Еңбекке баулу сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау
Жұмыс кезінде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жұмыс барысында олар өлшейтін және тексеретін (бақылайтын) құралдарды пайдаланады (сызғыш, циркуль, үш бұрыш сызғышы т.с.с). Бұйымдар жасағанда олар қағазды өңдеп, арнайы құралдарды қолданып жұмыс істейді. Мұны техникалық өңдеуге арналған құралдар дейді (пышақ, қайшы, біз т.с.с.).
Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге және практикалық жұмыс кезінде саусақтарға арналған жаттығулар жасалады.парта /үстел/ үстін қолмен кезек сипау;кезекпен қолдың саусақтарын ашып, жұмып, парта /үстел/ үстін үру;екі қолдың шынашағын парта үстіне параллель қойып, әр саусақты кезекпен алақанға үру сияқты жаттығулар алты жасарларға сергіту үшін пайдалы.Мұғалім сабақта әрбір оқушының қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, жұмыс істеулеріне бағыт беріп отырады. Шамамен мынандай талаптар қойылуы керек:
жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
МУЗЫКА
Достарыңызбен бөлісу: |