Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет1/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#180215
  1   2   3   4   5   6




Павлодар облысы әкімдігінің

2010 жылғы _______________

№ _________ қаулысымен

бекітілді






Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Облыс ауыл шаруашылығы басқармасының миссиясы – облыс агро-өнеркәсіп кешені салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілет-тілігінің сапалық жаңа деңгейге жетуіне жәрдемдесу мақсатында мемле-кеттің аграрлық саясатын іске асыру.

Пайымдауы - өндірістің жаңғыртылған құралдарын қолданып, облыс агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі.


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және

қызметтің тиісті салаларын (өрістерін) дамыту беталыстары
1-стратегиялық бағыт. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтама-сыз ету үшін өсімдік және мал шаруашылықтары салаларын тұрақты дамыту.
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет өрісін дамытудың негізгі параметрлері
Өсімдік шаруашылығы. Оңтайландыру нәтижесінде, 2010 жылы ауыл-шаруашылық дақылдарының егістік алқаптары, 2009 жылмен салыстырғанда, 72,8 мың га қысқартылды. Күздік егіс құрылымында дәнді дақылдар алқабы 63 %-ды, майлы дақылдар (күнбағыс) – 30 %-ды алып жатыр. Дәнді дақылдар арасында бидай мен қарақұмық (тиісінше дәнді дақылдардың 73,7 және 10%) елеулі үлес салмақты алады. Кейбір ауылшаруашылық құрылымдарында кейінгі жылдары, субсидия төлеудің жоғары нормативтерімен байланысты, күнбағыс үлесін негізсіз көбейту байқалады.


Р/с№

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2009 ж. (+;–)

2010 ж.

1

2

3

4

5

6

7

1

Егістік алқап, барлығы

Мың га

1016,0

1082,7

1009,9

-72,8

2

дәнді дақылдар

Мың га

622,3

621,1

498,2

-122,9

1

2

3

4

5

6

7

3

бидай

Мың га

446,6

470,5

367,1

-103,4

4

күнбағыс

Мың га

168,0

198,1

233,7

+35,6

5

картоп және көкөніс-бақша дақылдары

Мың га

15,2

15,2

18,0

+2,8

6

жемдік дақылдар

Мың га

235,6

248,3

255,0

+6,7

7

Жалпы алым
















8

дән

Мың тонна

185,6

826,6

293,4

-533,2

9

бидай

Мың тонна

144,2

643,3

240,5

-402,8

10

картоп

Мың тонна

182,4

231,0

230,0

- 1,0

11

көкөністер

Мың тонна

83,6

88,4

80,0

- 8,4

12

күнбағыс

Мың тонна

17,3

82,5

43,2

-39,3

2009 жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 13,5 ц/га болды, 2010 жылы, қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты, өнімділік 6,4 ц/га құрады. Жергілікті өндіріс өнімдерімен қамтамасыз ету келесіні құрады: картоп – 524,8 % және көкөністер – 76,2 %.

Облыста “Павлодар АШҒЗИ” ЖШС жұмыс істейді, жаңа аудандасты-рылған сұрыптар құру және енгізу оның негізгі міндеті болып табылады.
3 оригинатор, 5 элита тұқым шаруашылығы, 10 тұқым шаруашылығы тұқым өсірумен айналысады. Облыста бидайдың 17 сұрыбы, соның ішінде отандық селекциялық 10 сұрып өндіріледі, сонымен бірге ескірген сұрыптар да қол-данылады.

Аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы фитосанитарлық іс-шаралар 87,4 мың га алқапта, карантиндік объектілер ошақтарын жою бойынша 1,3 мың га алқапта жүргізілді. Қаулыға сәйкес, төтенше жағдайларды жою үшін жергі-лікті атқарушы органдарының төтенше резерві қаражаты есебінен саяқ шегіртке зиянкестерін жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуге облыстық бюджеттен жыл сайын қаржылық қаражат бөлінеді және игеріледі: 2008 жылы 10.0 млн. теңге игерілді, 17,2 мың га өңделді, 2009 жылы – 20,1 мың га 13,5 млн. теңге, 2010 жылы бөлінген 13,7 млн.теңгенің 11,9 млн. теңгесі игерілді, 20,6 мың га өңделді. Бұдан әрі осы тәжірибе жалғасады.

2009 жылы 3216 тонна, 2010 жылы – 2262,5 тонна минералдық тыңайт-қыштар енгізілді, бұл агротехнология бойынша қажеттіліктің 11,4 %-ы ғана. Тыңайтқыштарды шектеулі қолдану олардың қымбат болуымен, енгізу бойынша мамандандырылған техниканың жоқтығымен байланысты.

Облыстың ауылшаруашылық машиналар паркі жоғары деңгейде тоз-ған. 2009 жылы қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникасының 218 бірлігі сатып алынды, соның ішінде лизинг бойынша – 114, 2010 жылдың 9 айында 210 бірлік, оның ішінде лизинг бойынша 69 бірлік сатып алынды. 2009 жылы егістік кешендерінің 95 бірлігін қолдану ылғалресурссақтау технологияларын қолдану алқаптарын 207,5 мың га дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, 2010 жылы 105 егістік кешені 211,1 мың га алқапта қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдардың жалпы алаңының 26,7 %-ын құрайды.



Су шаруашылығы. Суармалы егіншілік облыс ауыл шаруашылығын дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде облыста 59,5 мың га суарылатын жерлердің 15,5 мың га пайдаланылады (26%), оның ішінде 2009 жылы - 760 га, 2010 жылы - 947 га іске қосылды. Суармалы жерлерді іске қосу және қалпына келтіру негізінен ауылшаруашылық тауар өндіруші-лердің меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. Суармалы жерлерді толық қалпына келтіру үшін қомақты қаржылық қаражат қажет, 1 гектар суармалы жерді қалпына келтіру үшін орташа болжаулы шығындар 2,0 млн. теңгеге жетеді.

Лебяжі, Качиры және Май аудандарында 3000 га алқаптағы суармалы учаскелерді қалпына келтіру жобасы “Гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту” 031-бағдарламасы бойынша 2012 жылы іске асырыла бастайтын, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын Басымдықты бюд-жеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді.

Тамшылап суару жүйесін енгізумен суармалы жерлерді жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі заманғы суару машиналары мен техни-касын сатып алғаннан кейін, картоп пен көкөніс дақылдарын өңдеу бойынша ылғалсақтау технологиялары қолданыла бастады.

“Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджет-теріне ауылшаруашылық тауар өндірушілерге суды жеткізу бойынша қызмет құнын демеуқаржыландыруға ағымдағы нысаналы трансферттер” республи-калық бағдарламасы бойынша 2010 жылы 18,7 млн.текше метр суға 89,9 млн. теңге субсидиялар бөлінді және игерілді.



Облыста жабық топырақтағы көкөніс өсірумен 4 жылыжай және 374 көшеттік айналысады, онда жыл сайын 2360 тонна көкөністер өсіріледі, мау-сымаралық кезеңде облыс қажеттілігі - 4350 тонна.

Мал шаруашылығы. Облыс бойынша барлық ауылшаруашылық мал басының 77 %-ы - жеке аулаларда, 8,6 %-ы - ауылшаруашылық кәсіпорын-дарда және 14,4 %-ы - шаруа (фермер) қожалықтарында орналасқан. Осы жағдай селекция жетістіктерін, малды ұстау және жемдеудің озық техноло-гияларын пайдалануды қиындатады.

Р/с№

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж. жоспар

2008 ж. % 2009 ж.

1

2

3

4

5

6

7

1

Мал басы
















2

ІҚМ

Мың

359,6

369,4

373,1

102,7

1

2

3

4

5

6

7







бас













3

Қой мен ешкі

Мың бас

474,8

505,3

530,6

106,4

4

Жылқы

Мың бас

77,3

81,6

84,9

105,5

5

Шошқа

Мың бас

95,8

97,4

98,4

101,7

6

Құс

Мың бас

1202,5

1233,1

1233,3

102,5

7

Өндіріс
















8

Сүт

Мың тонна

338,2

343,4

360,0

101,6

9

Тірідей салмақта ет

Мың тонна

73,4

74,3

74,7

101,2

10

Жұмыртқа

Млн. дана

135,0

156,1

171,7

115,6

11

Жүн

Тонна

903

904

923

100

2008 жылға дейін асыл тұқымдық іс жөніндегі жұмыс жергілікті деңгейге тапсырылған кезде барлығы 22 асыл тұқымды субъекті болды, 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 33 асыл тұқымды субъкті (соның ішінде 4 асыл тұқымды зауыт, 27 асыл тұқымды шаруашылық және тұқымдық бұқалар ұрығын сататын 2 дистрибьютерлік орталық) келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: 19 – ірі қара шаруашылығы бойынша, 5 – қой шаруашылығы бойынша, 6 – жылқы шаруашылығы бойынша, 3 – шошқа шаруашылығы бойынша.

2010 жылы тағы да 7 ауылшаруашылық кәсіпорынға мәртебе берілді, тағы 4 ауылшаруашылық кәсіпорынға “асыл тұқымды шаруашылық” мәрте-бесін беру және 2 асыл тұқымды субъектіні (“Май”, “Ақтай” ШҚ) қайта аттестаттау бойынша селекциялық жұмыс жүргізілуде. Облыс боынша асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағы: ірі қара мал шаруашылығында - 6,7 %, қой шаруашылығында - 4,1 %, шошқа шаруашылығында - 7,8 %, жылқы шаруашылығында - 6,1 %. Асыл тұқымды субъектілердің жетекші ғылыми мекемелермен ынтымақтастығы жалғасуда. ІҚМ кең ауқымды селекциясы бойынша жұмыс басталды, облыстың 70 ауылшаруашылық кәсіпорны “ҚазАгроИнновация” АҚ-мен шарт жасады.

Асыл тұқымды субъектілер жұмысын талдау келесіні көрсетті: жануар-лардың тұқымдық-өнімділік сапасын жақсартуға, асыл тұқымды шаруашы-лықтардың өздерінің қызметінің тиімділігін арттыруға қол жеткізу үшін бір-қатар проблемалар кедергі болуда. Олардың негізгісі – нашар жемшөп базасы. Асыл тұқымды шаруашылықтардың көбінде сүрлем мен пішендеме өндірісі жоқ, құрамажем жеткіліксіз жағдайда, әсіресе, кейінгі жылдары негізінен азықтық мақсаттарға бидайдың басымдылығымен және майлы тұқымға күнбағыстың үлес салмағының өсуімен ауыспалы егістер игерілген-діктен, ауылшаруашылық жануарларды толыққанды теңгерімді қоректендіру проблемасы өзекті болып қалуда. Қорытындысында, жануарларды қорек-тендіру рационы сапасының кемдігі және теңгерімсіздігі асыл тұқымды малдың гендік әлеуетінің айқындалуына жол бермейді, сол себепті олардың өнімділігі де төмен. Селекциялық-асыл тұқымдық, соның ішінде қолдан ұрықтандыруды енгізу жұмысы тиімсіздігінің тағы бір себебі – тұрғындар арасында ұйымдастыру және түсіндіру жұмысының жеткіліксіздігі, қолдан ұрықтандыруды қолдану мониторингі жоқ, малды бағып-күту технология-сындағы проблемалар.

Ауыспалы кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, маусымдық жайылымдарды пайдаланып, ауылшаруашылық жануарлардың жайылу орындарын ауыстыру мүмкіндігін шектеді, малды бағу елді мекендер және оларға жақын суаттар маңында шоғырланды. Ауылдар жанындағы жайылым-дарға шектен тыс жүктелім түскені байқалады, бұл олардың тозу процес-стерін дамытады.

Аймақтың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жануарларды сою ережелері талаптарына сәйкес, облыста 115 сою пункті мен алаңшасы жұмыс істеуде немесе қамтамасыз ету 66,5 % құрайды. Мал өліктерін пайдаға жарату үшін 255 мал қорымы бар, немесе қамтамасыз ету 64 %. Ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ветеринарлық мамандар штатымен 86,3 % жинақталған.




    1. Негізгі проблемаларды талдау

Экономика дамуының позитивті нәтижелеріне қол жеткізілгенімен, салада бірқатар проблемалар бар:

- бірқатар ұсақ шаруашылықтарда қарапайым агротехнологиялардың қолданылуы;

- сұрып жаңартуды және сұрып ауыстыруды жүргізудің жеткіліксіздігі;

- техникалық жабдықталудың төмендігі және химияландыру деңгейінің төмен болуы;

- ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтамау;



- жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштар алқабын қысқарту;

- жарма дақылдары мен шөптердің аудандастырылған сұрыптары бойынша тұқым шаруашылығын жеткіліксіз ұйымдастыру;

- селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс деңгейінің төмен болуы, ауыл-шаруашылық жануарларды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмысының жет-кіліксіздігі;

- жемшөп базасының нашар болуы, қоректендіру рационының тең-герімсіздігі;

- өндірістің шағын тауарлығы және орта және ірі тауарлық өндірісті мамандандырылған шаруашылықтардың жеткіліксіз дамуы.


    1. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Ауыл шаруашылығын дамытуға әсер ететін факторлар:

сыртқы:

астық пен мұнай бойынша әлемдік бағаларға, сыртқы нарықта өнімге деген сұранысқа тәуелділік;

ауа райылық-климаттық жағдайларға тәуелділік;

ішкі:


егіс сапасы – облыс бойынша егістік сапасы салыстырмалы түрде төмен: бонитеті - 18 балл, егістік алқаптардың тек 10 %-ы ғана - 30 балл, тыңайтқыштарды енгізу, ылғалресурссақтау технологияларын енгізу түрінде құнарлылықты арттыру шаралары қажет;

саланың техникалық жарақталуы - ескірген машина-трактор паркі, жылына техниканың 8-10 %-ға жуығын жаңарту талап етіледі;

суару жүйесінің жағдайы – суару желілері мен арналарының тозу деңгейі жоғары, инвестицияларды тартумен суару жүйесін қалпына келтіру керек;

теңдестірілген жемшөп базасының болуы – жемшөп базасы нашар, егістік құрылымдарында жемшөп дақылдары үлесін көбейту талап етіледі, жыл сайын әр ауданда 1000 га алқапта жемшөптер өсіру, суаруда жемшөп өндірісін дамыту, құрама жем зауыттарын салу және жетілдіру керек;

ауылшаруашылық малдарының өнімділігі - ауылшаруашылық малда-рының өнімділігі төмен болып қалуда, асыл тұқымды мал шаруашылығын әрі қарай дамыту, жоғары өнімді мал сатып алу керек;

өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық жабдықталуы - технологиялық құрал-жабдықтарының табиғи және физикалық тозуы жо-ғары, желілерді жетілдіру және жаңаларын енгізу қажет;

қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен қамтамасыз етілуі – шикізаттың, әсіресе сүттің, түсуінің маусымдылығы мен бірқалыпты болмауы, ірі сүт-тауарлық және басқа да мал шаруашылығы кешендерін салу керек;

маркетингілік қамтамасыз ету – кәсіпорындарды маркетингілік қамта-масыз ету нашар, ақпараттық-маркетингілік қызмет саласын дамыту қажет;

дайын өнімнің орауыш және дизайн бойынша нарық сұранысына сәй-кестігі – сауда желісі арқылы өнімдерді сату қосымша өңдеусіз және ұсақ бөлшектеп ораусыз жүзеге асырылады, бөлшектеп орау және орауыш бойынша қазіргі заманғы технологиялық желілерді сатып алу талап етіледі, ИСО сапа менеджменті жүйесін енгізу керек;

қолжетімді кредиттік желілердің болуы – тиімді ұзақмерзімді кре-диттер жоқ, өйткені ауыл шаруашылығында инвестициялардың өтелу мерзімі ұзақ, айналым қаражаты жеткіліксіз, мамандандырылған Агробанк құру, шағын кредиттеуді кеңейту, кепілдік мүлікке қойылатын талаптарды, ауыл шаруашылық субъектілері үшін техника мен құрал-жабдықтардың қаржылық лизингі шарттарын қайта қарау керек.



2-стратегиялық бағыт. Жергілікті өндірістің бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өнімдерін шығарып, ауылшаруашылық өнім-дерін дайындау және қайта өңдеу жүйесін дамыту
2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет өрісін дамытудың негізгі параметрлері
Тұтынудың ұлттық нормаларына және облыстық статистика департа-ментінің деректеріне сәйкес, облыс тұрғындары азық-түліктің негізгі түрле-рімен, картоп және көкөністермен толық қамтамасыз етілген.


Р/с №

Өнім түрлерінің атауы

Өлшем бірлігі

Тұтыну стандартта-рына сәйкес облыс тұрғын-дарының қажеттілігі,

мың тонна

2008 ж. өнімдерді өндіру


2008 ж. қамтама-сыз етілу %

1

2

3

4

5

6

1

Бидай

Мың тонна

112,2

112,4

100,0

2

Картоп

Мың тонна

52,4

138,6

265,0

3

Көкөніс-бақша дақылдары

Мың тонна

74,8

78,6

105,0

4

Күнбағыстың

майлы тұқымы



Мың тонна

17,7

17,7

100,0

5

Ет

Мың тонна

35,9

39,6

110,0

6

Сүт

Мың тонна

194,6

301,0

155,0

7

Жұмыртқа

Млн. дана

103,9

133,6

128,0

Балық және балық өнімдеріне қажеттілік импорттық жеткізілім, сары май, ірімшікке – үй жағдайында өндіру, сондай-ақ облыстан тыс аймақтардан әкелу және импорттық өндіріс есебінен, күнбағыс майына - облыстан тыс аймақтардан әкелу және импорттық өндіріс есебінен жабылады.

Ауылшаруашылық өнімдерді дайындау және қайта өңдеу желісі дамыған: 319 дайындау пункті жұмыс істейді, оның ішінде қазіргі заманғы технологиялық құралдармен жабдықталған 107 тұрақты. Ет пен сүтті өндіру, дайындау, қайта өңдеу және сату бойынша 16 ауылдық тұтынушылар кооперативі (АТК) құрылды, оның ішінде 10 - “Аграрлық кредиттік корпо-рация” АҚ арқылы және 6 – АТК қатысушыларының қаражаты есебінен, сондай-ақ 3 ауылдық дайындау орталығы.

Облыста жалпы сыйымдылығы 71,7 мың тонналық 77 көкөніс қоймасы бар, оның ішінде сыйымдылығы 26,6 мың тонналық 8 - қазіргі заманғы желдеткіш және салқындатқыш жүйесімен жаабдықталған.

Халықаралық ИСО және ХАССП стандарттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін облыстың 13 кәсіпорны енгізді, тағы 5 кәсіпорын сапа менеджменті жүйесін енгізуге өндірісті әзірлеу және дайындау сатысында тұр.

Ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу өнімдері келесі көлемде өндірілді: 2009 жылы 25,2 млрд. теңге сомаға, немесе 2008 жылға 102,9 %, 2010 жылдың 9 айында - 24,1 млрд. теңге, немесе 212,3 %. 2009 жылмен салыстырғанда, еттен консервіленген және дайын өнімдерді өндіру 7,2 %-ға, дәнді дақылдардан ұн 43,7 %-ға, жармалар 2,4 есеге, өсімдік майын өндіру 11 %-ға өсті. Ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу бойынша облыста барлығы 270 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 402 цех бар, оның ішінде:



Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша:

қуаты 1154,5 мың тонналық 57 диірмен, Павлодар қаласының үлесіне барлық өндірістің 95,8 % тиесілі. Ұнды негізгі өндірушілер Павлодар қала-сында (“Дручинин” ЖШС, “Аслан” ЖШС, “Группа Интер” ЖШС, “Ұлан” ФШ, “Мука Казахстана” ЖШС және басқалары) және астық өсіретін Ертіс, Железин, Качиры, Успен және Шарбақты аудандарында орналасқан. Ұн Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан және т.б. елдерге жеткізіледі (2009 жылы 15,7 мың тонна экспортталды);

нан мен нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша қуаты 60,4 мың тонналық 184 объекті, Павлодар қаласының үлесіне 43 % келеді. Облыс орталығын 52 %-ға “ПНТК” ЖШС (қуатының 34,6 %-ы пайдаланылады), сондай-ақ “Аслан” ШҚ, “Мука Казахстана” ЖШС, “Группа Интер” ЖШС кәсіпорындары қамтамасыз етеді;

макарон өнімдерін (қуаты – жылына 22,5 мың тонна) және кондитер өнімдерін (172 мың тонна) өндіру бойынша 21 объекті. Павлодар қаласының үлесіне барлық өндірістің 4,3 %-ы келеді. Негізгі өндірушілер – “КЭММИ” ЖШС (қуаты 85,8 % қолданылады), “Группа Интер” ЖШС, “Дручинин” ЖШС. Макарон өнімдері республиканың басқа өңірлеріне өткізіледі;

жарма дақылдарын қайта өңдеу бойынша 11 цех, қуаты - 452,3 мың тонна, немесе қажеттіліктен 3,2 есе көп (жылына 3,6 мың тонна). Жарманы қайта өңдеумен Павлодар қ., Павлодар және Шарбақты аудандары айналы-сады, ал ең ірі кәсіпорындар Павлодар қ. шоғырланған: “Жарма” жарма зауыты ЖШС, “Ноко” ЖШС, “Мука Казахстана” ЖШС, “Колос” ЖШС (олардың жылдық қуаты - 72,5 мың тонна, жүктелуі - 7,4 %. Павлодар ауда-нында - “Зерноград” ЖШС, Шарбақты ауданында - “Шарбақты элеваторы” АТО ЖШС және “Желнеркевич” ЖК. Жарма Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және басқа облыстарға жеткізіледі;

күнбағыс майын өндіру бойынша қуаты 30,2 мың тонналық 46 цех, жүктелім деңгейі - 32,4 %. Бұл облыс қажеттілігін 10,4 %-ға ғана қамтамасыз етеді (жылына 6,6 мың тонна). Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру бойынша шағын цехтар бар: Павлодар қаласында – “Налетова” ЖК, “Храпатая” ЖК, Качиры ауданында – “Щербак” ШҚ, Железин ауданында – “Неупокоев” ШҚ, Успен ауданында – “РЭГтайм” ШҚ, Шарбақты ауданында – “Победа” ЖШС. Қажеттіліктің негізгі үлесі облыстан тыс аймақтардан жеткізілетін өнімдер есебінен қамтамасыз етіледі, бұл облыста тиісті ең жаңа технологиялармен зауыттың жоқтығымен байланысты.



Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша:

шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіру бойынша қуаты ауысымына 58,1 тонналық 54 цех. Қайта өңделген еттің негізгі көлемі ірі кәсіпорындар орналасқан Павлодар қ. үлесіне келеді: “РубиКОМ”, “Акоба”, “Мясной двор”, “Золотой теленок-ПВ” ЖШС. Олардың облыстық көлемдегі үлес салмағы - 87,8 %, кәсіпорындардың жалпы қуаты - 17,4 мың тонна, жүктелуі - 80,5 %. Екібастұз қаласында етті қайта өңдеумен қуаты 2,5 мың тонналық “Екібастұз ЕҚК” ЖШС айналысады, қуатының жүктелуі - 17,3 %. Ақсу қаласында етті қайта өңдеумен қуаты 1,2 мың тонналық “Выбор” ЖШС айналысады, жүктелуі - 33,5 %. Қайта өңделген еттің ең көп көлемі Павлодар, Ақсу қалаларына және Баянауыл, Павлодар, Успен және Шарбақты аудандарына тиесілі – 6,4 мың тонна, бұл жалпы өндірістің 74,3 %-н құрай-ды. Май ауданының “Көктөбе” АТК етті консервілер өндіріледі (бұқтырыл-ған ет), қуаты – тәулігіне 4000 құты (меншікті және тұрғындардан сатып алынған шикізат);

сүт өнімдерін өндіру бойынша 25 объекті (жылына 453 мың тонна). Ең көп өндіріс маусым-шілде айларына келеді, осы кезеңде кәсіпорындардың жұмыспен қамтылуы 80 %-ға дейін өседі. Кәсіпорындардың жұмыспен жүк-телуінің ең аз пайызы - қараша, желтоқсан, қаңтар (қаңтар айында сүттің 27-28 %-ға дейіні бұзауларды қоректендіруге кететінімен, қараша-желтоқсанда – аналық мал басының негізгі бөлігін жіберумен байланысты). Осы кезде қуаттардың жүктелімі 44-48 %-ға дейін төмендейді, шикізат облыстан сырт аймақтардан сатып алынады және құрғақ сүт қолданылады. Қайта өңделген сүттің негізгі көлемі Павлодар қ. үлесінде (ірі кәсіпорындар: “Сүт” АҚ, “Павлодармолоко” АҚ, “МолКОМ - Павлодар” ЖШС). Облыс орталығында қайта өңделген сүттің үлес салмағы – 73,8 %, сары май өндіру – 95 %, ірім-шік пен сүзбе - 86,5 %. Павлодар қ. кәсіпорындарының жалпы қуаты - 110,9 тонна, жүктелімі - 88,5 %, жалпы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары бойынша (83 %). Качиры, Баянауыл, Железин, Павлодар, Успен және Шар-бақты аудандарында шағын-сүт зауыттары бар;

тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша 4 объект (ауысымда 11,6 тонна). 2009 жылы Екібастұз қаласында, тері шикізатын 3-түрлі хромдық илеу жартылай фабрикатына дейін қайта өңдеу бойынша, айына 16 мың дана тері өңдеу қуаттылығымен, «КазЭкспортКожа» ЖШС-ның зауыты іске қосылды. Италиялық өндірістің технологиялық құрал-жабдықтары орнатылды. Облыс-тың барлық аудандары, ішінара Шығыс-Қазақстан, Ақмола облыстары шикізат сатып алумен қамтылды. Дайын өнімдер Испания, Италия, Қытай, Ресейге (Мәскеу) экспортқа шығарылады;

Железин ауданында қой терісін қайта өңдеу бойынша “Шайдуллин” ЖК цехы жұмыс істейді. Үлбір бұйымдар (қысқа тондар, тондар), аяқ киім-дер (унтылар) шығарылады, олар облыста да, облыстан тыс аймақтарда да үлкен сұранысқа ие: Ресей Федерациясының Омбы, Түмен қалаларына экспортталады;

Май ауданында “Көктөбе” АТК жұмыс істейді, мұнда өнеркәсіптік негізде сою пункті және қой терісін өңдеу мен үлбір бұйымдарын тігу цехы ұйымдастырылған.

Қой жүнін қайта өңдеумен ЖК Гайдучок В.М. “РОСТ” фирмасы (Павлодар қ.) айналысады. Киіз үйге арналған киіз, киізден жасалған бұйымдар, киізден жасалған автомобиль жапқышы, әртүрлі көлемді көрпе-лер мен автомобиль қаптамалары шығарылады. Өнеркәсіптік база, өндіріс-тік үй-жай, қойма, қуаттылығы 250 кг/сағ. құрал-жабдықтар бар.

2.2) Негізгі проблемалар талдауы
Негізгі проблемалар: ішкі нарықтың салыстырмалы азғантай көлемі, өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен, дайындау пункттерінің қазіргі заманғы технологиялық құралдармен жабдықталуы жеткіліксіз, қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының толық пайдаланылмауы, өнімді көтерме жеткізу-лерге бағытталу, нәтижесінде аймақтың азық-түлік нарығында шағын орам-дағы тауарларды импорттау үлесі жоғары, тазартылған күнбағыс майы өнді-рісі, көкөністерді қайта өңдеу, көкөністер, жемістер мен картопты сақтауға арналған қазіргі заманғы қоймалар жоқ; халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі.


    1. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға әсер ететін факторлар:

сыртқы:

Бірыңғай Кедендік Одаққа қосылуға байланысты, бәсекенің өсуі;

аймақ аумағының географиялық орналасуы (Ресей мен Қытайдың жақын болуы);

астық пен мұнай бойынша әлемдік бағаларға, өнімге деген сұранысқа тәуелділік.

ішкі:

ауылшаруашылық өнімдерді дайындау және қайта өңдеу кәсіпорын-дарының техникалық және технологиялық жабдықталуы - технологиялық құрал-жабдықтарының табиғи және физикалық тозуы жоғары, желілерді жетілдіру және жаңаларын енгізу қажет;



қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен қамтамасыз етілуі – шикі-заттың, әсіресе сүттің, түсуінің маусымдылығы мен бірқалыпты болмауы, ірі сүт-тауарлық және басқа кешендер салу керек;

өндірілетін өнімнің сапа және баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі - өнімдердің кейбір түрлері нарықтағы дәл сондай өнімнен бәсекеге қабілет-тілігі бойынша төмен, ИСО сапа менеджменті жүйесін енгізу, өндіріс өнімді-лін арттыру қажет;

дайын өнімнің орауыш және дизайн бойынша нарық сұранысына сәйкестігі – сауда желісі арқылы өнімдерді сату қосымша өңдеусіз және ұсақ бөлшектеп ораусыз жүзеге асырылады, бөлшектеп орау және орауыш бойын-ша қазіргі заманғы технологиялық желілерді сатып алу, дизайнын жақсарту талап етіледі;

маркетингілік қамтамасыз ету – кәсіпорындарды маркетингілік қамта-масыз ету нашар, ақпараттық-маркетингілік қызмет саласын дамыту қажет;

ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін қолжетімді кредиттік желілердің болуы – тиімді ұзақмерзімді кредиттер жоқ, өйткені ауыл шаруа-шылығында инвестициялардың өтелу мерзімі ұзақ, айналым қаражаты жеткіліксіз, мамандандырылған Агробанк құру, шағын кредиттеуді кеңейту, кепілдік мүлікке қойылатын талаптарды, агроөнеркәсіптік кешен субъек-тілері үшін техника мен құрал-жабдықтардың қаржылық лизингі шарттарын қайта қарау керек.


3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар

және нәтижелердің көрсеткіштері

 

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өсімдік және мал шаруашылықтары салаларын тұрақты дамыту

1.1-мақсат. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдері өндірісінің тұрақты өсімі негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары - 255.001, 255.006, 255.002, 255.009.011, 255.010, 255.011, 255.013, 255.014, 255.018, 255.020, 255.026, 255.027, 255.113, 255.034.011.


Р/с№

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өл-шем бірлігі

соның ішінде аралық мағынаны көрсетумен:

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 ж. (есеп)

2010 ж. (жос-пар)

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Еңбек өнімділігін 2015 жылға дейін кем дегенде

2 есеге, 2020 жылға дейін кем дегенде 4 есеге арт-тыру

Статисти-калық деректер

Мың теңге

769,0

620,0

772,0

956,0

1175,0

1428,0

1648,0

2

2015 жылға экспорттың жалпы көлемінде агарлық саланың экспорттық әле-уетін 0,9%-ға дейін көбейту

Статисти-калық деректер

%

0,7

0,7

0,7

0,75

0,8

0,85

0,9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

3

Ауыл шаруашылығының өнімдерінің жалпы қосым-ша құны

Статисти-калық деректер

Млрд. теңге

50,1

40,0

45,8

52,6

60,6

69,9

80,8

4

Ауыл шаруашылығы жал-пы өнімінің ФКИ

Статисти-калық деректер

%

140,6

80,0

105,0

106,0

106,0

107,0

107,0


Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері

1.1.1-міндет. Ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және экспорттық қуыстарды басу үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауылшаруа-шылық өнімдері мен азық-түліктің тұрақты өндірісі



Р/с№

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өл-шем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж. (есеп)

2010 ж. (жос-пар)

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

Статисти-калық деректер

Млрд. теңге

77,6

62.0

71,0

81,5

94,0

108,5

125,2

6

Жалпы алым




























7

дән

Статисти-калық деректер

Мың тонна

826,6

302,0

376,0

390,0

427,0

444,0

516,0

8

картоп

Мың тонна

231,0

230,0

236,0


255,0


265,0


276,0


287,0


9

көкөніс-бақша дақылдары

Мың тонна

99,8

89

105,0


106,0


126,0


134,0


150,0


10

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі




























1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

11

ет (малдың барлық түрі)

Статисти-калық деректер

Мың тонна

40,5

41,7

43,0


44,3


45,6

47,0

48,9


12

сүт

Мың тонна

299,1

308,1

317,3


326,8


336,6


346,7


357,0


13

жұмыртқа

Млн. дана

156,1

171,7

173,0


185,0


198,0


214,0


232,0


14

Асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтарда шоғырланған мал басының жалпы көлеміне шаққандағы үлес салмағын арттыру

Статисти-калық деректер

























15

ІҚМ

%

6,3

6,7

7,5

8,3

9

9,9

10,8

16

Шошқа

%

9

7,9

8,2

8,5

8,8

9,1

9,5

17

Қой

%

3,5

4,1

4,6

5

5,6

6

6,5

18

Жылқы

%

6

6,1

6,6

7

7,5

8

8,5

19

Асыл тұқымды шаруашылықтар санын көбейту

Статисти-калық деректер

Бірлік

35

33

34

37

40

43

46

20

Жемдік дақылдар алқапта-рын ұлғайту

Статисти-калық деректер

Мың га

246,7

255,0

260,0

262,0

265,0

268,0

270,0

21

Ветеринарлық-профилак-тикалық іс-шараларды жүргізу
Аудандар-дың есеп-тері



%

100

100

100

100

100

100

100

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері

1.1.2-міндет. Бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісінің, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу көлемінің өсімі



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

22

2015 жылға ауылшаруа-шылық шикізатты қайта өңдеу үлесі өседі:

Статисти-калық деректер

























23

ет – 43 %-ға дейін,

%

41,0

41,5

41,9

42,2

42,8

43,0

43,4

24

сүт - 34,9%-ға дейін

%

30,2

31,1

32,0

32,9

33,9

34,9

35,5

25

Қайта өңдеу өнімдерінің ИФО

Статисти-калық деректер

%

102,9

103,4

104,0

104,5

105,0

105,2

105,5

26

ЕДБ кредиттік ресурста-рының мөлшерлеме пайы-зын субсидиялау бағдарла-масына қол жеткізе алатын қайта өңдеу кәсіпорында-рының үлес салмағын (субсидиялау арқылы) келесі %-ға дейін жеткізу

ҚР АШМ

%

1,8

1,85

2,21

2,6

2,9

3,3

3,6

27

Тұтынудың жалпы көлемі-не шаққандағы импорт үлесін азайту

Статисти-калық деректер



























28

құс еті

%

80,9

79,0

77,0

75,0

73,0

71,0

70,0

29

балық және балық өнімдері

%

86,0

85,0

84,5

84,0

83,5

83,0

82,5

30

күнбағыс майы

%

75,8

72,8

70,0

67,0

65,0

64,0

63,0

31

ИСО және ХАССП стан-дарттарын енгізген кәсіп орындар санын көбейту

ҚР АШМ

Бірлік

13

13

14

15

16

17

18

Р/с№

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге

арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

1

Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану есебінен өсімдік шаруа-шылығы өнімдерінің өнімділігін, сапасын және көлемін арттыру

х

х

х

х

х

2


Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану есебінен мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін, сапасын және көлемін арттыру

х

х

х

х

х

3

Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану есебінен суармалы жер алқаптарын көбейту, олардың жабдықталуын жақсарту

х

х

х

х

х

4

Базалық тұқым шаруашылықтарын құру есебінен жарма және жемдік дақылдарының тұқым өсіру шаруашылықтарын дамыту

х

х

х

х

х

5

Әр ауданда жемдік дақылдар алқаптарын жыл сайын 1000 га көбейту арқылы тұрақты жемшөп базасын құру

х

х

х

х

х

6

Облыста ірі және орташа тауарлық шаруашылықтар құруға жәр-демдесу

х

х

х

х

х

7

Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс, соның ішінде ІҚМ кең ауқымды селекциясы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, деңгейін жоға-рылату
















8

Шығарылатын өнімдердің ассортименттін кеңейтумен және бәсекеге қабілеттілігін арттырумен ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын ұлғайту

х

х

х

х

х

9

АӨК менеджмент пен маркетингті дамыту

х

х

х

х

х

10

Ауылшаруашылық өндіріске инновациялық технолоияларды енгізуге және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңартуға жәрдемдесу

х

х

х

х

х


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Р/с №

Басқарманың стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

3

1

1-стратегиялық бағыт. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өсімдік және мал шаруа-шылықтары салаларын тұрақты дамыту

2

1.1-мақсат. Өсімдік және мал шаруашылық-тары өнімдері өндірісінің тұрақты өсімі негі-зінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекет Басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы “Жаңа он-жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Қазақстан халқына Жолдауы.

3

1.1.1-міндет. Ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және экспорттық қуыстарды басу үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің тұрақты өндірісі

Мемлекеттiк Басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы “Дағдарыс-тан жаңару мен дамуға” Қазақстан халқына Жолдауы.


4

1.1.2-міндет. Бәсекеге қабілетті өнімдер өндірі-сінің, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу көлемінің өсімі

Мемлекеттiк Басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы “Дағдарыс-тан жаңару мен дамуға” Қазақстан халқына Жолдауы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет