209
«Ей, Һарун! Бұлардың адасқанын көргенде, артымнан
келуіңнен сені тосқан не? Немесе әміріме қарсы келдің бе?» –
деді. (Һарун)
: «Ей, анамның ұлы! Сақал, шашымнан ұстама.
Исраил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді
елемедің деуіңнен қорықтым», – деді»
1
.
Мұса өте қатал кісі болатын, ал Һарун жұмсақ мінезді еді. Сол
үшін де исраилдіктер Һарунды жақсы көретін.
Һарун қауым арасында жік тудырудан сақтанған-ды. Аллаһ
тағала бұл оқиғаны басқа сүреде:
«Мұса еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде:
«Менен
кейін
нендей
жаман
іске
бой
ұрдыңдар!
Раббыларыңның әміріне асықтыңдар ма?» – деп (Тәурат)
тақтайларын тастай сала, туысы (Һарунның)
басынан ұстап,
өзіне қарай тарта бастады. (Һарун)
: «Ей, анамның ұлы!
Расында, бұл ел мені басынып, тіпті өзімді өлтіруге таяды.
Енді мені дұшпандарға күлкі қылма және залым елмен бірге
санама!» – деді», – деп баяндайды.
Мұса оның уәжін тыңдап, мән-жайды түсінген соң, ол үшін
дұға қылып:
«Раббым! Мені және туысымды кешір, бізді мейіріміңе
бөле! Сен – рақым көрсетушілердің ең Рақымшылысың», –
деді»
2
.
Сонан соң Самириге:
Достарыңызбен бөлісу: