Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті
Психология және арнайы білім беру кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
_______________________ Каринов А.К.
«_____»________________2023 ж.
Пән бағдарламасы (SYLLABUS)
КП/ТК ІBB 3311 Инклюзивті білім беру
пән коды, атауы, циклі (МК/ЖК/БП/КП)
Модуль 8.1
модуль коды мен атауы
ББ шифры мен атауы
|
|
Курс/семестр
|
3/5
|
Кредит саны (сағат саны):
|
4 (120)
|
- дәрістер
|
15
|
- практикалық сабақтар
|
25
|
- зертханалық сабақтар
|
-
|
- БОӨЖ/БӨЖ
|
20/60
|
Аралық бақылау (емтихан) формасы
|
тест (компьютерлік)
|
Пән оқытушысы: ______________ Жубатырова Б.Т., аға оқытушы
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ______________________ 2023 ж.
Кафеда меңгерушісі ________________ Туребаева К.Ж.
Академиялық сапа департаменті _____________
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: (аты-жөні, қызметі, электронды пошта, Zoom конференцияның ID номері)
Жубатырова Ботагоз Танжарбаевна - аға оқытушы, магистр, bzhubatyrova@inbox.ru
Zoom ID 437-020-0555 пароль - 8tQ0n3
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру курсы Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын; Қазақстан Республикасында ЕБҚ балаларды мемлекеттік қолдау жүйесін; есту, көру, сөйлеу, т.б. бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын; инклюзивті білім берудегі педагогтың ролін; ЕБҚ бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысын; ЕБҚ балалардың жеке оқу траекториясын жоспарлау және инклюзивті ортада оқыту технологияларын; инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін қарастырады.
Оқыту мақсаты:
студенттерге инклюзивті білім берудің негізгі міндеттерін, ерекшелігін, қағидаларын және халықаралық тәжірибені игерту.
Оқыту нәтижелері: ОН-
1. Түрлі ауытқуы бар тұлғалар диагностикасы мен түзету жұмыстарын біледі және түсінеді;
2. Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың күнделікті өмірдегі әлеуметтік мәнді дағдыларын қалыптастыру мен танымдық қызметін жетілдіру әдістерін қолданады;
3. Түрлі ауытқуы бар тұлғалармен жүргізілетін түзету жұмыстарын талдайды;
4. Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың күнделікті өмірдегі әлеуметтік мәнді дағдыларын топтастырады;
5. Түрлі ауытқуы бар тұлғалармен жүргізілетін түзету жұмыстарын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |