Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Асқазанмен, өкпеден қан кету айырмашылықтары



бет57/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Асқазанмен, өкпеден қан кету айырмашылықтары:

  1. Асқазаннан қан кеткен адамның анамнезінде асқазан аурулары болады, өкпесінен қан кеткен науқастың анамнезінде өкпе аурулары болады

  2. Қан аралас құсу бір күннен артық созылмайды, қақырық пен қан түкіру бір неше күн болуы мүмкін

  3. Өкпеден қан кеткенде өкпеден ылғалды сырыл естіледі

  4. Өкпеден кеткен қан ауа түйіршіктері араласқандықтан көпіршіп тұрады

  5. Асқазаннан кеткен қан - тамақ аралас және қышқылдан қоныр түстес болады.



Анамнез. Анамнез жинағанда пациенттің тамақтануына көңіл бөлу керек: оның мөлшері,
сапасы, түрі, қабылдау тәртібі, шайналуы. Мамандығы, жұмыс орны, тұрмыс жағдайы, жақын тұма-туыстарының ас қорыту жүйесінің
аурулары және операциялар туралы мәліметтердің маңызы зор.


Объективті зерттеу.


Қарау. Жалпы қарағанда науқастың жалпы келбетіне көңіл бөлу керек: терісі қан кетуден бозарып тұрады, асқазан обырында науқас жүдейді, терісі бозғылт, жер түстес, көз қарасы мұңайлы.
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарағанда тістің бүтіндігіне, тұтастығына көңіл бөлінеді. Тісі толық болмаса науқас тамағын дұрыс шайнамайды деген қорытынды шығарылады, кариозды тіс болса ол инфекция ошағы болып саналады.т ілді қарағанда тіл үстін түбіне дейін көреді,ол өте көп мәлімет береді:

  • таза ылғалды - қалыпты жағдайда және асқазан ойық жарасының ремиссия кезеңінде

  • ақшыл - сұр тұтықпен қапталған және жағымсыз иіс беретін тіл - жедел гастритте

  • құрғақ тіл – перитонитте, асқазан перфорациясында, жедел панкреатитте

  • жылтыр тіл - асқазан рагінде

  • таңқұрай түсті жылтыр тіл - қан ауруларында

Ішті қарағанда оның топографиясын еске түсіре отырып конфигурациясын, көлемін байқайды. Өте арық адамдарда асқазандағы ісікте байқалып тұрады.


Пальпация. Пальпацияны пациентті тұрғызып және жатқызып жүргізу керек. Пальпацияны беткей түрінен бастап; ауырсыну, жарықтар бар жоқтығын анықтап, терең Образцов – Стражеско әдісімен пальпацияға көшеді. Тексеруші төрт бүгілген саусақтарымен эпигастрий терісін жоғары тартып, науқас ауа шығарған кезде терең, іштің артқы қабырғасына дейін саусақтарын басып тексереді. Артқы қабырғаға қысылған асқазан саусақтардың астында жылжып шығып кетеді. Осы әдіспен асқазан туралы мәлімет алу болады.


Перкуссия. Асқазан үстінде перкуторлы тимпаникалық дыбыс естіледі.
Шолпылдаған шу - перкуссияның арнайы әдісімен асқазан үстінде анықталады. Пациент арқасында жатады, ал тексеруші сол қолымен іштің бұлшық еттерін төске қысып тұрып асқазанға қарай итеріс береді, сол кезде ішіндегі ауамен сүйықтық шолпылдаған дыбыс береді, сау адамдарда бұл дыбыс тамақтан кейін ғана естіледі, ал 7-8 сағаттан кейін естілсе, онда асқазан төмендеуі, привратник стенозы, асқазан гиперсекрециясын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет