Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары.
2. Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері.
3. “Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама.
4. Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту үрдісін ұйымдастыруына
сипаттама беріңіз?
5. В.С. Мерлин еңбегі бойынша дамудың төрт сатысына түсінік беріп, мәнін ашыңыз?
6. Келесі ғалымдар: А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А. Петровская тұлғаның таным процесінің
дамып жетілуін өз еңбектеріне талдау жасаңыз.
№14 Дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мақсаты: болашақ мамандардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: “ақыл”, “қайрат”, “жігер” “талап”,”терең ой”, “кемелдену”, “ізгілік” т.б.
Жоспар.
1. Ізгілік тәрбие негіздері.
2. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асады.
3. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.
1. Данышпан Әбу - насыр әл-Фарабидің пікірі бойынша, бір халық екінші халықтан табиғи үш
қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі. Әл-Фараби өзінің әлеуметтік, этикалық
көзқарастарының кіндігіне адамды алады. Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді
пенде қоғамдық пайдалы қызметін жеке бақытын жасай алады. Музыканы, тіл білімін және
логиканы педагогикалық ғылымға біріктіре отырып, осы арқылы Әл-Фараби дара тұлғаның жан-
жақты үйлесімді дамуындағы тәрбие мәселесіне айтарлықтай мән берген. Тұлғаны тәрбиелеу,
оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихы әріде
жатыр. Алғашқы адамды тәрбиелеу процесі тіпті алғашқы қауымдық құрлыста қалыптасты десек
те қателеспейміз. Себебі, алғашқы құрылған жанұя ондағы бала тәрбиесі бертін келе ашылған
мектептер, бұлардың барлығының объектісі ол дара тұлғаны қалыптастыру тәрбиесі. Тәрбие
қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасалмай, тұлғаны қалыптастырып оны
өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттері дамытудың құралы болып
табылады. Осыдан келіп тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік
қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие, адамның даму және қалыптасу
заңдылықтарына негізделеді. Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани - өнегелі
тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін
тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-
өзі бағалау. Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып
табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі
дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет.
Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып,
зерттеуге пайдасы бар. Өйткені, жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын,
олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ, жалпы адамдарда тиісті жанның қасиеттерінен басқа,
әр адамға қас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол
басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым “Өзіндік таным” пәні адамның жан
жүйесінің ішкі дүниесіне жол ашатын, ішкі толқыныстар мен сезімдерді жеке адамдар
өзгешелігін зерттейтін ғылым. Рас, бұл курс әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез
қасиеттерін түгел тексеріп, ішкі күш, қуат пен жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл
бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жас та болса әр адамның өзгеше сипаттары мен сан қилы
қырларын тексеріп, жеке адамды дамытуға бұл бөлімнен көмек табылады. Өзімізді бақылау,
сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя
білуге үйрететін бұл ғылымның саласына өзіңді өзің тани отырып сол арқылы өз бойыңдағы
шығармашылық белсенділікті арттыруға икемдейтін модельдер қалыптастыру артық етпейді. Ал,
өзіндік танымның шығармашылық белсенділігін ХХ ғасырдың ұлы ойшылдары Сай Баба және
Ошо былай сипаттап көрсетеді “… шығармашылық белсенділік бұл өзіндік танымның жетем деп
көздеген жұлдызды мақсаты”, яғни өзіндік таным арқылы шығармашылық белсенділікті
қалыптастыру керек. Себебі, шығармашылықта дамыту үшін адамда топтың бөлшегі емес, оны
жеке тұлға ретінде бөліп алып қалыптастыру қажет. Өзінің көзқарасы жоқ топтың немесе
қоғамның меңзеуімен жүретін, солардың идеасын қайталаумен жүретін адамның бойында
шығармашылық белсенділігі болмайды. Шығармашылық дегеніміз-жеке “меннің” бостандығы,
еркіндігі. Өзіндік таным шығармашылығы дамыған адам, кез –келген құбылысты ерекше көреді.
Олар өзгелерге естілмейтін дыбысты жанымен сезініп, ішкі дүниесі жүрегі арқылы қабылдап,
өзгеден ерекше естиді. Көрініс, құбылыс, дыбыс, ой іс -әрекет қарама- қайшылықтарынан
үндестік, гормония, тұтастық өзара байланысын тауып, оны өз алдына бөлек ешнәрсеге
ұқсамайтын қайталауы жоқ, шығарма ретінде дамытады.
3. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни,
жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық
жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және
отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының
құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру,
спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды
тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың
біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы),
эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін
дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар
экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады. Отбасында
балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына
мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар:
нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік
әсер; әдістерді таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу
мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т.б.). Отбасы тәрбиесінің
әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық,
балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу,
денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік
ситуациялар қолданылады. Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар
баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір,
отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ,
атрибуттар, т.б. Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан
шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі - отбасы өзінің басты функциясы,
яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда. Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық
жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп
жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы
мен мектептің байланысының нашарлауы т.б. Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары:
отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен
қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б. Тәрбие көзделген
әрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан
көрінбейді, ол адамның нақты іс-әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру
мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы
әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті
басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер және қылықтарға жіктейді. Қажетті
тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын
қылық, әрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай
жазатынын әңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін
емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай, жоспарланған
мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні – талап етілген әрекеттерді көп мәрте
қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі – тұлғаның бекіген
сапалары: әдеттер мен дағдылар. Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды:
1) жаттығулар жүйесі;
2) олар мазмұны;
3) түсініктілігі мен жеңілдігі;
4) көлемі;
5) қайталау жиілігі;
6) бақылау мен түзету;
7) тәрбиеленушілердің тұлғалық сапалары;
8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны;
9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы;
10) жаттығу сеп-түрткілері мен оған деген ынта себептері.
Жаттығулар жиілігі, көлемі және жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар: жаттығу
неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары
келеді. Бұл тәуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп отырады. Бірдей тең деңгейлі сапаны
қалыптастыру үшін әр оқушының орындайтын жаттығуларының саны әрқилы: бір бала
көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген
жаттығу әрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты әдеттерді
қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мәрте қайталау керек.
Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тәрбиеші, ең алдымен, өз тәрбиеленушілеріне қандай
дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн.
Жаттығулардың көзделген қылық-әрекетке сәйкес болуы (адекватность) – әдісінен баланың
өмірлік қажетті, мәнді және пайдалы дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Сондықтан
жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы
адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады. Тұрақты дағдылар мен
әдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас
организм қай әсерді де тез қабылдайды. Әдеттенген адам өз сезімін басқара біледі,
құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады.
ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тәртіптілік, қатынас мәдениеті – бәрі де тұрақтанған
әдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары. Жаттықтыру әдістерінің тиімділігіне себепші
маңызды шарттардың бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп күрделеніп баруы. Кіші
сынып оқушыларында мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда, келесідей шамалап түзілген
ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады. Гуманистік тәрбиеде де қатаң әдістер
қолданылады. Бірақ әңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді әдеттердің бірі – талап.
Тәрбие барысындағы талап тәрбиеленуші әрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге
қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап – анық, дәл, нақты. Жанамалы
талапта әрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс және т.б.) өзі
емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде,
ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары: Кеңес-талап. Бала санасына
ықпал жасаумен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің
қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тәуелді. Ойын
талап. Әрқандай талаптарды қою үшін тәжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын
пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да
қабылдайды. Бұл талап әдісінің өте ізгілікті және тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса
жоғары педагогикалық шеберлік қажет. Сенім талап. Мұндай әдіс, әдетте, сыйластық жайлаған
ортада іске асады. Өтініш талап. Педагог пен тәрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-
қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді. Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам әрі
жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады,
өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік
педагогика адам құқына қарсы қатаң әдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл
әдісті жұмсарта, басқа әдістермен, әсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды.
Үйретіп көндіру және оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді. Үйретіп көндіру
тәрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден
қажет. Бұл әдісті пайдалану шарттары:
1. Тәрбие шарттарын екі тараптың да анық, дұрыс түсінуі. Егер тәрбиеші алдына қойған көндіру
мақсатының мәнін, пайдасын жете пайымдамаса, онда әдіс баланы түгелдей бағындырумен
орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана әдіс өз нәтижесін
береді.
2. Қандай да талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді өрнектеңіз, ерекше
пікіріңізді «олай бол да, солай бол» деп қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сәлем берсең – ол да
жылы сәлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір – адам шоршытады»
сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн.
3. Әрбір уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай әрекет жоспарлаңыз. Асығыстық
мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дәл орындауға, кейін тез
орындауға үйретіңіз.
4. Қалай орындалуын, одан болар нәтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық
пен салғырттықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріп, бала жанын қозғаңыз, өз тәрбиесіздігінен
ұялып, оқушыны өзінің келеңсіз әрекетінен жеркенуге мәжбүр етіңіз.
5. Көндірудің бірізді – параллель схемасын қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын біртіндеп,
кезегімен тәрбиелейтін болсаңыз – уақыт жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды параллель де
қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын
анықтап, оларды бірқатар тәрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп
алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз.
6. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау
бар жерде нәтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет.
7. Көндірудің педагогикалық тиімді нәтижесі ойынмен бірге келеді. Бала белгілі қағидаларды
ойын барысында еш зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға
тартудың себептері: 1) қажетті іс-әрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа
жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса. Тапсырыстар беру –
балаларды ұнамды қылық-әрекеттерге жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы:
сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жәрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға
ойыншықтар дайындау; сынып бөлмесін мейрамға безендіру және т.б. Қажетті сапаларды
дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға
– дәл әрі орынды жасау әрекеті, шыдамсыздарға – байсалдылық талап ететін жұмыстарды
тапсырып тәрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті
жоқ. Тәрбиелік жағдайлар – арнайы жасалған шарттарға орай тәрбиеленуші іс-әрекеті мен мінез-
қылығын қалыптастыру әдісі. Тәрбиелік жағдайлар (ситуация) тиімділігін көтерудің екі жолын
еске ұстаған жөн: - жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмірде кездесетін қарама-
қарсылықтары мен қүрделіліктерден құралуы тиіс. Тәрбиеші әдейі жағдай туындатушы
шарттарды түзеді, ал ситуациялар табиғи қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай
ситуацияларға бай: «Оқушы – мұғалім», «Оқушы – жол тәртібінің сақшысы», «Оқушы – ертеңгі
серуен басшысы» және т.б. тосын жағдайлар. Мұғалім ескертпесін күткен тәрбиеленуші оған
алдын ала дайындалады, ал әрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді.
Оқушының тосын қылығына мұғалім кеңпейілділік, қайырымдылық танытуы лазым. Бірақ бұл
жағдайдағы басты шарт: бала мұғалім әрекетін дұрыс түсініп, оны әлсіздік, сенімсіздік демей,
жоғары адамгершілік тұрғысынан қабылдауы тиіс. Қай жағдайда да мұғалімнің ситуация
дамуына тікелей араласпағаны жөн. Аталған әдіс басқа тәрбие әдістерінің баршасымен тығыз
байланысты. Тұлға мінез-қылығын қалыптастыру әдістері тәрбиеде өте қажет. Олардың бәрі
тәрбие процесінің өзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл әдістер: жаттықтыру, талап, көндіру,
тәрбиелік жағдайлар (ситуациялар).
Достарыңызбен бөлісу: |