1-модуль жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата05.09.2023
өлшемі420.06 Kb.
#476651
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4-дәріс



1-МОДУЛЬ 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.4-дәріс. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуға арналған лексикалық-грамматикалық 
минимум және жаңа лексиканы меңгерту. 
 
Слайд
Мәтін
 

Бүгінгі дәрісіміз «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуға арналған лексикалық-
грамматикалық минимум және жаңа лексиканы меңгерту туралы болмақ. 
2-3 
Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының 
ең тұрақты, күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер 
жиынтығы. Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. 
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз 
байланысты.Тіл баланың сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық 
процестің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер 
дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- 
он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа 
сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-
мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге 
үйренеді екен. 
Психологтердің айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында 
жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөзбен балалар 
санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала 
санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде 
қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету. 
Тілді оқытудың тиімділігін арттыру үшін ең алдымен, лексикалық 
минимум көлемі, шегі,саны нақтылануы қажет. Бұл тілде жиі қолданылатын 
актив сөздер қатарын анықтауға көмектеседі. Оқушының сөздік қорын кеңейту Білім 
және ғылым министрлігі бекіткен лексикалық-грамматикалық минимумға 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет