173
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Құрандағы ұлы қиссалардың бірі –
пайғамбарлардың ұлы
бестігі қатарындағы Аллаһ елшісі Мұсаның өмір жолы. Бұл қисса
Құранда жетпістен астам орында баян етілген. Аллаһ тағала:
«Бұл – анық баян етуші Кітаптың аяттары. (Мұхаммед!)
Саған Мұса мен перғауынның қиссасын иланатын ел үшін
ақиқатпен оқимыз»
1
, – деген.
Мұса
ұлы да құрметті, Аллаһқа
шын берілген пайғамбар
болатын. Құдірет Иесі:
«(Мұхаммед!)
Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Рас, ол
ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді»
2
, – дейді.
Ол – Мұса ибн Имран ибн Қаһис
ибн Азир ибн Ләуи ибн
Яғқуб ибн Исхақ ибн Ибраһим.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражға көтерілгені туралы хадисте
оны:
«Бидай өңді, денелі», – деп сипаттаған
3
.
Ол өте күшті болатын. Тіпті онда он кісінің күші бар еді деп
айтылады. Сондай-ақ оның ерекшеліктерінің бірі –
тілінің
мүкістігі. Перғауын:
«Иә, мен осы өзі қор, сөзін ұқтыра
алмайтыннан жақсы емеспін бе?»
4
– деген.
Сөйлеген кезінде
тілі күрмеліп қалатын. Бірақ бұл кемістігі оны пайғамбар әрі ұлы
елшілерден болуына кедергі жасай алмады. Ол өзі:
«Бауырым
Достарыңызбен бөлісу: