға,
принциптерге арқа сүйетініненқұндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие
болғанынкөреміз. Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адамболмысты өз
құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршағанортадағы заттар мен құбылыстар
тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген
ерекшеэмоциональдық реңкке ие болатын қатынасты білдіреді. Адамныңәлемге
қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды,
сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б. тұрғысынан бағалап, адамгершілік құндылықтар
арқылықарастыруымен сипатталады. Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған
кезденбастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебірухани-
адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтікортаға бір-біріне деген қарым-
қатынасы, өмір сүру салты, дамудеңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент. Рухани
құндылықтыңсапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі,
ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапаларыарқылы өлшенетін болса, адамгершілік
құндылық адамның адамиқасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі,
мейірімділіксезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағытуыстық, достық
қарым-қатынасымен бірігу идеясыменерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да
субъектініңбойында белгілі бір эмоцияларды–қуану, сүйсіну, таңдану, табынут.б. қамтып
дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оныңішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге
табыну бала кезден, ана сүтіменбірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз
тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесіндеорнығып, 
кезеңге сай дамып отырды. Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, 
саралап қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында біріншіқұндылықты анықтау үшін 
белгілі бір себепке байланысты қажеттілікоянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру
жолында өзалдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-
адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастауалады десек те болады. Себебі рухани-
адамгершілік құндылықтарадам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы,
тұрмыстіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланыпотырады.
Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адамиқасиеттер және адам екендігі
қоғам дамуында әрдайым дәлелденіпкелген. Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты
адамгершілік адамиқұндылықтарға жалпы сипаттама беріп, оның өмірдегі маңызы


менмәніне тоқталу. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылыадамның 
іс-әрекет бағдарын белгілейді. Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады,
оладамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адамсанасында орын
алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, алсана арқылы оны түсінуге болады,
соның нәтижесінде тұлғақұндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.
№І-ші кесте. Құндылықтардың жіктелуі. 
Жалпы 
адамзаттыққұндылықтар, 
Жоғары 
сападеңгейіндегіқұндылықтар, 
Рухани 
– 
адамгершілікиманиқұндылықтар-адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым-қатынас,адам бақыты, 
ұрпақжалғастыру, еңбекету , табыс, ынтымақтастық, белсенділік,тәуелсіздік т.б.-адам 
конвенциясы, демократия, азаматтық қоғам, мәдениет т.б. -мәдениет, саясат, әдебиет, Отан, Ана,
Жер, дін, діл, ар-ождан, парыз, ерік, жігер, күш, махаббат, қайырымдылық, мейірімділік т.б.
Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағыөркениетті дамудың талабы, мұның
өзі әлеуметтік қатынастардыұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне
байланыстыболып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретіндеадам аса
айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатынажету құралы зиялылықты
қалыптастыруды, сезім, көңіл-күймәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен
бағдарлардыңбелгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процессболып
табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің
аясында өзіміз қалыптастырған қоғамғақадам басатындығымыз айқын. Құндылықтар - тәрбие
мен оқытудағы адамгершілікке бағытталғанидеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық,
тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар-
идеалдардықабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ойсана арқылы
қабылданады. Құндылықтар – құрметтеу , қошеметтеу , қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. 
Сонымен“Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамныңөзінің табиғи жаратылысы мен 
өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылысарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы
нәтижесіндеқалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағыорнын,
даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкіқұрылымдық элемент- деп білеміз. 
Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі танунегізінде қалыптастыру үрдісін
студенттің бойындағы тұлғалықөзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен
тығызбайланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студенткежаңаша қойылатын
талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, текқана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз
айналасындағыжолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді. Студенттердің
рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзітану арқылы қалыптастыру олардың бойында
төмендегіқасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:
- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалықөріс-өресі, терең 
танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қояалушылық, көмек көрсетуге 
даярлық;
- болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне 
сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасынажоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі 
дамытуға, өздігіненбілім алуға қажеттілігінің болуы;
- өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершіліккежатпайтын
олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуғаұмтылуы; 
Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның.“Қазіргі уақытта
қоғамдағы балалар мен жасжеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани - өнегелі тәрбиесі,
гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді. Бұл орайдаС.Назарбаева қазіргі
жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жаназығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп,
барлығына тек қанасүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан 
дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары біліктіазамат
шығатынын“Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. “Бытьздоровым человеком значит
привести в равновесие тело, разумдух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти


путь ксебе. Без духовной любви всякое обучение бесполезно”- деп, бұлтұрғыда ғалым, білім 
алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады.
2. Ғылым– білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпызаңдылықтарды қорытып
шығаруға жұмылдырылған зерттеулер непәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі
туралы жаңабілімдерді жасауға бағытталады. Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру
процесі, оқыту , тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға
бағытталғантанымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейісараланады:
эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді
түсіндіруге және олардыңдамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы
заңдылықтарұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулернегізінде
құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады. 
Өзін-өзі тану ғылымның обьектісі – білім беру, тәрбиелеу . Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні
ғана емес, сонымен қатарфилософия, педагогика, әлеуметтану, психология, экономика
жәнет.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайымүмкіншілік деңгейін
зерттей отырып, оларды дайындауға қажеттішығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру
жүйесінің адамдыәлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестіңдамуына
көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білімберудің жалпы өмірдегі мақсаты,
орны жайындағы мәселелердіқарастырады. Психолог білім берудің психологиялық
жақтарынзерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігінанықтауға 
бағытталады. Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зорболғанмен, 
олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануымен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта
тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты
білім берудіңмәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білімберудің 
белгілі саласы-пәні ретінде танылады. Өзін-өзі тану пәні – жалпы білім беру мектептерінде, 
институттарда, университетте(жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары)
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, өзін-өзі тану–адамның өзін-өзі
тануының факторыжәне құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, 
заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1. «Өзін-өзі тану» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада 
анықтама беріңіз.
2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз?
3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет