П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет26/31
Дата25.02.2016
өлшемі7.77 Mb.
#24316
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Әдебиеттер

  1. Әлібек С.Н. Т.Рысқұлов – талантты ұйымдастырушы, іскер басшы, саяси қайраткер// Туған өлке тарихынан. (Ғылыми мақалалар жинағы).–Алматы; «Таңбалы» баспасы,2011.70 бет.

  2. Туркестанский Г. Очерки революционного движения в Средней Азии. // Коммунистическая мысль. Книга 1. Издание САКУ. Ташкент, 1926. С - 210-211.

  3. Кузьмин Н.О марксистском понимании восстания 1916. // Ком-мунистическая мысль. Книга 2.Издание САКУ. Ташкент, 1927. С – 183-184.

  4. Әлібек С.Н. Кеңес билігі тұсындағы жер мәселесі. // Туған өлке тарихынан. (Ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы; «Таңбалы» баспасы, 2011. 15 бет.

  5. Рысқұлов Т. 1916 жылғы көтеріліс. // Новый Восток. № 6. Москва, 1924. С. – 407.

  6. Әлібек С.Н. Созақ қасіреті. // Туған өлке тарихынан. (Ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы; «Таңбалы» баспасы, 2011. 37-38 беттер.

  7. Сонда. 43 бет.

  8. Әлібек С.Н. Т.Рысқұлов – талантты ұйымдастырушы, іскер басшы, саяси қайраткер // Туған өлке тарихынан. (Ғылыми мақалалар жинағы).–Алматы; «Таңбалы» баспасы,2011. 71бет

  9. Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архиві 86 – қ, 1 –т, 1526 – іс, 10-п.

  10. Әлібек С.Н. Т.Рысқұлов – талантты ұйымдастырушы, іскер басшы, саяси қайраткер // Туған өлке тарихынан. (Ғылыми мақалалар жинағы).–Алматы; «Таңбалы» баспасы,2011.73 бет.

  11. Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. Ташкент, 2000. 6 бет.

  12. Т.Рысқұлов. Ресейдің мемлекеттік саяси - әлеуметтік тарихи мұрағаты. И.В.Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 258 – қор, 1 тізбе, 65 іс, 42 – 52 парақтар.



С.Н. Алибек, С.Қ. Косанбаев

общественно-политическая деятельность

Турара Рыскулова

В статье по архивным материалам освещена общественно-политическая деятельность Турара Рыскулова и его роль в развитии казахстанского общества. Авторы статьи, изучая известную историческую казахскую личность Турара Рыскулова и его общественно-политическую деятельность, преследуют цель патриотического воспитания молодого поколения к своей Родине.



Ключевые слова: Туран, личность, национально-освободительное восстание, народ-ное движение, тоталитарная система, политика геноцида, строительство Турксиба.

S.N. Alibek, S.K. Kosanbayev

social and political activity of Turara Ruskulova
In the article on the archived materials social and political activity of Turara Ruskulova and his role are lighted up in development of Kazakhstan society. Authors of the article studying well-known historical kazakh personality of Turara Ruskulova and his social and political activity, aim of patriotic education of the young generation to the Motherland.

Key words: Turans, personality, nation-freedom revolt, motion, figures of people, to consult totalitarian system, politics of genocide, building of Тurksib.

УДК 929: 9 (574)



Ә.Қ. Мұқтар – т.ғ.д., профессор,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті

Г.Т. Жуматаева – магистрант,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ,

E-mail: gulmarzhan85@mail.ru
В.В.БАРТОЛЬДТІҢ ТҮРКІСТАН АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ҮЙІРМЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Аңдатпа. Мақалада Санкт-Петербург Ғылым Академиясының академигі, шығыста-нушы, арабтанушы, филолог В.В.Бартольдтің Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінде қызмет атқара жүріп, Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқандығы туралы айтылады. Осы кезеңде шығыстанушының қазақ тарихына қатысты «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға жасалған саяхат туралы есеп», «Жетісу тарихының очерктері», «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан», т.б. еңбектері дүниеге келді.

Түйін сөз: Түркістан, археология, ғалым, шығыстанушы, тарих.
Ресей патшасы кең-байтақ қазақ жерін отарлау мақсатында ең алдымен оның тарихын, мәдениетін зерттеуді басты меже етіп алғаны белгілі. Осы мақсатта қазақ жерінің табиғатын, географиясын, жер қойнауын, халқының салт-дәстүрін, тұрмысын жан-жақты зерттеумен айналысатын ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Атап айтсақ, Солтүстік және Батыс Қазақстанды – Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды – Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақ-станды – Орыс география қоғамының Батыс-Сібір бөлімі зерттеумен айналысты. Соның ішінде Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі – қазақ халқының тарихында елеулі орынға ие болды. Үйірме Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті саласында мол мұра қалдырды.

1895 жылы Ташкентте жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның тарихына, сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын өкілдерін, әскери адамдарды, шенеуніктерді біріктірген археология әуесқойларынан құралған Түркістан үйірмесінің ұйымдастырылуы тікелей В.В.Бартольдтің есімімен байланысты [1, 17 б.]. 1893 жылдың мамыр айында орыстың белгілі ғалымы В.В.Бартольд Санкт-Петербург университетінің және Ғылым Академиясы-ның тапсырмасымен Шу және Іле өзені алқабының көне ескерткіштерін зерттеу үшін бұрын В.В.Радловтың басшылығымен Орхон экспедициясында болған суретші С.М.Дудинмен (1863-1929 ж.ж) Орта Азияға іс-сапармен барады. Алайда бұл сапарында оның тек Шымкенттен Әулие-Атаға дейінгі және Талас алқабындағы жолдарды көріп шығуға мүмкіндігі болады, себебі В.Бартольд жазатайым жағдайға ұшырап (аттан құлап, аяғы сынады), Әулие-Атада қалып, кейін Ташкентте әскери госпитальда жатады. Осы жылы қыста Ташкентте болған археологтар мен ғалымдардың мәжілісінде В.В.Бартольд қатысушыларға өз тарапынан «археологиялық істе жергілікті қайраткер-лердің маңызды орны бар» екендігін атап көрсетеді. Осы археология сала-сындағы ізденушілер жиналысында «Түркістан губерниясының орталығы Ташкент қаласында Түркістан археология әуесқойларының үйірмесін құру» жөнінен шешім қабылданады [2, с.371-376].



Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі - Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми бірлестік. Оған әскери әкімшіліктің басшылары, әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуніктер мүше болған [3, с.264]. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі 1895 жыл-дың 11 желтоқсанынан 1917 жылға дейін қызмет атқарған. Құрылған күнінен құрылтайшы мүшелері жалпы жиналысын өткізген. Кейін «Туркестанские ведомости» газетінде үйірменің ашылғаны, оның Жарғысы қоса жарияланған [4, 124 б.]. Үйірменің ашылуында сөз сөйлеген Түркістан губерниясының генерал-губернаторы А.Б.Вребский: «Мен өте ризамын, себебі менің еншіме алдында жауапты ғылыми мақсаты бар Түркістан археология әуесқойлары үйірмесін ашу бұйырып тұр. Түркістан өлкесінің ежелгі тұрғындары туралы тарихта беймәлім сырлар көп, үйірменің мақсаты – ортаазиялық кезеңнің тарихын ашатын мәліметтерді көптеп жинау болып табылады. Орта Азия, қазіргі Ауғанстан, Балх, Мерві және өзге де көршілес жерлер, ежелгі арий тайпасының бесігі болған, - деген пікір бар. Мәдениеті жағынан көш ілгері дамыған ежелгі арий тайпалары ерікті өмір сүру үшін осы жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Кейін Қиыр Шығыстың жабайы халқы оларды ығыстырып, арий мәдениетін жойып жіберген, ал біздің ата-бабаларымыз Еуропаға қоныс тепкен. Қазіргі таңда, тағдыр бізді қайта ата-бабамыз тұрған жерлерге әкелді, сондықтан, біздің алдымызда сол жерлердегі тарихи ескерт-кіштерді жинау және сақтау, жойылып кеткен арий мәдениетін қайта қалпына келтіру секілді қасиетті борыш тұр», - дейді [5, с.7]. Бұдан көретініміздей, Түркістан өлкесінен арий тайпаларына қатысты мәліметтердің табылатын-дығына үйірме төрағасы сенімді болған және мүшелерден осыны талап еткен.

«Түркістан археология әуесқойларының үйірмесін құру жөніндегі» жарғыны бекіту 1895 жылы 31 қазанда халыққа білім беру министрлігімен жүзеге асырылған болатын. Жарғы параграфтарында айтылғандай, үйірме мыналардан тұрды:

а) Түркістан өлкесінде кездесетін, ескі ескерткіштермен танысу;

б) Суреттерді археологиялық өлкенің картасына енгізу;

в) Археологиялық ескерткіштерді сақтау;

г) Археологиялық қазбаларды жүргізу;

д) Баспаға арналған жергілікті археологиялық материалдарды өңдеу.

3 параграф бұл үйірмені құрудың маңыздылығын аша түседі, онда «Түркістан генерал-губернаторы осы ұйымның құрметті төрағасы болып саналады» делінген. 4-параграфта қарастырылғандай, үйірме құрметті және нақты мүшелерден тұрады, ал 5-параграфта «үйірменің мүшелері мен қыз-меткерлері жергілікті археологияға қызыққан адамды сұрақ-дауысқа салумен сайлайтындығы» қарастырылған; негізгі мүшелер өз ортасынан басқарушыны сайлайды (параграф 7), ал басқарушы ағымдағы істерді анықтап қарайды, шешеді және анықтайды, қандай археологиялық ескерткіштер толық зерттеу-лерге жатады, қазулардың жолымен, өндірістік қазбаға және үйірменің құрамына кіретіндерді шешеді (параграф 9). Археологиялық рефераттарды тыңдауға және ағымдағы іс жайлы маңызды шешім қабылдауға, үйірмеге жаңа мүшелер сайлауға және т.б. мәселелер жалпы жиналыста қарасты-рылады (параграф 10) [6, с.11-16]. Жалпы Түркістан археология әуесқойлары үйірмесін құру жоғарғы жақтан берілген тапсырма болғанмен, оның негізінен үш құрылтайшысын атауға болады, оларды ішкі мақсат пен ғылыми қызығу-шылық бір арнаға тоғыстырды. Құрылтайшылардың мақсат-міндеттері қиылыспаса, үйірме атымен болмас еді. Үйірменің төрағасы Түркістан генерал-губернаторы А.Б.Вребский, төраға орынбасары Н.П.Остроумов және белсенді мүшесі В.В.Бартольд болды.

Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің 1896 жылғы 22 жел-тоқсандағы мәжілісінде мүшелерінің саны 47 адамнан тұрған. Олардың ішінен В.В.Радлов, В.Р.Розен, Н.И.Ветеловский, В.А.Каллаур, А.А.Диваев, К.Г.Залеман, Н.Н.Пантусов, И.В.Аничков, А.К.Кларе, С.Ф.Ольденбург, В.Г.Тизенгаузен, И.А.Кастанье, Н.Жетпісбаев, М.С.Андреев, Н.Г.Маллицкий, Е.Т.Смирнов, т.б. белсенді мүшелерін атауымызға болады [4, 124 б.]. Кейінгі жылдары үйірмеде 100-ден астам мүше болған [7, с.3-215]. Сонымен қатар үйірме жұмысына атсалысқан, бірақ мүше болуды қаламаған белгілі ғалым ретінде В.Л.Вяткинді атауға болады.

Үйірме мүшелері өздерінің статусын жай ғана «әуесқойлар» дегенімен, олардың көпшілігі он шақты немесе одан да көп шығыс және батыс тілдерін білген, гимназиядан толыққанды орта білім алғандар болуымен қатар, сол кезеңдегі шығыстану саласының орталықтары болған Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан университеттерінің шығыс тілдері факультетінде тарихи-филологиялық білім алған, өз еңбектерін шетелдік басылымдарда жариялап отырған белгілі ғалымдар болған. Мәселен, археология «әуесқойларының» бірі М.С.Андреев КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Өзбекстан Республика-сының ҒА академигі, Бенгалия Географиялық қоғамының корреспондент-мүшесі қызметтерін атқара жүріп ортаазиялық этнографияға үлес қосқан ғалым болатын.

Үйірме мүшелерінің құрамы кең ауқымда болды, оған әлемдік деңгей-дегі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольдтан бастап шығыстану саласына қатысы жоқ Түркістан генерал-губернаторлығында халыққа білім беру ісіне жауапты Ф.М.Керенскийге дейін мүшелік еткен [8, с.233].

Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі оған мүше болған ғалымдардың баға жетпес ғылыми еңбектерінің дүниеге келуіне мұрындық болды. 1917 жылға дейін жұмыс істеген бұл ұйым Орта Азия мен Қазақстан-дағы шығыстану саласының даму тарихында елеулі із қалдырды. Ұйымның ашқан жаңалықтары мен атақты шығыстанушырдың ғылыми зерттеулері еліміздің тарих ғылымы саласын жаңа мағлұматтармен толықтырып, дамуы-на үлес қосты. Үйірме жұмысы барысында жинақталған мәліметтерді кейінгі зерттеушілер анықтама материал ретінде пайдаланды. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеген тұста отандық тарихшылар өткенімізді саралап, тарихымызды бүтіндеуде кейбір жоғалып кеткен тарихи ескерткіштерді, фольклорлық шығармаларды және жазуларды үйірме мұраларынан анықтап отырды. Ұйым мүшелерінің ой-пікірлері, олардың жазған зерттеулері көптеген жаңа зерттеулерге талпыныс берді. Ұйым атқарған жұмыстарының арқасында Қазақстан жерінде орналасқан тарихи маңызы бар археологиялық ескерткіштер белгіленіп, Қазақстаннның археология ғылымының дамуында үлкен серпіліс жасалды.



Үйірме мүшелері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды. XIX ғасырдың со-ңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыз-дардың (қазақтардың) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әртүрлі уезде-ріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Атап айтқанда, экспедицияның жұмысына «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә.Бөкейханов, Омбы мал дәрігерлік мектебін бітірген А.Исин, сондай-ақ О.Базанов, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, М.Шомбалов, Д.Сатыбалдин сияқты окыған жастар қатысты [9]. Бұл материалдар XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады.

Түркістан өлкесінің тарихи, мәдени ескерткіштерін зерттеп, ғылыми айналымға енгізуде Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қайрат-кері, ғалым-шығыстанушы В.В.Бартольдтің рөлі ерекше болды.

Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің (ТАӘҮ) құрылған бірінші күнінен бастап соңына дейін Василий Владимирович Бартольд оның белсенді мүшесі және қайраткері болған. Ұйым мүшелерінің бірқатарымен В.В.Бартольд хат арқылы хабарласып тұрған. В.В.Бартольдты Түркістан аумағындағы ғалымдардың мағлұматтарға толы хаттары сол аймақта болып жатқан жұмыстардың бағытынан, деңгейінен хабардар етіп тұрды. Шығыс-танушы В.В.Бартольд, үйірме жұмысын тиімді ұйымдастыруда «жергілікті жерде өмір сүріп, өлкенің өміріне қанық зерттеушілер мәліметтерді жинап, орталыққа жібереді, ал астаналықтар – оны жүйелеп, өңдеп, баспаға жібереді деген» ұстанымды енгізді. Осы тұрғыда, ол үйірмеге арналған мақаласында: «Егер археологияға білім саласының өзге салаларына көмекші ғылым ретінде қарамасақ, ол аз ғана адамдарды қызықтыра алатын өлі іске айналуы мүмкін» деп өз ойын пайымдайды [10, с.486].

Ғалым Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қызметі туралы: «Жетісу өңірінің Пішпек пен Тоқмақ маңынан несториандық қорғандардың табылуы – ғылымды бағалы жаңалықтармен толықтырды. Тоқмақ тұрғындары ескі Бұран арықтарының маңынан көптеген теңгелер тауып отырған, алайда ол теңгелерді жинақтап қайда сақталғанын мен біле алмадым. Сондықтан болашақта бұл мәселені зерттеуді мақсат ететін Түркістан өңіріндегі заңды қоғамдай (бұл қоғам – Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі) қоғам Жетісу өңірінде де құрылады деген үміттеміз. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі аз уақытта ғылымды жаңа ашулармен байытып, Талас жазығынан көнетүркілік және ұйғырлық жазбаларды тапты» - деп археология ғылымы саласындағы үлкен жетістігін атап көрсетеді [11, с.23-106].

Академик В.В.Бартольд «археология әуесқойы», әрі классик-шығыс-танушы болды, оның бойынан мұндай үндестіктің табылуы кездейсоқ емес. Өзінің жайлы кабинетінде отырып жұмыс істеп дағдыланған шығыстанушы-ғалым, әрине кәсіби археолог емес болатын. Сондықтан, ол үшін археология – әуесқойлық болса, шығыстану – мамандық болды, сөйтіп өз ісін терең меңгерген ғалымға археологиямен айналысуда өзінің кәсіби қызығушылығы көмекке келді.

Шығыстанушының өмірі мен қызметін зерттеген Б.В.Лунин: «Археоло-гиямен айналысу және мұражайдағы жұмыс – В.В.Бартольдтің ғылыми қыз-метінде алдыңғы орында болмағанмен, оның Орта Азиядағы археология саласы мен мұражай ісіне деген қызығушылығы және оны дамытуға үлес қосу мақсатындағы ұмтылысы өмір бойына жалғасты», - деп атап көрсетеді [12, с.77]. Ғалымның шығыс тарихына деген қызығушылығы – тарихты басқа ғылым салаларымен сабақтастыра тануға, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді.

Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің белсенді мүшесі қыз-метін атқарған ғалым 1896 жылғы 3 маусымда өткен үйірменің жиналысында арий мәдениеті жөнінен баяндама жасайды. Орта Азиядағы арий мәдениеті туралы айтқанда, ол мәселеге геосаясаттық көзқарас тұрғысынан емес, нақты ғылыми қызметкер ретінде қарап, зерделейді. «Тарихи деректерге сүйенсек, Орта Азиядағы отырықшы халық арий тайпасына, оның ішінде иран тобына жатады. Бірақ, Орта Азияның арий тайпасының алтын бесігі болғанын немесе арий тайпасының бұл жерге басқа елден қоныс аударғанын айту әзірге қиын-дық тудырады», - дейді [13, с.322.]. Ғалым Орта Азияның ежелгі тарихын зерделей отырып, ғасырлар бойы сақталған «арий тайпасына тән белгілерді» анықтауға тырысады. Жоғарыда келтірілген ғалымның пайымдаулары, оның Орта Азия халқының ұзақ та күрделі этникалық даму процесін зерттеуге объективті тұрғыдан қарағанына дәлел бола алады. Демек, зерттеушінің ғылымда өз пайдасына болса да дәлелсіз, жалған пікірге бой алдырудан аулақ болғанын көреміз.

1893 – 1894 жылдарда В.В.Бартольдтің Жетісу өлкесіне іс-сапармен келуі археология мен шығыстану ісін дамытуда зор рөл атқарған оқиға болды. Бұл сапарында ол Шу және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабының археологиялық ескерткіштерін зерттеді. Көптеген жазбаша деректемелерге сүйене келіп, В.В.Бартольд зерттеген ауданының топографиялық көрінісін суреттеп, археологиялық жағынан болашағы зор ескерткіштерді анықтады және оларды орта ғасырдағы белгілі қалалармен салыстырды. Атап айтқанда, ол Таразды Әулиеата (Жамбыл) орнында деп белгіледі. В.В.Бартольдтің материалдары Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан халықтарының өткен тарихының сырларын ашып берді [1, 17 б.].

Орта Азияға жасалған көп сапарларының ішіндегі 1893-1894 жыл-дардағы ең алғашқысы болған осы сапарында ол Шу және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабының археологиялық ескерткіштерін зерттеп қана қоймай, моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі моңғол әскерле-рінің Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жасаған шабуыл бағыттарын анықтауды мақсат етті. Осы сапары туралы жазған «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға жасалған саяхат туралы есеп» атты еңбегінде ғалым Шу және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабының археологиялық ескерткіштерін жүйелеп жазды, сонымен қатар жинаған көне жазбалар мен деректемелердің тізімін көрсетті. Оның «..есебі», арада көп жылдар өтсе де әлі күнге дейін тарихи ақпараттың тамаша үлгісі болып қалып отыр.

Ғалымның ең алғашқы ғылыми іс-сапары Қазақстан жерінен бастау алғаны назар аударарлық жайт. Осы орайда В.В.Бартольдтің 1893-1894 жыл-дардағы Орта Азияға жасалған іс-сапарында Жетісу өңіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеп, жинақтаған мәліметтерін пайдаланып бірқатар еңбек-терін дүниеге әкелгендігін баршамыз білеміз. Атап айтсақ, «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға жасалған саяхат туралы есеп» (1897), «Жетісу тарихының очерктері» (1898), «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» (1900), т.б. еңбектері Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты. Аталған еңбектердің дүниеге келу кезеңдері академиктің Түркістан археология әуесқойлары үйірмесіне мүше болған кезімен тұспа-тұс келеді, демек ғалымның үйірмеге мүше болуы оның ғылыми қызметпен табысты айналысуына септігін тигізгендігін байқаймыз. Одан әрі ғалым өзінің 42 жылдық ғылыми қызметінде Қазақстан территориясын назарынан тыс қалдырған емес.

Ғалымның алуан түрлі тақырыптарға арналған библиографтардың пайымдауынша 400-ден астам ғылыми еңбектері [2, с.3] негізінен Орта Азия елдерінің (соның ішінде Қазақстанның да) тарихына арналған. Осы орайда, ғалым өзінің Орта Азияның және оған шектес елдердің тарихына деген қызығушылығын былайша түсіндіреді: «орыстың шығыстанушы-тарихшы ғалымын Ресейге географиялық және тарихи жағынан басқа шығыс елдеріне қарағанда әлдеқайда жақын облыстың қызықтыруы қалыпты жағдай, осы орайда батысевропалықтарға қолжетімсіз мәліметтерді орыс ғалымының тыңғылықты игеруі тағы бар» [15, с.14].

В.В.Бартольд (1869-1930 ж.ж.) Санкт-Петербург Ғылым Академиясы-ның академигі, шығыстанушы, арабтанушы, филолог ретінде тарихта қалды. Оның шығыстану саласындағы орасан зор ғылыми мұралары бізге жетті. Ол өз еңбегінің көпшілігін кеңес дәуірінде жазды. Оның баға жетпес ғылыми зерттеулері үлкен-үлкен тоғыз томдық шығармалар жинағына біріктірілді. Ғалымның еңбектерінен шығыс халықтарының, әсіресе түркі тілдес халық-тардың тарихы мен этнографиясы бойынша мол мағлұмат алуға болады.



Әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996. – 544 б.

  2. Бартольд В.В. Избранные произведения по истории кыргызов и Кыргызстана: Составление и допольнительные комментарии и предисловие О.Караева. – Бишкек: Шам, 1996. – 608 с.

  3. «Казахстан». Национальная энциклопедия. т.5 /Гл.ред. Б.Аяган. – Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2006. – 560 с.

  4. Ахметова Ұ.Т. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі (1887 – 1918 ж.ж.). – Атырау, 2010. – 268 б.

  5. www.mail.ru, Туркестанский кружок любителей архелогии, Открытие Туркестанского кружка любителей археологии 11 декабря 1895 года. - Ташкент: Типо-литография бр. Порцевых, 1895.

  6. www.yandex.ru, Туркестанский кружок любителей архелогии, Устав Туркестанского кружка любителей  археологии  //Открытие Туркестан-ского кружка любителей археологии 11 декабря 1895 года. - Ташкент:  Типо-литография бр.  Порцевых,  1895.

  7. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды Института истории, археологии и этнографии. - Алма-Ата, 1958. – 218 с.

  8. Лунин Б.В.  Из истории русского востоковедения и археологии в Тур­кестане. Туркестанский кружок любителей археологии (1895 -1917 гг.). - Ташкент: Изд-во АН УзбССР, 1958.

  9. www.yandex.kz, Қазақстанда Түркістан өлкесінің зерттелу тарихы.

  10. Бартольд В.В. Новое научное общество в Ташкенте // Сочинения. т. IX. Работы по истории востоковедения. - М.: Наука, 1977. – 610 с.

  11. Бартольд В.В. Сочинения. т.ІІ, часть 1. – М.: Наука, 1963. – 430 с.

  12. Лунин Б.В. Жизнь и деятельность академика В.В. Бартольда. Средняя Азия­ в отечественном востоковедении. - Ташкент: Фан УзбССР, 1981. – 280 с.

  13. Бартольд В. В. Несколько слов об арийской культуре в Средней Азии. Сочинения. т. II, часть 2.   Работы по отдельным проблемам истории Средней Азии. - М.: Наука, 1964. – 470 с.

  14. Автобиография профессора В.В. Бартольда // Огонек. – 1927. – № 40 (236).



А.К. Муктар, Г.Т. Жуматаева

ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ В.В.БАРТОЛЬДА В ТУРКЕСТАНСКОМ КРУЖКЕ

ЛЮБИТЕЛЕЙ АРХЕОЛОГИИ
В данной статье рассматривается научная деятельность Туркестанского кружка любителей археологии. С именем академика В.В.Бартольда связано создание в Ташкен­те Туркестанского кружка любителей археологии, вокруг которого группирова­лись его единомышленники и последо­ватели.

Само существование Туркестанского кружка любителей археологии – первого восто-коведческого научного центра в Цен­тральной Азии, изучавшего, помимо ар­хеологии, историю, этнографию, геогра­фию, языки народов Туркестана.



Ключевые слова: Туркестан, археология, ученый, востоковед, история.

A.K. Muktar, G.T. Zhumataeva

ACTIVITY V.V.BARTOLD IN TURKESTAN CLUB OF LOVERS OF ARCHEOLOGY
This article examines the scientific activities of the Turkestan club of lovers of archeology. The name of Academician V.V.Bartold involved in creating in Tashkent Turkestan club of lovers of archeology, around which were grouped his associates and followers.

The very existence of the Turkestan club of lovers of archeology - the first of Oriental Research Center in Central Asia, has studied archeology, history, ethnography, geography, languages ​​of the people of Turkestan.

Кey words: Turkestan, archeology, scientist, orientalist, history.

УДК 94 (574) “17/19”:32.019.5


Ұ.Т. Ахметова – т.ғ.д., Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының доценті, М.Өтемісов атындағы БҚМУ,

Е-mail: Ulzhan.axmetova.67@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет