Оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған қосымша дидактикалық оқу құралы
Павлодар, 2012.
Құрастырған мұғалімдер:
1.№31 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі
Құдабаева Жұлдыз Нұрбайқызы
2.№33 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі
Ысқақова Әсия Ахатқызы
І Әлеуметтік-тұрмыстық ая
Мен және менің отбасым
1-сабақ
Отбасы
1-жаттығу. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап ата-анасының ыстық құшағы мен аялы алақанында өсіп-өнеді,тәрбиеленеді. Отбасын кейде кішігірім мемлекетке теңейміз. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады.
І- тапсырма. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерден сөз тіркесін, сол сөз тіркестерінен сөйлем құрастыр.
Отбасы – семья
Алғаш – впервые
Алтын діңгегі – золотой ствол
Тәрбие – воспитание
Ыстық құшағы – в горячих объятиях
Өсіп-өнеді – ростет, развивается
Үлгі: Сөз тіркесін құрастыру: Үлкен отбасы; адамның алтын діңгегі т.б.
Сөйлем құрастырудың үлгісі: Мен үлкен отбасында дүниеге келдім.т.б.
ІІ- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
«Отбасы» дегеніміз не?
Адам баласы қайда өсіп-өнеді?
Отбасын неге теңейміз?
Өз отбасың туралы қандай мәлімет бере аласың?
ІІІ- тапсырма. Мәтінді орысшаға аудар.
2-жаттығу. Берілген нақыл сөздерді көшіріп алып, жаттап ал:
Үлкенді ағала
Ақылын бағала.
2-сабақ Ата-ана
І тапсырма: Мақал-мәтелді оқып, мағынасын аш.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Достарыңызбен бөлісу: |