Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы «Табысты гимназия 2025»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата05.02.2024
өлшемі1.04 Mb.
#490900
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
саламат жоба



Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы 
гимназиясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму 
жұмыс жоспары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сарыкемер, 2019 жыл
«Бекітемін» 
Ғани Мұратбаев атындағы 
гимназиясының директоры 
Наметкулов М.Ж. 
«
»
201
9 ж. 


1. 
Стратегиялық жоспар паспорты 
Стратегиялық даму 
жоспарының атауы 
«Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму жұмыс жоспары 
Әзірлеу үшін негіз 

«
Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі № 319 Заңы. 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды 
дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы.

Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығы. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 
оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары. 

«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын
қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 
бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы № 208 бұйрықпен соңғы 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). 

«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ
арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен
жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (2017 жылғы 29 
желтоқсандағы № 662 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген). 

«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын
әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 
18 қаңтардағы № 20 бұйрығы (2018 жылғы 14 желтоқсанда 
соңғы өзгерістер енгізілген). 

«Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог 
қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың
тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 
бұйрығы. 

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2018 
жылғы 25 қыркүйектегі № 494 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген). 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті 
қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру
процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 



министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі 
№ 337 бұйрығы (2018 жылғы 10 қаңтарда соңғы өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген). 

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасы 
Денсаулық сақтау 
министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (2018 
жылғы 28 қыркүйекте № ҚР ДСМ-20 бұйрықпен соңғы
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). 
Стратегиялық даму 
жоспарын
әзірлеуші 
«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев 
атындағы гимназиясының әкімшілігі мен мұғалімдердің 
шығармашылық тобы. 
Пайымдау 
Заманауи білім дағдылары мен мектеп құндылықтарын меңгерген 
түлектеріміз: рухани кемелденген, елжанды, бәсекеге қабілетті 
жаңашыл әрі дара тұлға ретінде мемлекет дамуына үлес қосады. 
Миссия 
Мемлекеттің дамуына үлес қосатын, көптілді және рухани 
кемелденген, саламатты тұлға қалыптастыру. 
Мақсаты 
Педагог мамандардың жаңаша кәсіби ойлауын қалыптастыру 
арқылы әлеуметтік ортада гимназияның білім сапасын арттыру 
және бәсекеге қабілетін дамыту жолымен қазіргі заман талабына 
сай әлеуметтік бейімделе алатын, үнемі білім алуға және алған 
білімін кеңейтуге ұмтылатын, дені сау, адамгершілігі мол ұрпақ 
тәрбиелеу үшін тәрбие, білім беру ортасын құру. 
Міндеттері 
-
нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде гимназияның іс-
әрекетін жергілікті басқару органдарының ұсыныстарымен 
реттеу; 
-
гимназия компоненті есебінен тереңдетіп оқытылатын 
пәндердің 
бағдарламаларын 
жоғары 
оқу 
орындары 
мамандарымен бірлесіп жасау; 
-
элективтік курстар есебінен оқу процесіне ғалымдарды тарту, 
ғылыми шығармашылықты дамыту; 
-
гуманитарлық пәндерді оқытуда тұлғатану, тарихтану, 
мәдениеттану бағыттары бойынша тақырыптық жобаларды 
жүзеге асыру; 
-
мектепішілік технопарк және модельдеу жобасын дайындау; 
-
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 
«Білім инновация» мектеп-интернатымен бірлескен олимпиада 
мектебі жобасын дайындау; 
-
«Цифрлы гимназия» жобасын жетілдіру аясында гимназия 
сайтын дамыту, гимназияны басқару жүйесін цифрландыру; 
-
мұғалімдердің жеке қажеттіліктеріне қарай кәсіби біліктілігін 
арттырудың кешенді жоспарын дайындау; 
-
«Гимназиялық бақылау сынағын» жүргізу тетіктерін жетілдіру, 
оқушылардың білім сапасына сараптамалық талдауды дамыту 
және цифрландыру;
-
оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған «Зияткер 
ата-ана» ата-аналардың қоғамдық, тәуелсіз кеңесін құру; 
-
Гимназия оқушыларының статусын қалыптастыру мен моделін 
айқындау мақсатында «Көшбасшы шәкірт» жобасын дайындау 
арқылы білім алушылардың жан-жақты даму рейтингісін 
жасау, бағалау, марапаттау, ынталандыру жұмыстарын 
ұйымдастыру 



-
педагог пен оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту; 
-
бастауыш, орта және жоғары буынның жекелеген пәндерді 
оқыту және тәрбиелеу барысында сабақтастығын белсендіру; 
-
баланың денсаулығын сақтау, өз денсаулығын өзі күтуге, дене 
шынықтыруға мән беруге, балалардың және мұғалімдердің 
денсаулығын нығайтуға жағдай туғызу мүмкіндіктерін 
қарастыру; 
-
барлық білім беру деңгейлерінде пән мұғалімдерінің нәтижелі 
жоғары білім беруге қол жеткізуі; 
-
баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету; 
-
оқу-тәрбие үрдісінің Қазақстандық патиротизмге, халықтық 
салт-дәстүр мен тарихын құрметтейтін биік мәдениетке 
тәрбиелеуді мұрат еткен жаңа әдістер мен материалдарды 
біріктіру, жетілдіру, дамыту; 
-
оқыту мен тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялардың
тиімділігін анықтау;
-
ұстаздардың кәсіби біліктілігін, зияткерлік деңгейін, 
зерттеушілік қабілетін, шығармашылық деңгейін дамыту 
мақсатында ғылыми-әдістемелік зертханаларын құру;
-
білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту бағытында 
қосымша үйірмелер ұйымдастыру; 
-
оқу-педагогика үрдістерін жүйелі диагностикалау; 
-
мектеп бітірушілердің өзгермелі қоғамда оңай бейімделе алуы, 
білім алушылардың ізгілендіру мен адамгершілік позицияда 
өзін-өзі анықтап, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін оңтайлы 
жағдай туғызу, икемді дағдыларды қалыптастыру; 
Іске асыру 
мерзімдері (кезеңдері) 
2019 – 2025 
жылдар 
Стратегиялық даму жоспары екі кезеңде іске асырылатын болады: 
бірінші кезең: 2019 – 2022 жылдар; 
екінші кезең: 2023 – 2025 жылдар. 
Нысаналы 
индикаторлар 
-
Гимназия педагогтерінің жалпы санынан жоғары және бірінші 
санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 
85 %; 
-
Гимназияның қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүйелеу; 
-
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізу, 
тарату; 
-
Білім беру мекемесін басқаруда әрі қарай ізгілендіру және 
бөлінген көшбасшылық үрдісін дамыту; 
-
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу 
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 80 %; 
-
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру оқу 
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 90 %; 
-
Инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектеп 
қатарына ену; 
-
Гимназияны бітіруші түлектердің мемлекеттік грант иегерлерін 
90 %-
ға жеткізу; 
-
10-
11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық пәндерді үш 
тілде оқытуға көшу - 100%; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет