Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет150/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
ер балалар өлтірілетін болды. Һарун сәбилер өлтірілмейтін, ал 
Мұса өлтірілетін жылы дүниеге келді. 
Мұсаның дүниеге келуі 
Оның анасы өзінің жүкті екенін босанғанға дейін жасырып 
жүрді. Сосын дүниеге ұл перзент әкелді. Мұны оның жақын 
туыстары ғана білетін. Ол Аллаһ тағала өзіне: «Оны еміз де, оған 
бір нәрсе болады деп қорықсаң, дарияға ағызып жібер. 
Қорықпа да қайғырма. Біз оны өзіңе қайта қайтарып
елшілерден етеміз»
1
, – деп уахи етіп, ой салғанға дейін Мұсаны 
жасырып жүрді. 
Бұл пайғамбарлық уахи емес, көкейге салу еді. Осылай ұзамай 
исраилдіктер онан сайын қатаң бақылауға алынып, тінту 
жүргізіле бастады. Бұл Мұсаның анасында үрей туғызды, ол 
амалсыз баласын сандыққа салып, Ніл өзеніне ағызып жіберді, ал 
қызына оның соңынан жүріп отыруды тапсырды.
«Анасы (Мұсаның) әпкесіне: «Оның соңына түс», – деді. Ол 
оны (перғауынның адамдары) сезбеген жақтан бақылады»
2

Перғауынның сарайы өзен жағасында орналасқан болатын. 
Сандық 
перғауын 
сарайына 
келіп 
тоқтады. 
«Сонда 
перғауынның үйі өздеріне қастас әрі қайғы болу үшін оны 
ұстап алды. Расында, перғауын мен Һаман
3
және әскерлері 
қателесті»
4

Оны перғауынның әйелі Әсияның кәнизактары көтеріп алады. 
Әсия өте балажан әйел болатын, бірақ өзінің баласы жоқ еді. Ол 
баланың исраилдік екенін білген. Әсия күйеуіне: «Мені мен 
сенің көз қарашығымыз. Оны өлтірмеңдер. Бәлкім, бізге 
1
«Қасас» сүресі, 7-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 11-аят. 
3
Перғауынның сойылын соғушы уәзірі. 
4
«Қасас» сүресі, 8-аят. 


178


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет