Сабақ №1 (1-сағат, 1-апта) Тақырып: «Көліктік құрылымдарды жобалауда қоланылатын нормативтік құжаттардың мазмұны мен структурасы»



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата21.01.2024
өлшемі2.47 Mb.
#489525
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Практика АПТС



 
 «КӨЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АВТОМАТЫ ТҮРДЕ ЖОБАЛАУ» пәнінен 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №1 
(1-сағат, 1-апта) 
Тақырып: «Көліктік құрылымдарды жобалауда қоланылатын нормативтік 
құжаттардың мазмұны мен структурасы» 
 
Нормативтік талаптардың мақсаттары : 
Нормативтік талаптардың мақсаттары теміржол, автожол және жаяу жүргінші 
көпірлерінің және құбырлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ол 
талаптарды сақтай отырып, адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға зиян 
келтіретін өрескел қауіптің шығуына жол бермей, беріктігі, эксплуатациялық сенімділігі 
және жарамдылығы бойынша механикалық қауіпсіздікті, тиімділігі мен ұзақ мерзімділігін 
есепке алады.
- Функционалдық талаптар Теміржол, автожол және жаяу жүргінші көпірлері мен 
құбырларын көпірлер мен құбырларды салу және пайдалау кезінде төмендегідей 
функционалды талаптарды ҚР ҚН 3.03-12-2013
- қамтамасыз ететіндей етіп техникалық, технологиялық және экологиялық 
көрсеткіштері бойынша жобалау керек: а) көпірлер мен құбырлардың механикалық 
беріктігі мен тұрақтылығы. Олар пайдалану кезінде зақымсыз және бұзулусыз жобада 
қарастырылған механикалық және технологиялық әсерлердің барлық түріне төтеп беруі 
тиіс; б) адам денсаулығы мен өмірі үшін қозғалыс қауіпсіздігі, сондай-ақ ғимараттағы 
адамдардың қауіпсіздігі; в) қоршаған ортаны қорғау талаптары және экологиялық тепе-
теңдікті сақтау бойынша талаптарды сақтау; г) нақтылы жобамен берілген басқа да 
талаптар.
Көпірлер мен құбырлардың жұмыс істеу сипаттамасына қойылатын талаптар
Жалпы талаптар
Осы құрылыс нормаларының талаптары адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған 
ортаға зиян келтіретін өрескел қауіптің шығуына жол бермей, жаңа көпірлер мен 
құбырларды салуды, қолданыстағы көпірлер мен құбырларды қайта салу мен жөндеуді 
жобалауға бағытталған. 
Көпірлер мен құбырлар, оларды пайдалану кезінде бұзылу және құрылыс 
конструкцияларының зақымдану қаупін болдырмайтын механикалық беріктігі мен 
тұрақтылығын, көлік құралдары қозғалысының үздіксіздігі мен қауіпсіздігін
нысаналарды үнемді ұстап күтуді қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ адам денсаулығын 
қорғау мен қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіз еңбек ету шартын жасау және 
қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
Механикалық беріктік және тұрақтылық талаптарын орындауды қамтамасыз ету 
үшін көпірлер мен құбырлар оларды салу және пайдалану кезінде түскен жүктемелер 
төмендегідей салдарға әкелмейтіндей етіп жобалануы және салынуы тиіс: 1) көпір мен 
құбырдың немесе олардың элементтерінің құлауы; 2) берілген көлемнен асатын 
деформацияның пайда болуы; 3) көпірлер мен құбырларды салу кезінде қолданылған 
құрылыс конструкцияларының салмақ түсетін конструкциялардың айтарлықтай 
деформациялануы салдарынан бұзылуы; 4) әсер ету деңгейі бойынша алғашқы 
жүктемеден аспайтын бұзылу көзі болып табылған жүктеме салдарынан болған бұзылу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет