Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры



бет14/116
Дата04.03.2016
өлшемі9.06 Mb.
#41143
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116

Пререквизиттер: психология, әлеуметтік психология, әлеуметтану, еңбек психологиясы.

Постреквизиттері: осы пәнді оқу кезінде алған білімдер бірін бірі толықтыратын конфликтология психологиясы және сөйлеу психологиясы білімін меңгеруге негіз болады..

Курстың мазмұны: Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы. Аталған мәселені зерттеудің қажеттілігі неде: қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Қарым-қатынас барысында вербалды емес белгілерді ескеру, болашақ психологқа диагностикалық мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Мақсаты – Тұлғааралық коммуникация, топаралық өзара әрекеттестікті қалыптастыру, кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас ережелері мен техникаларын қолдану шеберлігін меңгерту. Кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеруде қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

- қарым-қатынас туралы нақты және ғылыми реттелген түсініктері;

- негізгі кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеруде қарым-қатынастың

маңыздылығын меңгере алу;

- практикалық іс-әрекетте туындайтын қолданбалы міндеттер туралы нақты ойлар қалыптастыру;

- білімгерлердің мамандықты игеруі бойынша кәсіби практика шартын меңгеру және дағды, білімгерлердің тәжірибесі және өзіндік жұмыстарын реттеу.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Смирнова Е.Е. Психологя общения. СПб, Каро. 2005.

2. Леонтьев А. А. Психологя общения. Москва 1997.

  1. Дорович А. В. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Москва 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Жантану негіздері Жарықбаев Қ.Б. Алматы 2002

  2. Психология общения Смирнова Е.Е. СПб – 2005

  3. Воспитателю о психологии и психогигиене общения Добрович А.Б. Москва-1987 ж

Оқыту әдістері: интерактивті әдістер, тестілеу.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Тұрдалиева Ш.Т., Сабралиева Ж.Т.

Дағдарыстық күй психологиясы. (Психология кризисных состоянии. Psychology crisis condition)

Пререквизиттер: Жалпы психология, әлеуметтік психология, практикалық психология, психотерапия.

Постреквизиттер: Тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, психологиялық кеңес беру.

Курстың мазмұны: ХХ ғасырда түрлі дағдарыс кезеңдері, күтпеген оқиғалар, яғни әлеуметтік жағдайда болатын психикалық қысым, психологиялық кезеңдер жайлы түсінік қалыптастыру. Психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерінің теориясы мен әдістемесін қарастыру. Дағдарысты жағдайдан шығудың тиімді жолдарын көрсету.

Мақсаты:

Психофизиологиялық әлсіреу, психоэмоционалды өшу, тығырыққа тірелу, депрессияға түсу жағдайларынан шығару жолдарын меңгерту, Соққыдан кейінгі стрестік бұзылысты анықтау, суицидалды мінез-құлықты алдын-алу және анықтау .



Міндеттері:

- Адамдардың дағдарысты жағдайында жұмыс жасау ерекшеліктерін теориялық негіздеу;

- Дағдарысты жағдайда психологиялық көмек көрсетуді меңгертуі;

- Дағдарысты жағдайдан шығуда психотерапияны қолдану (әскерде, тұрмыста соққы алғандармен) ерекшелігін меңгерту;



- Жақынын жоғалту кезеңдерімен жұмыс ерекшелігі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бурлачок Л.Ф., Коржова Е.Ю. Психологическая жизненных ситуаций М., Российское педагогическое агенство 1998.

  2. Василюк Ф. Психология переживания: анализ преодоления критических ситуаций М.: изд. Моск. ун-та 1984

Қосымша әдебиеттер:

  1. Асанова Н.К. (ред) Руководство по предотвращению насилия над детьми. М.: Владос 1997

  2. Алексеева Л.С. Психологическая помощ пострадавшим от семейного насилия: Научно-методическое пособие М.: ГомНИИ семьи и воспитание 2000

  3. Арьес Ф. Человек период лицом смерти. М.: 1992

4. Маликина-Пых И.Г. Психосоматика. Новейшой справочник. СПб.-М., Сова-Эксмо, 2003

Оқыту әдістері: миға шабуыл, есеп шығару, шығармашылық тапсырмалар.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Ускенбаева Ж.А., Бизақова Ф.Ә.
3 КУРС


5 семестр-18кредит

цикл

код

пән атауы

кр

цикл

код

пән атауы

кр

Міндетті компонент-14 кредит

Таңдау компонент-4 кредит

Базалық пәндер

DР 3210

Дифференциалды психология

3

Базалық пәндер

ВР 3216
IEP 3216

Басқару психологиясы

Ықпал ету психологиясы



2

РN 3211

Психодиагностика негіздері

3

МР 3212

Медициналық психология

3

РТ 3218

РМРJ 3218



Психология тарихы

Пенитенциарлық

мекемелерде психологиялық жұмыс


2

РКN 3213

Психологиялық кеңес беру негіздері

3

Кәсіпт-ру пәндері

МР 2301

Мамандану практикумы

2

6 семестр-16 кр

Міндетті компонент-10 кредит

Таңдау компонент-6 кредит

Базалық пәндер

ЕР 3214

Еңбек психологиясы

3

Базалық пәндер

РIР 3219
ВВJPK 3219

Педагогикалық іс-әрекет психологиясы

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет



2













БМОППК 3223

Бейінді мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық қолдау

2













KRKTK 3209
KRAKBB 3209
КК3209

Қазақстан Республика-сында көптілді тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республика-сында және әлемде көптілді білім беру

Қазақстан құқығы


2

Кәсіптендіру пәндері

МР 2301

Мамандану практикумы

3

ZР 3305

Заң психологиясы

2

SР 3306

Саяси психология

2
















PPSUPSh

3221


ОPS12Sh 3221

ОА 3221


Психологическое сопровождение учащихся профильной школы

Психологическая служба в сфере образования

Основы акмеологии







Басқару психологиясы. (Психология управления. Psychology of management)

Пререквизиттер: Жалпы психология, Әлеуметтік психология, Практикалық психология, Психотерапия.

Постреквизиттер:Тұлға психология, Даму психологиясы, Психологиялық кеңес беру.

Курстың мазмұны: Адамдық ресурстарды басқару, жетекші іс-әрекетінің құрылымдық-психологиялық аспектілерін ашу, болашақ мамандар бойында басқару өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру

Басқару жүйесіндегі психологиялық білімдердің маңызын ашу;

Білімгерлерді басқару іс-әрекетінің құрылымы және негізгі функцияларымен таныстыру;

Білімгерлер бойында басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.



Мақсаты: нарықтық экономиканың алғы шарттар ретінде басқару міндеттерін шешудің түрлі аспектіде талдауға мүмкіндік береді. Осы курс барысында алынған психологиялық білімдер жүйесін мамандар өндірісте және іскерлік қарым-қатынаста ұтымды пайдалануды меңгертетін болады. Мазмұны жағынан басқару іс-әрекеті күрделі, әрі жан-жақты жоспарда қарастырылады.

Міндеттері:

- Басқару психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, жетекші іс-әрекетінің құрылымдық-психологиялық аспектілерін ашу, болашақ мамандар бойында басқару өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру

- Басқару жүйесіндегі психологиялық білімдердің маңызын ашу;

- Білімгерлерді басқару іс-әрекетінің құрылымы және негізгі функцияларымен таныстыру;

- Білімгерлерді бірлестік құрылымдар ерекшеліктерімен таныстыру;

- Білімгерлер бойында басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.



Негізгі әдебиеттер:

1. В.И.Лебедев. Психология и управление. М.: 1990

2. Д.Карнеги Как завоевывать друзей и оказать влияние на людей. Нью-Йорк, 1966

3. Курс практической психологии. Авт-сост.Р.Р.Кашапов.- Ижевск.: Изд Удм. ун-та, 2000

4. Б.Грасиани. Карманный оракул. М.: Наука, 1984

Қосымша әдебиеттер:

1. Межгрупповые взаимодействия. Социально-психологические проблемы Агеев В.С М., 1990

2. Справочник по психологии управления Власова Н Новосибирск, 1994

3. Психология управления Кабаченко Т.С М.,1997

4. Психология управления Розанова В.А М.,1997

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру, тренинг.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Оразбаева А.Ш., Бизақова Ф.Ә.

Ықпал ету психологиясы (Психология влияния. Psychology of the influence)

Пререквизиттер: Жалпы психология, Әлеуметтік психология, Практикалық психология, Қарым-қатынас психологиясы.

Постреквизиттер:Тұлға психология, Даму психологиясы, Психологиялық кеңес беру.

Курстың мазмұны: Қазіргі кезеңде тұлға мотивациясының жүйесін талдау, ақпараттарды игеру және шешім қабылдаудың ғылыми бағыттарын ұсынады. Білімгерлерді басқару іс-әрекетінің құрылымы және негізгі функцияларымен таныстыру; Білімгерлер бойында басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: Мамандарға өндірісте және іскерлік қарым-қатынаста ұтымды пайдалануды меңгерту. Мазмұны жағынан ықпал ету іс-әрекетін жан-жақты жоспарда қарастыру.

Міндеттері:

- Ықпал ету психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, жетекші іс-әрекетінің құрылымдық-психологиялық аспектілерін ашу, жеке мотивация өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру

- Ықпал ету жүйесіндегі психологиялық білімдердің маңызын ашу;

- Тұлғаны басқару іс-әрекетінің құрылымы және негізгі функцияларымен таныстыру;

- Басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және әлеуметтендіру.

Негізгі әдебиеттер:

1 Р.Чалдии. Психология влияния – СПб.: Изд. «Питер», 1999.

2. Д.Карнеги Как завоевывать друзей и оказать влияние на людей. Нью-Йорк, 1966.

3. Курс практической психологии. Автор-сост.Р.Р.Кашапов.- Ижевск.: Изд-во Удм. ун-та, 2000.

4. Психология управления Розанова В.А М.,1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. В.И.Лебедев. Психология и управление. М.: 1990.

2. Межгрупповые взаимодействия. Социально-психологические проблемы Агеев В.С М., 1990.

3. Справочник по психологии управления Власова Н Новосибирск, 1994

4. Психология управления Кабаченко Т.С М.,1997.

5. Б.Грасиани. Карманный оракул. М.: Наука, 1994.



Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру, тренинг.

аралық бақылау академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі.



Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Бизақова Ф.Ә. Оразбаева А.Ш.

Психология тарихы (История психологии. History to psychologies)

Пререквизиттер: Педагог-психологтың кәсіби білімі «Психология тарихы» курсымен танысудан басталады. Оны жемісті меңгеру үшін «Философия», «Социология», «Әлеуметтік психолгия» пәндерімен таныс болуы қажет.

Постреквизиттер: Студенттің оқу процесінде алған білімдері «Әлеуметтік психология», «Этнопсихология», «Педагогикалық психология», және т.б. пәндерді меңгеруіне жағдай жасайды.

Мазмұны: Қазіргі кезде психология тарихын білу, білімгерлерге психологиядағы ұлы ежелгі ойшылдардың ғылыми зерттеулері мен қазіргі жаңаша психологиялық бағыттары және салалардың даму кезеңдерін оқыту қажеттігі туындап отыр. Әрбір ғылымның өзіне тән тарихы бар екенін ескерсек, психология ғылымыныңда сан ғасырлар бойы дамыған жолдарын, оның қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың тарихын білу мақсаты курстың бастапқы мәселесі.

Мақсаты: Психология ғылымының даму тарихын тереңдете оқыту.

Міндеттері:

- Болашақ педагог-психолог мамандарды психология тарихының ілкі бастауларымен таныстыру.

- Қазақстандағы психология тарихымен таныстыру.

- Психология ғылымының тарихи зерттеулеріне талдау жасау.

- Психология тарихына қажетті білім дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Қ.Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы «Қазақстан» 1996

  2. М.Г.Ярошевский История психологии. Москва «Просвещение» 1989

  3. М.Г.Ярошевский Историии психологии от античности до середины ХХ века. Москва, «Академия» 1997

Қосымша әдебиеттер:

1.А.Н.Ждан «История психологии от античности до наших дней» Изд. Московского Университета 1990г.

2. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История, тенденция, состояния современной психологии, Уч.пособие для высшей школы. М.,1994.

3. История современной психологии ПитерСПб-1998.

4. Якунин В.Я. История, тенденция, состояния современной психологии. М., 2001.

5. Поршнев Б.Ф. Социальная психология и история. М., 1996.



Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: Сейдалиева Г.Ш., Оралымбетова Г.Ү.

Пенитенциарлық мекемелерде психологиялық жұмыс (Психологическая работа в пенитициарных учреждениях. Psychological work in рeniticiarnyy institutions)

Пререквизиттер: психология, эксперименттік психология, еңбек психологиясы, мамандану практикумы, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы.

Постреквизиттері: практикалық психология, кеңес беру психологиясы, психологиядан практикум, коррекциялық психология

Курстың мазмұны: Қазіргі таңда пенитенциарлық мекемелердегі бала санының көбеюіне байланысты аталмыш мекемелердегі практикалық психологтардың қызметінің маңыздылығы артуда. Сондықтан бұл мәселе білім беру мекемелерінде психолог қызметін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

Мақсаты – пенитенциарлық мекемелерде психологиялық жұмыстың мәні және мазмұны жайлы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар аталған мекемелерде диагностикалық зерттеулер жүргізу ерекшеліктерін ашу, психопрофилактикалық, психокоррекциялық жұмыстарды, психологиялық кеңес беру, психотерапия элементтерін ұйымдастыра білу іскерліктерімен қаруландыру болып табылады.

Міндеттері:

- психолог пен пенитенциарлық мекемелер әрекетін бір-біріне сәйкестендіру;

- диагностикалық зерттеу, түзету жұмыстарын жүргізу;

- практикалық іс-әрекетте туындайтын қолданбалы міндеттер туралы нақты ойлар қалыптастыру.



Негізгі әдебиеттер:

1. Штольц Х, Рудольф Р. Как воспитывать нравственное поведение? Кн. для учителя / пер с нем. М., 1986

2. Малкина-Пых И.Г. Справочник практического психолога М.: Изд-во Эксмо, 2006

3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.Прос 1995.



Қосымша әдебиеттер

1. Воспитание трудного ребенка /Под ред М.И.Рожкова М., «Владос» 2001.

2. Трудный подросток / под ред доктора пед. наук Г.А Уманова. Алма-Ата "Рауан" 1990.

3. Формирование личности в переходной период от подросткового к юношескому возрасту / Под ред. И.В.Дубровиной. М., 1987



Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.Ү.

Педагогикалық іс-әрекеттің психологиясы. (Психология педагогической деятельности. Psychology to pedagogical activity)

Пререквизиттер: жалпы білім беретін мектеп бағдарламасынан «Биология», «Қоғамтану», «Әдеп және жантану» пәндерімен таныс болуы қажет.

Постреквизиттер: Білімгердің оқу процесінде алған білімдері «Психология», «Педагогика», «Жас ерекшелік психологиясы» және «Психодиагностика» пәндерін меңгеруі барысында толықтырылуы қажет.

Курстың мазмұны: Педагогикалық іс-әрекет психологиясы пәні оқыту және тәрбие жүйесінде оқытушының педагогикалық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруын оқытатын психологияның бір саласы болып табылады.Білімгерлерге әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттің, педагогикалық шеберліктің және педагогикалық қызмет барысындағы, пеадгогикалық қарым-қатынастың тиімді, нәтижелі міндеттерін шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқытуды. Пән оқытушының тұлғалық қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру, білім жағдайларында педагогикалық іс-әрекеттің позитивті мүмкіндіктерін меңгертуді көздейді. Білімгер оқыту мен тәрбие жүйесінде оқытушының тұлғалық дамуы мен қалыптасу заңдылықтарымен, педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратегияларымен танысып, білім жағдайларын болжау мен диагностикалауды, оқытушының іс-әрекетін психологиялық, педагогикалық талдауды оқып үйренеді.

Мақсаты: Оқыту және тәрбие жүйесінде оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау

Міндеттері:

- Ағартушылық саласындағы әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттің өнімді ұйымдастырылуының маңызы, практикалық міндеттерді шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқыту;

- Педагогикалық іс-әрекет психологиясының негізгі зерттеу обьектілері-оқыту психологиясы, мұғалім психологиясын теориялық түрде талдау негізінде білімгерлерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

- Тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру;

- Білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгерту.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Петровский А.В. «Педагогикалық және жасерекшелік психологиясы» Алматы 1987

  2. Зимняя И. «Педагогикалық психология» Алматы, 2005

  3. Мұқанов А. «Жас және педагогикалық психология» Алматы, 1987

  4. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.: изд-во МГУ, 1990-376с.

  5. Гальперин П.Я. Введение в психологию.- М.: Изд-во МГУ, 1999.

  6. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию.- М.: Изд-во МГУ, 1996.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аверин В.А. Психология личности.- СПб., 1999.

2. Брунер Дж. Психология познания.-М.: Прогресс,1977.-412с.

3. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.:Изд-во «Институт практической психологии»,1996.-392с.



Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Болтаев А.Д., Сейдалиева Г.Ш.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет (Психологическая служба в образовании. Psychological service in formation)

Пререквизиттер: психология, эксперименттік психология, еңбек психологиясы, мамандану практикумы.

Постреквизиттері: практикалық психология, кеңес беру психологиясы, психологиядан практикум.

Курстың мазмұны: Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде қажет екенін дәлеледей білді. Осыған байланысты білім беру мекемелеріндегі практикалық психологтар қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында жиі қиындықтарды кездестіруде. Сондықтан бұл мәселе білім беру мекемелерінде психолог қызметін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

Мақсаты – білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мәні және мазмұны жайлы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар практикалық психологиялық көмек бағыттары бойынша білімдермен, диагностикалық зерттеулер жүргізу, психопрофилактикалық, психокоррекциялық жұмыстарды, психологиялық кеңес беру, психотерапия элементтерін ұйымдастыра білу іскерліктерімен қаруландыру болып табылады.

Міндеттері:

- психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекетін бір-біріне сәйкестендіру;

- оқушылармен диагностикалық зерттеу, түзету жұмыстарын жүргізу;

- педагог, ата-аналармен атқаратын жұмыс түрлерін ұйымдастыру және тб.

- практикалық іс-әрекетте туындайтын қолданбалы міндеттер туралы нақты ойлар қалыптастыру;

- білімгерлердің мамандықты игеруі бойынша кәсіби практика шартын меңгеру және дағды, білімгерлердің тәжірибесі және өзіндік жұмыстарын реттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет