Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет1/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т



Мәлік Ғабдуллин 
Қазақ халқының ауыз әдебиеті 
1 ТОМ 
АСТАНА , 2015 


Мәлік Ғабдуллин еңбектерінің көптомдық жинағы 
І том. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». 531 бет 
Оқу құралын автордың 100 жылдық мерейтойына 
орай ҚР Мәдениет және спорт, туризм министрлігінің 
тапсырысы бойынша Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми 
қызметкерлері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының қолдауымен баспаға әзірлеп ұсынды.
Пікір жазған: Уәлихан Қалижанов, ҚР ҰҒА мүше-
корреспонденті, филология ғылымдарының докторы
Редакциялық алқа: Уәлихан Қалижанов, ҚР ҰҒА мүше-
корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, 
Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, 
профессор 
Құдайберлі Мырзабек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, 
М.Ғабдуллин музейінің директоры 
«Қазақ халқының ауыз әдебиеті» академиялық оқу 
құралында ауыз әдебиетіне теориялық анықтама беріліп, 
фольклордың халықтық сипаты мен мәні, жиналуы 
қарастырылған. Қазақ ауыз әдебиеті жанрлары алты 
бөлімге 
топтастырылып, 
әрқайсысының 
көркемдік, 
жанрлық ерекшелігі, құрылысына талдау жасалған. Оқу 
құралы филология мамандығы бойынша жоғары, арнаулы 
орта білім алушы студенттерге, фольклортанушы 
мамандарға арналған.
 
 
 
 
 
 


БАТЫР – ТАҒДЫР, ҒЫЛЫМИ – ҒҰМЫР 
Сыртынан 
қызығып, 
оның 
батырлығы 
мен 
ғалымдығын, асыл сөзін есту өмірге жаңа қадам басып 
бара жатқан әрбір жас үшін ерекше бақыт. Мәлік 
Ғабдуллинді сыртынан көріп, әртүрлі әдеби жиындарда 
сөзін естіп, сәлем беруге «жарамай», соңынан біраз ілесіп 
жүретін едік. Ол шынардай биік, жүзі нұрлы, сұлу күлкісі 
маржан тістеріне жараса жарқырай көрініп, біздің жас 
қиялымызды оятып, «шіркін, әңгімесін өз аузынан естісек 
қой» деп армандайтынбыз. 
...1971 жылдың наурыз айы. Біздің ұстазымыз, 
филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай 
Кенжебаев аудиторияға ерекше көңіл-күймен кірді. Не 
болды? Әсте профессор бұлай шаттана бермейді. Сабырлы 
жүзі, 
салмақты 
сөзі 
өзгерген. 
Мен 
дипломдық 
жұмысымның жетекшісі Бейсембай Кенжебаевты жаңа 
ғана үйінен жол-жөнекей әңгімелесіп, кабинетіне дейін 
шығарып салған едім. Енді ұстазымның жүзінен ерекше 
бір толқу көрем. 
– Тамаша хабар, Сіздердің мемлекеттік емтихан 
комиссиясының төрағасы болып академик, Совет 
Одағының Батыры атақты Мәлік Ғабдуллин бекігенін 
Сіздерге жеткізгім келіп тұр. Диплом жұмыстарыңызды 
кешіктірмей, жақсы жазыңдар. Батыр ағайларыңды 
біліммен қуантыңдар. 
Бұл тосын хабар бізді әрі қуантты, әрі қобалжытты. 
Қуантқаны атақты Мәлік аға алдында емтихан тапсырып, 
диплом жұмысын қорғаймыз. Қорқыныштысы – «құлап 
қалмас па екенбіз?» деген күдік. Осындай көңіл-күймен 
Бейсекеңе, профессор Бейсембай Кенжебаевқа сұрақты 
қардай бораттық. 
– Сіз Мәлік ағаны қашан көрдіңіз, және қалай 
таныстыңыз? 


– Мен Мәлік ағаларыңды 1931 жылы Алматыда, 
«Социалды Қазақстан» газетінде көргем. Мен сол газетте 
тілші болып жұмыс істейтінмін. Қасында Тайыр Жароков, 
Есмағамбет Исмайылов болды. Жап-жас көркем жігіт екен. 
Сөзі де орнықты. Ол қазақтың бай фольклорына 
қызығатынын айтты. 
Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз 
әдебиеті» атты оқулығын таласа-тармаса оқығанбыз. Енді 
Мәлік ағаның он жеті шамасында өз тақырыбын ерте 
таңдағанына тәнті қалдық. 
– Сіздер, Мәлік ағамен доссыздар ма? – деді 
бәрімізден гөрі батыр Мәкеңді жақсы білетінін 
байқатқандай Серік Негимов.
– Доспыз да, әдебиеттің принципті тұстары кезінде 
пікір келіспеушіліктері де болған, – деді профессор 
Бейсембай Кенжебаев. – Мен мұндай кең, сонымен бірге 
кішік адамды сирек кездестірдім. 
Бәріміз аң-таңбыз. Бірақ әңгіме өзіне тартып барады. 
– Батыр ағамен қай мәселеде келіспей жүрсіздер? 
Біз ол кезде қазақ фольклорына қатысты үлкен 
тартыс болғанын қайдан білейік. Ол айтылмайтын, жабық 
тақырып. Сол кезде Бейсекең: 
– Мәлік Ғабдуллин 1940 жылы «Қобыланды батыр» 
туралы «Әдебиет және искусство» журналында үлкен 
мақала жариялады. Сонда Қобыланды Иван Грозныйға 
қарсы шығып, Қазанды құтқармақ болып шабуыл жасады 
деп жазыпты. Ол шындыққа жанаспайтын еді. Өйткені, 
Қобыланды Х ғасырда Иранның билеушісі Ғазан ханмен 
соғысып, оның Сырлы қаласын шапқан еді, - деді. 
– Бейсеке, Мәлік аға бұл сөзіңізге шамданған жоқ па? 
Сөйлеспей кеткен жоқ па? 
– Жоқ, – деді Бейсекең, орынды сөзге тоқтайтын 
азамат екен. Кейін диссертация қорғағанда Қобыланды 
Қазан қаласын емес, Ғазан ханды шапты деп түзеді. 


Осындай әңгіме әсерімен сол күнгі лекция аяқталып 
еді. Бұл санадан кетпейтін көрініс. Ал диплом жұмысын 
бәріміз тамаша қорғадық. Ерекше дайындалдық. Менің 
КазГУ-ді бітірген дипломымда мемлекеттік емтихан 
төрағасы, Совет Одағының Батыры, ҰҒА академигі Мәлік 
Ғабдуллиннің қолы тұр. Қазір де анда-санда дипломыма 
мақтанышпен көз салып қоямын. 
...Мәлік Ғабдуллин қазақтың өткен ғасырда өмір 
сүрген ұлы тұлғасы. Ол дүниеге дүрбелең шақтың 
алдында, 1915 жылы Көкшетау өңірінде қарапайым 
отбасында дүниеге келді. Ерекше зерек бала Мәлік 
Ғабдуллин 
Көкшетаудағы 
балалар 
коммунасының 
жетінші класын бітіреді. Алматыға келіп жұмысшы 
факультетін тәмамдады. 16 жасында қазақтың Абай 
атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының 
студенті атанды. Үш жыл республикалық «Пионер» газеті 
редакторының орынбасары болып қызмет етті. Бірақ 
ғылымға деген құштарлық Мәлік Ғабдуллинді екі жыл 
әскери қызметін өтеген соң, бүгінгі М.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институтына алып келді. Кіші ғылыми 
қызметкер бола жүріп, ұлы Мұхтар Әуезовпен ағалы-інілі 
сырлас дос болды. КазПИ-дің аспирантурасына оқуға 
түсті. Мұхтар Әуезовтің ықпалымен фольклорды зерттей 
бастады. «Қобыланды батыр» қызықтырды. Әрі көркем, 
әрі тарихи жыр еліктірді. Бірақ Ұлы Отан соғысы 
басталды да кетті. Қаламды қылышқа айырбастап, Мәлік 
Ғабдуллин майданға, И.В.Панфилов жетекшілік еткен, 
кейін атағы әлемді таңғалдырған 316-дивизия ротасының 
саяси жетекшісі болды. Қанша майдан шебінде жүрсе де 
елді, ғылымын, ұстаз ағаларын естен шығарған жоқ. 
Мәлік Ғабдуллиннің әскери үшбұрыш хаттары Алматыға 
ағылып жатты, ағылып жатты. Ал «Қобыланды батыр» 
атты кандидаттық диссертациясын Қазақстан Жазушылар 


Одағының төрағасы болған Сәбит Мұқановқа аманат етіп 
қалдырып кетті. 
Мәлік Ғабдуллиннің Мұхтар Әуезовке жазған 
хаттары қазақ интелегенциясының зобалаң жылдардағы 
тоталитарлық жүйенің барлық лебін аңғартады. Бұл 
саясаттың ғылымға дендей кіріп, себепті-себепсіз 
тағдырлардың таласына ұласып, ұлылардың ұғыспауына 
жол салды. Бірақ қазақи ұлы ізет қана сол саясат 
алшақтатқан адамдардың түсінісуіне жол ашты. Міне, сол 
тағдыр Мәлік Ғабдуллин мен Мұхтар Әуезовті де айналып 
өткен жоқ. Хаттар сол заман сұрқын көз алдыңа әкеледі.
Әуелде бәрі тамаша еді... 
Қымбатты Мұха! 
1-інде жазған хатыңызды алдым. Аманшылығыңызға 
қуаныштымын. Мен де аман-саумын. Талай тас қамалды 
талқандап бұзып, жауды қуып барамыз. Сақылдаған сары 
аязда, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген күшті 
жұмсап жатырмыз. Мен наградқа «Қызыл жұлдыз» 
орденін алдым. Жақында бір тамаша операция жасап, 
немістің «Мертвая голова» деп аталатын дивизиясының 
штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер 
шықты. Біздің полктан үш адамды Советтер Союзының 
геройы атағына ұсынды: 1. Политрук Клочков, ол 
Щербаков жолдастың баяндамасында айтылған 28 
геройдың қолбасшысы еді. 2. Тоқтаров Төлеген деген 
қызыл әскер, Риддер қорғасын заводынан келген жасы 21-
дегі жұмысшы. Үшіншісі – мен. Таяу кезде Указ болып 
қалар. 
Дивизия 
көлемінде 
абыройым 
жақсы, 
бәрі 
құрметтейді, әсіресе Советтер Союзының геройлығына 
ұсынғаннан соң комдивтің өзі көргенде қолымды алып 
амандасады. Кәзір ротаның политругі емеспін, батальонда 
комиссармын, жұмыс көп... 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет