Құрметті оқушылар! Осы оқу жылы мектеп қабырғасында білім алатын соңғы жыл болғандықтан, сендер әр күннің пайдалы да жақсы білім әкелуі үшін талаптанып, тырысуларың керек



Дата03.06.2022
өлшемі16.24 Kb.
#458938
Алғы сөз


Алғы сөз
Құрметті оқушылар! Осы оқу жылы мектеп қабырғасында білім алатын соңғы жыл болғандықтан, сендер әр күннің пайдалы да жақсы білім әкелуі үшін талаптанып, тырысуларың керек. Себебі мектепте алған білім — кейін мамандық бойынша алатын арнайы білімнің шыңына апаратын баспалдақтың алғашқы сатысы. Егер сендер физика немесе математика ғылымын таңдасаңдар, қателеспейсіңдер. Әлемдік өркениеттің ең басты дамытушысы ғылым екені тасқа таңба басқандай айқын. Ғылымның жетістіктері инженерлік генетиканы, атомдық энергетиканы, лазерлік техниканы, микроэлектрониканы, ғарыштық техниканы, жаһанданудың байланыс жүйелерін жасауға алып келді. Адамзат тарихында жаңа еңбек құралы компьютер жасалып, адамның ойлау қызметінің аясы кеңейді; нанотехнологияның шапшаң дамуы мен оның жетістіктері әлемді өзгерте бастады. Қазіргі өркендеу заманындағы ғылыми жетістіктердің осындай жоғары сатыға көтерілуінде көптеген ғылымдардың негізін қалаушы болып табылатын физика ғылымы шешуші рөл атқарады. Табиғат құбылыстарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттеу физиканың негізі болып табылады. Олардың нәтижесінде континенттер мен адамзат баласын жақындастыратын көлік пен байланыс жүйелерінің жаңа түрлері пайда болды, ғарышты игеру басталды, жасанды биологиялық түрлер дүниеге келе бастады. Физикалық зерттеу әдістері геологияда, медицинада, кванттық химияда, молекулалық биологияда, биофизикада пәрменді орын алуда. Ғылымның алғы шебі болып табылатын элементар бөлшектер физикасында соңғы жүзжылдықта таңғажайып жаңалықтар ашылды. Бәріміз жаңа әлемнің дүниеге келуінің куәсі болып отырмыз. 11-сынып физика оқулығында төменгі сыныптарда оқып кеткен механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар, толқындық оптика, атомдық және ядролық физика бөлімдері тереңірек қарастырылады. Қандай да болмасын пәнді меңгеру еңбек пен жігерді қажет ететіні сөзсіз, яғни білімді іздеген ғана табады. Оқуда табыс тілейміз!
Авторлар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет